Санкт-Петербургтық ортопедтер астаналық хирургтарға шеберлік дәрісін өткізді

Астана жаңалықтары: Санкт-Петербургтық ортопедтер астаналық хирургтарға шеберлік дәрісін өткізді
Дүйсенбіден бері№2 қалалық балалар ауруханасында Санкт-Петербургтен келген ортопед дәрігерлер астаналық әріптестеріне шеберлік дәрісін өткізуде. Хирургтар қолы мен аяғының дамуында туа біткен ауытқушылығы барбір жасқа дейінгі және одан асқан балаларға ота жасайды.

Шеберлік дәрісі хирургтардың бірлескен консультативтік қызметі түрінде ұйымдастырылды, бәрі бірге науқастарды тексеріп, дұрыс емдеу бағдарламасын таңдайды. Операциялық бөлмеде де бірге жұмыс істейді, ота жасау барысында процесс туралы егжей-тегжейлі айтылып, көмек көрсетіледі. Оның үстіне, қол жеткізген нәтижелер талқыланады.

— Ең бастысы — белгілі бір принциптерді үйрету. Өйткені, отаны барлығы бірдей жасайды. Бірақ жазу бір, ал істеу басқа. Адамдар отаның қалай жасалатынын көргенде, оны есінде сақтайды, бұдан кейін тек уақыт пен жеке тәжірибе ғана қажет, — дейді дейді Г.А.Альбрехт атындағы Санкт-Петербург қаласының медициналық-әлеуметтік сараптаманың ғылыми-тәжірибелік және мүгедектерді оңалту орталығының бас директоры Игорь Шведовченко.

Бұрын ата-аналар балаларды емдеу үшін ақша жинап, Ресейге баратын. Енді біз мұны өз қаламызда жасай аламыз. Астаналық хирургтар оқудан өтіп, үздік ресейлік әріптестерінің тәжірибесін үйреніп, біліктілігін арттырып, өз бетінше операция жасауға ниетті.

— Әр адам оң нәтижені әртүрлі елестетеді. Бұрынғы пациенттерімнің арасында паралимпиада чемпиондары көп. Адамдар үшін бұл үлкен жетістік. Менің арқамда олар толықтай қалыпты адамға айналған жоқ, бүгінде хирургия мүмкіндігі шексіз емес, белгілі бір тосқауылдар бар, біз қалыптасқан жағдайды түзете алмаймыз, бірақ адамды қоршаған ортаға бейімдеп, адам тағдырын өзгертіп, оның өмір сүру сапасын арттыру қолымыздан келеді, — дейді И. Шведовченко.

Жыл сайын аяғы мен қолының туа біткен ауытқушылықтары бар балалардың саны ұлғаяды. Өткен жылы Астанада 160 нәресте түрлі кемістіктермен дүниеге келген, соның ішінде алтауының қолы дұрыс дамымаған. Биыл қолы мен аяғының туа біткен ауытқушылықтармен 52 бала дүниеге келсе, оның алтауының қолында шағын ауытқушылық бар.

— Мен Қазақстан Республикасына балалар ортопедиясы мен травматологияның дамуын, пациенттерге әрқашан да ем-домның үздік нәтижелеріне қол жеткізуін тілеймін, — деді маман.

Елордалық дәрігерлер қолы мен аяғының ауытқушылығы бар балалардың ата-аналарына Қазақстанда тегін емдеу үшін квоталар алуға барлық жағдайды жасауға ниетті.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10437
Әрі қарай

Астанада 1 мамырда өтетін мерекелік шаралардың кестесі

Астана жаңалықтары: Астанада 1 мамырда өтетін мерекелік шаралардың кестесі

1 мамыр

10.00 «Татулықтың тал бесігін тербеткен» концерттік бағдарламасы
«Атамекен» Қазақстан Картасы»этно-мемориалдық кешені

11.00 А.Хайт «День рождения Кота Леопольда», ертегі
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

12.00,14.00 «Біз бәріміз, бір елміз!» концерттік бағдарламасы
Қуыршақ театры

18.00 «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА!» мерекелік концерті
«Астана Опера» МОБТ

18.00 А.Цагарели «Ханума», музыкалық комедия
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

19.00 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Саят Медеуовтың “Отаным менің” концерті
Конгресс-холл

Халықтық серуен форматындағы ашық алаңдарда өтетін шаралар


10.00-20.00 Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт пен халықтық серуен
«Қазақ елі» монументінің алдындағы алаң

