Елорда жастары еңбекпен қамтылуда

Астана жаңалықтары: Елорда жастары еңбекпен қамтылуда

Жыл басынан бері елорданың 200-ге жуық жас маманы қалалық «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жұмыс жәрмеңкелерінің арқасында тұрақты жұмыс тапты, деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен бос орындар жәрмеңкесіне 50-ше жуық жұмыс беруші ат салысып, 100-ден астам бос орын ұсынды. Оған еңбек нарығына араласқысы келетін 1 мыңнан астам студент жастар қатысты, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Мұхамеджан Болысбек.

«Бүгінгі жәрмеңкеде жұмыс берушілер университет тәмамдаған жас мамандармен қатар, білім алып жатқан студенттерге де жұмыс ұсынып отыр. Айлық мөлшері 70-80 мың теңгенің көлемінде», — деді М.Болысбек.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер тарапынан технолог, өндіріс саласының мамандарына сұраныс басым.

«Біздің орталық жұмыс іздеген жастарды жұмыс берушілерге бағыттаумен айналысады. Тек биылғы жылдың басынан бері 400-ге тарта жас маманды жұмыс берушілерге бағыттадық. Бүгінде оның 200-ге жуығы тұрақты жұмысқа қабылданды», — деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры.

Сонымен қатар, орталық директоры жастарға арналған жұмыс жәрмеңкелері елордадағы басқа да ірі ЖОО мен колледждерде өткізілетінін атап өтті. Желтоқсан айында жастарға арналған қалалық жұмыс жәрмеңкесін өткізу көзделіп отыр.
Әрі қарай

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Астана жаңалықтары: Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Кітаптар Астана қаласынның 20 жылдығын атап өту барысында қолға алынған шаралардың басы. Бірінші кітап Саухат Жұмагүлдің «Сағындырған асылдар» атты кітабы. Бұл кітапта қазақ ұлтының өнеріне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбектері енген.

«Бұл кітапқа астанамыз Алматыдан Астана көшкенде Елордамыздың мәдени, әдеби ортасын қалыптастырып, өнер ордасын құруға атсалысқан ақын-жазушылардың ой тұжырымдары, толғаныстары еніп отыр», — деп атап өтті ішкі саясат бармасының басшысы Е.Каналимов.

Ал, қалған үш кітап блокнот ретінде шығарылған. Кітапта қаланың Бозоқтан Астанаға дейінгі қызықты, ғаламтор беттерінде жарық көрмеген тарихы айтылады. Шығарма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Оның құрылымы да айтарлықтай жеңіл болу үшін оқырманға Айя есімді робот көмектеседі.

«Астана қаласының тарихынан сыр шертетін заманауи кітап «Ел жүрегі — ажарлы қала Астана» деп аталып отыр. Кітап авторы Зәуре Төреханова. Ішінде екі кейіпкері бар екеу ара әңгімелесу арқылы Астананы таныстырып отырады», деп айтты Е. Каналимов.

Шара барысында Ерлан Каналимов оқырманның, кітап сүйер қауымның қалауымен, солар ұсынар тақырыптарға арнап кітап шығаруға біз дайынбыз соған сіздер атсалызсаңыздар деген тілегін жеткізді.

«Сіздер оқушылар, студенттер арасында сауалнама жүргізіп қазіргі заман оқырманын қызықтыратын тақырыптарды атасаңыздар. Біз оқырман сұранысына сай кітаптар шығаруға дайынбыз»,- деді ведомсво басшысы.

Шараға қаламыздың мектептерінің, колледждерінің тағы басқа білім ошақтарының кітапханашылары қатысты. Шара аясында оларға аталмыш кітаптар табыс етілді.
Әрі қарай

Астанадағы көмір сатылатын ірі орындардың мекен-жайлары белгілі болды

Астана жаңалықтары: Астанадағы көмір сатылатын ірі орындардың мекен-жайлары белгілі болды

Қатты отынды қала аудандарындағы 7 жерден сатып алуға болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Көмірді келесі мекен-жайлар бойынша сатып алуға болады: Ет комбинаты Көктал көшесі, 78 (Шұбаркөл), Жұбанов көшесі, 35 (Шұбаркөл), Сороковая станциясы Ж. Жабаев көшесі, 76 (Шұбаркөл), Герцен көшесі 6\2 (Кузнецтік Сарыадыр), Промзона, 4/39 «Кенмарттың» артында (Қаражыра), Бетон орталығы Дулатов көшесі, 182 (Қаражыра), Карьерная көшесі, 40 (Кузнецтік).

Толық ақпаратты «Жедел желінің» мына номірлері бойынша алуға болады: 55-69-17; 8-778-794-97-88; 55-68-99, 8-702-800-77-37.
Әрі қарай

Астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған

9 ай ішінде бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы өңірлік өнім 2 318,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9% өскен. ЖӨӨ үлесі ЖІӨ-10,8%-ға өсті.

