Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Астана жаңалықтары: Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Қазіргі уақытта қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылуда, деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге септігін тигізеді, деді жұма күні «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Көлік құралдарына және басқа бағыттардан келе жатқандарға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол берумен бағдаршамның қызыл түсіне көліктің бұрылуына рұқсат ету үшін нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу бойынша мәселе қарастырылуда. Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге көмектеседі,- деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша

«BusLane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.
Әрі қарай

ЭКСПО кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі

Көлік құралдары қалалық мектептердің оқушыларын тасымалдау үшін пайдаланылады, деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

ЭКСПО қарсаңында әкімдікпен көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдаған мектеп автобустары сатып алынды. Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарлануда, деп xабарлады жұма күні «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісім-шартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады,- деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша

«BusLane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.
Әрі қарай

Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызу жоспарлануда

Астана жаңалықтары: Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызу жоспарлануда

Шара барысында 8500-ден адамның, 425-тен астам ПИК-тің қатысуы және 123 теxниканы жұмылдыру жоспарлануда. ПИК және өзге де ұйымдардың басшыларымен

қала ауданын санитарлық тазалау, аудан аумағын абаттандыру, кіреберістер мен төбе жабындыларын жөндеу, қоршаулар мен қасбеттерді жаңарту, құрылыс қоқысын және тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару сынды мерзімдік күзгі-қысқы жұмыстар атқарылады.

Онымен бірге жалпықалалық сенбілік барысында 255 ағаш отырғызу жоспарлануда.

— «Есіл» ауданы бойынша 95 ағаш ("Ғашықтар" саябағында);

— «Сарыарқа» ауданы бойынша 160 ағаш (Гете және Конституция көшелері).

Айта кетейік, жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты — қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Көшелерді және аулаларды абаттандыруын жақсартуға өз үлесін қосуға, барлық қалаушы тұрғындар және қала ұйымдартырушылары қатыса алады.
Әрі қарай

«Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» акциясы аясында кең ауқымды елордада дөңгелек үстел өтті

Астана жаңалықтары: «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» акциясы аясында кең ауқымды елордада дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында өткізіліп жатқан «Құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» акциясы шеңберінде, Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері «Нұрлы-Жол» теміржол вокзалының ғимаратында теміржол вокзалының бастығы Д. Құсаинов, Астана қ. ІІДк ІІБЖБ бастығы полиция подполковнигі Е.Тұрғанбаев, Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы полиция подполковнигі Д.Елгоновтың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара барысында жол қауіпсіздігін қамтамсыз ету сондай-ақ, құқық бұзушылық пен қылмыстың жолын кесуді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қозғалды.

Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері Астана қаласының ІІДк ІІБЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы аумағындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың жолын кесіп,қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында күзету тексерісін өткізді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс тұрғылықты қарқында жалғасатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласының «Сарыарқа» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері С.Сейфуллин атындағы«Қазақ Агротехникалық университетінің» студенттеріне «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында лекция өткізді.

Студенттермен қоғамдық орындағы тәртіп ережелері, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қолданылатын әкімшілік жазалар туралы сөз қозғалды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексіне қатысты және өзге де бабтарға қатысты белсенді пікірталас өтті. Учаскелік полиция инспекторларына көмек көрсетуге бағытталғанжедел жастар жасағы отрядынажас студенттердітарту бойынша насихаттық жұмыстар жүргізілді.
Әрі қарай

Астанада қаланың үздік білім мекемелері марапатталды

Астана жаңалықтары: Астанада қаланың үздік білім мекемелері марапатталды

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Астана қаласының әкімдігі елорданың үздік білім мекемелерін марапаттады.

Бұл күні дәстүр бойынша қала әкімінің грантымен келесі аталымдар бойынша марапаттар табысталды: «Үздік мектеп», «Үздік мектепке дейінгі мекеме», «Үздік қосымша білім беру мекемесі», «Үздік колледж», «Үздік арнайы мекеме».

№3 мектеп-гимназия — «Үздік мектеп» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, №37 балабақша – «Үздік мектепке дейінгі мекеме», Балалар көркемдік мектебі — «Үздік қосымша білім беру мекемесі», «Гуманитарлық коледж» МКҚМ – «Үздік колледж», «№1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» МКҚМ – «Үздік арнайы мекеме» номинациялары бойынша жүзден жүйрік шықты.