10.00-23.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
Қалалық алаң

10.00-23.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
«Бәйтерек» монументінің алдындағы алаң

10.00-18.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
«Студенттік» парк

12.00-15.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
Есіл өзенінің жағалауы

2 мамыр

09.00 «Сәлем Астана!» балалар шығармашылығының республикалық фестивалінің гала-концерті
«Жастар» сарайы
Әрі қарай

Қалалық мәслихатта велоинфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Астана жаңалықтары: Қалалық мәслихатта велоинфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында экологиялық инфрақұрылым, соның ішінде воложолдар салу мәселелері талқыланды. Велосипед инфрақұрылымын дамыту қаланың экологиялық жағдайының деңгейіне ықпал етеді, сондықтан елордада велосипедпен жүретіндер санының артуы қуантарлық жайт.

Астанада велосипед қозғалысын ұйымдастыру үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бес жылдық даму жоспары әірленіп, бекітілді. Аталған жоспар аясында веложолдар салынып, прокат пункттері ашылады және т.б.

– Біз Қорғалжын тасжолынан Қарқаралы тасжолына дейін веложол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірледік, қазіргі кезде жасыл белдеу аумағының мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, жол салуға конкурс жарияланды. Шілде айының соңына дейін жолды салып бітіп, пайдалануға беру жоспарланған, — деді Астана қаласының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Исаев.

Мәслихат депутаттары бейберекет қоқыс тастау, үйлердің аулаларындағы қоқысты жинау, сондай-ақ, энергия үнемдегіш және құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған контейнерлердің жағдайына қатысты мәселелерді көтерді.

Астана бойынша 11 241 контейнер орнатылған, күн сайын 1000 тоннаға жуық қатты-тұрмыстық қалдық шығарылады. Сонымен қатар, аулаларға энергия үнемдегіш және құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 300 арнайы контейнер қойылған.

– Бүгінгі таңда жұмыстар тиімді жүргізілуде, адамдар шамдарға арналған контейнерлерді белсенді пайдаланып отыр. Күн сайын арнайы жабдықталған көліктермен шамдар шығарылып, пайдаға асырылады. Қоқыс үйінділеріне келсек, 18 сәуір — 18 мамыр аралығында экологиялық айлық өткізіледі, оның аясында елорданың шетінде орналасқан 40-тан астам қоқыс тастайтын орын анықталды, қазіргі кезде 25 жердегі қоқыс жиналды. Сенбілік барысында тағы да 13 учаске тазартылды. Сондай-ақ, «Астана орманы» қызметтерімен бірге рейдтер жүргізіліп, қоқыс шығаратын машиналар бақылауға алынды, — деді С.Исаев.

Жалпы алғанда, Астана қаласының экологиялық жағдайы белгіленген критерийлерге сай, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалған. Таза ауада демалу үшін қалада жалпы ауданы 400 гектарға жуық 9 парк, ауданы 30 гектарды құрайтын 4 желек пен ауданы 132 гектар болатын 90 саябақ бар.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10430
Әрі қарай

«Жаужүрек полк» елорда көшелерімен жүріп өтеді

Астана жаңалықтары: «Жаужүрек полк» елорда көшелерімен жүріп өтеді

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаужүрек полк» кең ауқымды акциясы өткізіледі.

Шеруге әскер мен флот ардагерлерінің, партизандардың, астыртын жұмыс істегендердің, тойтарысқа қатысқандардың, тыл еңбеккерлерінің, концлагерь тұтқындарының, қоршауда болғандардың және «соғыс балаларының» туыстары қатысады.

Қатысушылар 9 мамырда сағат 12:00 «Astanamall» СОО жанына жиналады. Шеру сағат 13:00 Тәуелсіздік даңғылының бойынан басталып, «Отан Қорғаушылар» монументіне дейін жалғасады. Сондай-ақ, монументке гүл қою салтанаты өтеді. Маршруттың жалпы ұзындығы 1,8 км құрамақ.

2012 жылы тарих факуьтетінің студенті Аида Баймақова Астана қаласы мен Ақмола облысы кәсіподағының бұрынғы төрағасы Анна Шевчукпен бірге елордада да осындай шеру ұйымдастыруды қолға алды. Бір жылдан кейін Астана қаласы «Жаужүрек полк» кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

– Бұл коммерциялық емес, саяси емес, мемлекеттік емес бастама, бұл аталары мен әкелеріне тағзым етпек болған соғысқа қатысушылардың ұрпақтарының ұсынысы. Өткен жылы акцияға 1,5-2 мың адам қатысса, биыл бұл көрсеткіш 3-5 мыңға жетед деп күтілуде, – деді А. Баймақова.