ЖӨӨ жан басына шаққандағы 2 343,1 мың теңге, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары (1 198,6 мың теңге).

2 043 мың кв.м.тұрғын үй беріліп, 24,2% өсім көрсеткен.

Астанада шағын бизнесті дамыту аса маңызды санатқа жатады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту динамикалық құбылыс. Жыл басынан бері ШОБ субъектілері 7,1%, бұл ретте, олардың шығарған өнім көлемі 55,8% өскен.

Оған жұмыс орындарын ашу және көбейту сеп болған. Жыл басынан бері елордада 14 234 жаңа жұмыс орны ашылған. Соның ішінде 12 060 орын шағын және орта бизнеске тиесілі.

Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша 2017 жылдың 2 кварталында қаламызда жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 12% өсім көрсетіп 746,8 млрд теңгеге ұлғайған. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 9 ай ішінде 375,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп 7,4% өсім көрсеткен, оның ішінде өндеу өнеркәсібі 7,2%, электрмен жабдықтау 9,8%.
Әрі қарай

Астанада Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған конференция өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған конференция өтеді

27 қазанда елордада «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орайластырылған шара Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтпек. Конференцияның мақсаты: Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің, «Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған Алаш арыстарының мұраларын насихаттау, мемлекет тарихын көпшілікке дәріптеу, патриоттық қоғамды қалыптастыру.

Алқалы жиын барысында 1917 жылғы жалпы қоғамдық-саяси жағдай; Алашорда көсемдерінің қызметі; Алаш Ренессансы және ұлттық рухани жаңғыру тақырыптары бойынша баяндама жасалып, Елбасы алға тартқан «Рухани жаңғыру» идеясы мен Алаштың негізгі ұстанымдары арасындағы сабақтастық көрсетілетін болады.

Конференцияның жұмысына белгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, музей-кітапханалардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, оқу орындары мен мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері, жас ғалымдар мен мамандар, оқытушылар мен студенттер қатысады деп күтілуде.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының таратылған хабарламасында көрсетілгендей, конференция жұмысына азаматтар өз еркі бойынша да қатыса алады. Ол үшін ниет білдірушілер ұйымдастырушылармен байланысқа шыға отырып, конференция тақырыбына сай қазақ, орыс, түрік тілдеріндегі материалдары мен баяндамаларын (мақалаларын) 23 қазанға дейін e.ensebaev@astana.kz электрондық поштасына жолдауы керек.

Конференцияға қатысушыны тіркеу үлгісі
Әрі қарай

Астана қаласында барлық мекемеге жылу берілген

Астана жаңалықтары: Астана қаласында барлық мекемеге жылу берілген

Қазіргі таңда орталықтандырылған жылыту жүйесіне 5 497 ғимарат қосылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы Астана қаласы әкімдігінде өткен аппарат жиналысынан.

«Жылыту маусымы бойынша барлық мекемелер штаттық жүйеде жұмыс жасауда, барлық тұрғын үйлер орталық жылуға қосылған», — деп айтты Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Қала бойынша 2 250 көпқабатты тұрғын үй бар, барлығы орталық жылуға қосылған, барлығына жылу берілген.

Сонымен қатар мектептер, ауруханалар, мәдени ошақтар жылумен толық қамтылған.

Қазіргі күні жылуға орташа баға 2 589 теңгені құрап отыр.

Еске салайық, 2016-2017 жылыту маусымына дайындық кезіңде «Астана-Энергия» АҚ-ның басты және қосымша құрал-жабдықтарына кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі күні ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жүз пайыз қуатында жұмыс жасауда.
Әрі қарай

2018 жылы «Сарыарқа» ауданында 1200 орындық мектеп есігін ашпақ



Қазіргі таңда мектеп ғимаратына су, жылу, кәріз жүйесі сияқты инфрақұрылымдарды, электр желілерін тарту шаралары жүріп жатыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Мердігерлік компания – «Asti» ЖШС құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың сәуір айында бастады. Құрылыс алаңының учаске басшысы Бахтияр Зелтаев мәлімдегендей, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр.

«Бүгінгі күні құрылыс алаңында 120 құрылысшы жұмыс істеуде. Құрылыс жұмыстарының 50 пайызға жуығын аяқтадық. Жұмысшылар ғимараттың сыртын жабындылармен жауып, әрлеу шараларын жүргізіп жатыр. Жоспарға сәйкес, мектеп жаңа оқу жылында өз оқушылары үшін есігін айқара ашатын болады», — деді Бахтияр Зелтаев.