«Арман» балабақшасының меңгерушісі Разия Әбдрахманова жүлделі болғанына таңғалды.
-Жыл сайын ұстаздар үшін мерекелік концерт ұйымдастырады. Биыл біз ерекше қуанышқа бөлендік. Себебі үздіктер қатарынан көріндік. Мекемеміз 12 жыл жұмыс істеп келеді. Бұл жеңіс біздің ұйымшыл ұжымымыздың жетістігі деп білемін, — дейді ол.
Айта кетейік, үздік мекемелерге бағалы сыйлық ретінде компьютерлер, шағын блок, арнайы түзеу білім беру үшін сенсорлы үстел, интерактивті тақталар, ноутбуктар және оқу орындарына қажетті басқа да жабдықтар табысталды.

Педагогтар мерекесі аясында балаларға оқу мен білім беруде үздік жетістіктерге жеткен ұстаздарға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі» атақтары берілді.

Астана қаласының 19 жетекші мектебі ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Олар «Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің» менеджментін, білім құрамын жаңарту және халықаралық стандарттарды енгізу барысында ауқымды жұмыстар атқарды.

Марапаттау салтанаты мерекелік концертпен жалғасты. Елордалық педагогтарға қазақстандық эстрада жұлдыздары, астаналық білім мекемелері мен Білм басқармасының өкілдері, оқушылардың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әрі қарай

1 қазаннан бастап бірыңғай такси қызметі елорда әуежайындағы бағасын төмендетеді



«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайынан алғашқы үш шақырым 1000 теңгені құрайтын болады, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов.

Әуежайдан қалаға дейінгі үш шақырым қашықтықтан асатын тасымал қымбат болады. Әрі қарай әр шақырым үшін 100 теңге қосылып отырады.

Қала бойынша ең төменгі тариф – 500 теңге. «Нұрлы жол» темір жол вокзалындағы баға 700 теңгені құрайды.

«Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай нөмірі бар чат-тобы іске қосылды. «Astana Taxi» бірыңғай такси қызметінің жұмысына қатысты өтініш пен шағым білдіргісі келген жолаушылар 8-700-555-76-07 нөміріне жаза алады», — деді елордалық жолаушылар қауымдастығының атарушы директоры Сәкен Ханхожин.
Әрі қарай

Астаналықтар " Денсаулық қалашығында" болып қайтты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар  Денсаулық қалашығында болып қайтты

Бүгін, 27 қыркүйек күні, Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде «Хан Шатыр» ОССО аумағында елорданың әр тұрғыны мен қонағына жедел тегін тексеруден өту мүмкіндігі берілген «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы өтті.

«Сау жүрек – басты байлық» ұранымен акциясы Денсаулық сақтау басқармасымен және елорданың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментімен ұйымдастырылды.

Осы іс-шараның мақсаты – халықты салауатты өмір салтын жүргізуге уәждемелеу, азаматтардың уақытылы скринингтік тексеруден уақытылы өтуі туралы ақпараттандыру, қан айналысы жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша жұмысқа алуан түрлі қоғамдық институттардың өкілдерін тарту.

Сауда орталығында ұйымдастырылған «Денсаулық қалашығы» сауда орталығы 4 аймаққа шартты бөлінген. «Денсаулық аймағында» эндокринолог, кардиолог, невропатолог қабылдады. Мұнда артерия қысымын өлшеуге, қант деңгейін, қандағы холестеринді анықтауға, май тініндегі дененің бұлшықет массасының есебімен өз денесінің масса индексін білуге болады. «Дене белсенділігі аумағында» ЕДШК дәрігерінің кеңесін алды. Ол қандайда бір өзге аурулар кезінде, атап айтқанда жүрек аурулары кезінде дене жүктемесі бойынша ұсыныстар береді. Сондай-ақ «Дұрыс тамақтану аумағы» жұмыс істеді. Мұнда келушілер нутрициолог дәрігерінің кеңесін алды. Және төртінші – «Ақпараттық аумақта» тілек білдірушілер «Асқынған қан тамыры синдромы», «Артериялық гипертония», «АҚ қалай дұрыс өлшеу керек», «Инфарктің бірінші белгілері» тақырыбында қысқа дәрістерді тыңдап, қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алды.

«Денсаулық қалашығының» мамандары сағат 18:00 дейін жұмыс істеді.

Атап өтетін болсақ, 20 қыркүйектен 29 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік жүрек күніне арналған қан айналысы жүйелері ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өтті.
Әрі қарай

Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

Астана жаңалықтары: Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

ЭКСПО көрмесі өткен үш айда елорданың сауда орталықтары мен мен ойын-сауық орталықтарына келушілер саны артып, тәулігіне 70 мың адамға жетті, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рысгүл Қауғабева.