Қажетті транспаранттар мен суреттерді әр отбасы өзі дайындайды, шеруге кез келген адам қатыса алады, портреттің қажетті өлшемдері белгіленген. Полктің Астанадағы Үйлестіру кеңесі маршты ұйымдастырумен айналысады, сондай-ақ, кеңес арқылы ардагерлермен байланысып, оларға қандай да болмасын көмек пен қолдау көрсетуге болады.

Айта кетейік, алғаш рет акция Астанада былтыр 8 мамырда ұйымдастырылды. «Мәңгілік полк» акиясы әлемнің 620 қаласында өткізіледі, оған 10 астам мемлекет қатысады, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Израиль, Украина, Монғолия, Эстония, жақында бұл тізімге Канада мен Оңтүстік Корея қосылды.

Акцияға қатысу бойынша қосымша ақпарат алу үшін +77016832383 телефонына хабарласуға болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10425
Әрі қарай

Елордада «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы өтеді

30 сәуірде сағат 12.00 «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Ұлттық олимпиада комитеті елорда әкімдігімен және ҚР мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастыратын «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы басталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тамыз айында Рио-де-Жанейрода ел намысын қорғайтын отандық спортшыларды қолдау мақсатында Олимпиадаға дейін қалған 100 күн аталып өтпек.

Интерактивті форматтағы акция барысында грек-рим, еркін, әйелдер арасындағы күрес балуандары, боксшылар, дзюдошылар, ауыр атлеттер, теннисшілер, гимнасттар, каратисттер, сондай-ақ, кәсіпқой паркуршылар мен урбан мәдениетінің басқа да өкілдері өз өнерлерін ортаға салмақ.

Шараға қазақстандық танымал спортшылар, соның ішінде олимпиадаға лицензиялар жеңіп алған спортшылар да қатыспақ.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10440
Әрі қарай

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар басталып та кетті. Бүгін Астанада «Ұлттық медициналық холдингтің» ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының «Ұлы Дала елі» деп аталатын партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты — Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың мәдени-рухани құндылықтарын нығайту. Сондай-ақ, халықтың бірлігін қалыптастыру арқылы отансүйгіштікті күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді сақтау болып табылады. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы депутаттары мен ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері қатысты. Жиналғандар медицина қызметкерлерінен құралған өнерпаздардың орындауындағы концертті тамашалады.


astanatv.kz/news/show/id/47765.html
Әрі қарай

Ауыл шаруашылығы мақсатында қолданысқа берілер жерлер мемлекеттік органдар тарапынан қатаң бақыланады

Ауыл шаруашылығы мақсатында қолданысқа берілетін жерлер мемлекеттік органдардың қатаң бақылауына алынады. Бүгін Астана қалалық сотында жер кодексі талқыланған дөңгелек үстелде осындай мәлімдеме айтылды. Жиынға экономикалық соттың судьялары, прокурорлар, Әділет департаменті, жерді қорғау және пайдалану басқармасы және кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты.

Заң өкілдері елді алаң бомауға шақырып отыр. Себебі ауыл шаруашылығы мақсатында жекеменшікке өткен жер телімдерінің бейберекет пайдалануына жол берілмейді. Әсіресе 25 жылға дейін шетелдік азаматтарға жалға бөлінетін жерлер қатаң бақылауда болмақ.


astanatv.kz/news/show/id/47753.html
Әрі қарай

Түлектерге гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмыс табуға көмек көрсетіледі

Астана жаңалықтары: Түлектерге гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмыс табуға көмек көрсетіледі
Ертең, 30 сәуірде елордалық жастарға гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Астанада осы бағыттағы алғашқы бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, жастарға 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады.

Салалық бос орындар жәрмеңкесі алғаш рет наурыз айында техникалық мамандықтар бойынша өткізілген болатын. Әрбір жұмыс беруші жастарға 5-тен артық бос жұмыс орнын ұсынды.

Бұл жолы бейінді жәрмеңкеге 40-тан астам елордалық жұмыс беруші қатысады. Бұл жастар үшін гуманитарлық саладағы бос жұмыс орындарын зерттеуге және бірнеше жұмыс берушімен тікелей байланысудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.

Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер 30 сәуірде сағат 10.00-нан 13.00 дейін М.Өтемісов атындағы оқушылары сарайында кездеседі.

Жәрмеңкенің мақсаты — жоғары оқу орындары мен колледж түлектері мен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға тиімді көмек көрсету. Алдағы уақытта Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КМУ басқа салалар бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлар отыр. Олардың бағыты нарықтағы сұранысқа қарай белгіленбек. Айта кетейік, «Астана жастары» кеңінен тараған мамандықтарға да мониторинг жүргізеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10431
Әрі қарай

Астана көлік кептелісімен күреседі

Астана жаңалықтары: Астана көлік кептелісімен күреседі
Бұл аптаның ортасында елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Мемлекет басшысы келесі жылы Астанада бүкіләлемдік халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетіндігін, оған барлық мемлекеттік орталық органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары атсалысып жатқандығын баса айтты. «Бүкіл ел болып халықаралық көрмені күш салып, жоғары деңгейде өткізуіміз қажет», — деді Н.Назарбаев.

Бұдан бөлек, Президент шаһардағы көлік мәселесіне тоқталып, көлік кептелістерін шешуді тапсырды. «Қазірдің өзінде қалада көлік кептелісі қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін. Бұл мәселе пайда болды бізде. Енді осы бағытта жұмыс істеу керек. Егер қазір осы мәселені шешпесек, бірнеше жылдан соң, біздің қалада көліктік коллапс болады. Біздің елордада көлік қоятын орындардың мәселесі шешілмеген. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесі жоқ. Жылдамырақ енгізу қажет. LRT құрылысы баяу жүруде», — деп атап өтті Н. Назарбаев.

Баяндама жасаған Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков алдағы жылдары елорданың архитектуралық келбеті жаңарады және жаңа елеулі ғимараттармен толыға түсетінін жеткізді. Әуежайдың жаңғыртылуы, теміржол вокзалы, Хореография академиясы, Әбу-Даби Плаза, Жасыл аудан тұрғын үй алабы, Ритс Карлтон қонақ үйі және өзге де нысандар салынады. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, 24 қонақ үй кешені және 15 мың орынға ЭКСПО қалашық тұрғызылады.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы құрылыс барысында балабақшалардың салынуын көзден таса қылмауды тапсырды. Себебі Астана балабақшамен қамту деңгейі бойынша соңғы орындарда тұр.

«Қыруар тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр. Бұл үйлердің төменгі қабаттарында балабақша бар ма? Мұнда барлық құрылыс компанияларының басшылары отыр, біз оларға қаражат береміз, несие береміз. Біз ол тұрғын үйлердің ішінде балабақша болуын қарастырып, талап қоюымыз керек. Зәулім ғимараттар салып керек емес. Үй құрылысына рұқсат берер кезде, олардың бірінші қабаттарында балабақша салынуы тиіс деген талап қойыңыздар. Барлық әлемде солай», — деді Н.Назарбаев.

Жиын барысында ЭКСПО-қалашығындағы Қазақстан павильонының қандай болатындығы айтылды.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан павильонының тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Сфераның тақырыптың тұжырымдамасы «Болашақ энергиясы музейі» ретінде ұсынылған. 5 мың шаршы метр алаңды алып жатқан сфералық аймақ болады. Бірінде Қазақстанмен танысуға болса, екіншісі «Жасампаздық энергиясы» аймағы болып бөлінеді.

Павильонның бірінші бөлігінде Қазақстанның табиғаты, мәдениет мен тарихы, бүгіні мен болашағы ұсынылатын болады. Бұл жұмыс Мәдениет және спорт министрлігімен бірге жүргізілуде.

Ал «Жасампаздық энергиясы» аймағында отандық ғалымдардың «Жасыл экономика» тақырыбындағы үздік жобалары келушілер назарына ұсынылады. Жобаларды іріктеу жұмысымен Энергетика министрі айналысады.

«Өзіңіз мақұлдаған көрменің басты нысаны сфераның жұмыс құжаттамасы әзірлеушілер бізді сендіргендей 11 мамырда дайын болады. Содан кейін оны нақты жүзеге асыруға кірісеміз», — деді ол Елбасы Н.Назарбаевқа қарата.

inform.kz/kaz/article/2898603
Әрі қарай