Елордада «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы өтеді


30 сәуірде сағат 12.00 «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Ұлттық олимпиада комитеті елорда әкімдігімен және ҚР мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастыратын «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы басталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тамыз айында Рио-де-Жанейрода ел намысын қорғайтын отандық спортшыларды қолдау мақсатында Олимпиадаға дейін қалған 100 күн аталып өтпек.
Интерактивті форматтағы акция барысында грек-рим, еркін, әйелдер арасындағы күрес балуандары, боксшылар, дзюдошылар, ауыр атлеттер, теннисшілер, гимнасттар, каратисттер, сондай-ақ, кәсіпқой паркуршылар мен урбан мәдениетінің басқа да өкілдері өз өнерлерін ортаға салмақ.
Шараға қазақстандық танымал спортшылар, соның ішінде олимпиадаға лицензиялар жеңіп алған спортшылар да қатыспақ.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10440
Пікір жоқ әзірше