«Сауда ойын-сауық орталықтарына (СОСО) келушілер саны бұрнағы жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Мәселен, өткен жылдардың осы кезеңінде бір күнде 33 мыңға жуық адам келсе, биыл бұл көрсеткіш тәулігіне 70 мыңды құрады. Сондай-ақ елорданың барлық сауда орталықтарында көрме кезінде кең ауқымды мерекелік шаралар өткізілді. Дәлірек айтсақ қаладағы СОСО 180-ге жуық шараны өткізді», — деді Р.Қауғабаева.

Айта кетейік, Астанада 8 ірі сауда ойын-сауық орталығы жұмыс істеп тұр.

«Көрме кезінде келушілердің санын арттыру мақсатында олар кәдесый өнімдерін сататын арнайы дүңіршектер ашып, балалар демалысын дамытты. Себебі, жаз мезгілі балалардың оқу демалысына шыққан кезі болатын. Бұдан бөлек, түрлі event шаралар өткізді. Жалпы, СОСО келушілер саны мен сауда көлемінің артқаны байқалады», — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ жаз айларына елорданың бірқатар базарлары келішулердің жайлылығы мен қолайлығы үшін жұмыс уақытын өзгеркен болатын.

«Ал базарларды алатын болсақ, мұнда да өсім көлемі 2-2,5 есеге артты. Қала базарларына келушілер саны бір күнде 15 мыңға дейін жетті. Көрме аяқталысымен қала базарлары белгіленген кестеге сейкес, бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр», — деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Р.Қауғабаева.
Әрі қарай

Бүгін Астанада жылу маусымы ресми басталды

Астана жаңалықтары: Бүгін Астанада жылу маусымы ресми басталды

Сейсенбі күні Астана әкімі Әсет Исекешев Қазақстан елордасында 2017/18 ж. жылу маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп астаналық әкімдік медиаорталығы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, Астана қаласындағы мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімімен бекітілген Астана қаласындағы жылу маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі Астана қаласында 2017 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 2017/18 ж. Жылу маусымының басталуын қаулы етті, — делінген астаналық әкімдіктің медиорталығында орналасқан қаулы мәтінінде.

Осыған орай, құжатта «Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдау тапсырылғаны айтылады.

Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетовке жүктелді.

Еске салатын болсақ, жуырда мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарына жылу беру басталды.

Алдында қалалық энергетика басқармасында елорда мектептерінің, ауруханалары мен мәдениет нысандарының жылу маусымына 100%-дайындығы туралы мәлімденген. Көп қабатты үйлер де іс жүзінде жылу қабылдауға толығымен дайын.
Әрі қарай

Астана жылу маусымына дайын

Астана жаңалықтары: Астана жылу маусымына дайын

Бүгінде елорданың энергия көздері, инженерлік желілері мен тіршілік ету нысандары 2017/18 ж. жылу маусымына дайын.

Астана қ. Энергетика Басқармасының басшысы Бактыбек Жапаев жылу маусымына жылу электр станцияларының дайындығын атап өтті.

– ЖЭО-1 бүгінде жылуға 98,5%-ға, ЖЭО-2 – 87,3% дайын, сондай-ақ күрделі жөндеу де орындалды. Аудандық қазандықтардың дайындығына келетін болсақ, онда олар 100%-ға дайын. Көмір қорларына келетін болсақ, «Астана энергия» АҚ бүгінде 20 тәуліктік қоры бар. ЖЭО-1-да бұл 50 мың тонна көмір, ЖЭО-2 – 303мың тонна. Яғни алдағы жылу маусымына біз дайынбыз, — деді Жапаев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, «Астана-Теплотранзит» АҚ да жылуға толығымен дайын.
– «Астана-Теплотранзит» бойынша күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1356 метр жылу магистрлік желілер мен 1203 м тарату желілерінің күрделі жөндеу орындалды, 2572 шаршы метр мөлшерже құбыр бетінде жылумен оқшаулауды қалпына келтіру орындалды. АҚ жылу маусымына 100%-ға дайын, – деп атап өтті Астана қ. Энергетика басқармасының басшысы.

Жалпы, жоғарыда айтқанымыздай, қалада жылумен іске қосу толық күшпен жасалады. Қазіргі уақытта әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарына жылу беру жүзеге асырылады. Бүгінде денсаулық сақтау нысандары сақтау нысандары 94%-ға, балалар бақшасы 96%-ға, мектептер –98%-ға, оқу орындары –80%-ға, мәдениет нысандары –50%-ға қосылды. Тұрғын үйлерді әзірге қосқан жоқпыз. Жеке меншік үйлер 0,4% және өзгелері – 1,2% құрайды.

Еске салатын болсақ, осы қағидаларға сәйкес осы маусымда жылуға қосылу мерзімі 27 қыркүйекте басталады.
Әрі қарай