Сарыарқа ауданындағы Абай — Күмісбекова — Бигелдинов көшелерінің бойында бой көтеретін мектеп жобасы 3 және 4 қабатты екі ғимараттан тұрады. 1200 орындық білім ордасында акт, спорт залдары, асхана бар. Мектеп ауласы волейбол, футбол, баскетбол және ойын алаңдарымен жабдықталмақ.

Айта кетейік, мектеп құрылысының жалпы құны 1 млрд 850 млн теңгені құрайды. Бүгінге дейін аталмыш сомманың 855 млн теңгесі игерілген.
Әрі қарай

«Сергек» жүйесі қосылғалы Елордада жол-көлік оқиғасы төмендеген

Астана жаңалықтары: «Сергек» жүйесі қосылғалы Елордада жол-көлік оқиғасы төмендеген

Астанада жол көлік оқиғасы төмендеген, — деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығының тілшісі, Астана қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевқа сілтеме жасап.

«Қазіргі күнде қала бойынша жол-көлік оқиғасының төмендегенің көрудеміз. Өткен аптада 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді, біріне жаяу жүргінші кінәлі. Қаза болғандар жоқ», — деп айтты Б.Малыбаев әкімдікте өткен аппаратты жиналыста.

Оның мәліметі бойынша, өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда қала бойынша жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны төмендеген. Егер өткен жылы 18 болса, осы жылы — 8.

Жол-көлік оқиғасының төмендеуіне «Сергек» бейне-фото тіркеу жүйесі әсер еткен.

Еске салайық, «Сергек» бейне-фото тіркеу жүйесі бойынша Астана қаласында 3 435 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар, камералар көмегімен 1000 жуық жол жүру ережесін сақтамаған, қоғамдық орындарда 345 тәртіп бұзушылық, 299 алькоголді ішімдік ішу, 100 ұсақ бұзақылық жәнеде басқа 1 720 заң бұзушылық тіркеген.
Әрі қарай

Арнайы техникаға арналған сынақ

Астана жаңалықтары: Арнайы техникаға арналған сынақ

Астана әкімі Әсет Исекешевке қысқы маусым алдында көшелерді тазалау шараларының барысы мен арнайы техниканың дайындық жағдайы баяндалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордада тазалау жұмыстарын екі мердігер ұйым жүзеге асырады. «Астана Тазалық» ЖШС-де қысқы маусымға арнайы техниканың 266 бірлігі, «Астана-Зеленстрой» АҚ-да 205 бірлігі дайын. Бұдан басқа, қыс мезгілінде «Алматы» ауданында техниканың 468 бірлігі, «Есіл» ауданында 487 бірлігі және «Сарыарқа» ауданында 414 бірлігі көшелерді жинауға әзір. Барлығы 1 840 бірлік.

Астана көшелері мен жолдарын 3 000-ға тарта жұмысшы тазаламақ.

Қазіргі таңда қалада пайда болған жаңа көшелер есепке алына отырып, қала жолдары мен көшелерін тазалау бағыттары, жұмыс тәртібі қайта қарастырылып жатыр. Қыс мезгілінде қаланың орталық көшелері мен Астананың әлеуметтік нысандарына кіретін жолдарға басымдық берілетін болады.

«Алдағы қысқы маусымға біз арнайы техниканы, тұз араластырылған құм қоспасының 27 мың куб метрін, көктайғаққа қарсы реагентті дайындап, аудандар бойынша маршруттарды анықтадық. «Есіл» ауданында 7 маршрут, «Алматы» ауданында 2 маршрут, «Сарыарқа» ауданында 5 маршрут бар. Сондай-ақ, қаладан шығу жолдарында және қалың қар жауып жатқан уақытта қолданылатын құмшашушы техниканың 27 бірлігі, 8 ротор бар. Мұнымен қоса, қарды ерітетін орындар келісіліп анықталды. Қалада мұндай 3 орын дайындалады. Олардың 2-уі стационарлық, 1-уі көшпелі орын», — деп мәлімдеді «Астана-Тазалық» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Серік Жолымбетов.

Бұдан бөлек, Астанада тәулік бойы тұрғындардың тазалау жұмыстары мен қардан тазалау жұмыстары бойынша өтініштері қабылданатын кезекші «109» қызметі жұмыс істейді.
Әрі қарай

Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды

Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды

Жарық диодтарды өндірумен айналысатын «Led System Media» ЖШС бүгінгі күнге дейін 280 млн теңгенің өнімін шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
2013 жылы іске қосылған кәсіпорын жылына жарықтандыру құрылғыларының 100 мың данасын шығарады. Алайда зауыт бұдан да артық өнім шығаруға қауқарлы.

Зауыт өндіретін жарық диодты құрайтын жарықтандыру құрылғылары электр қуатын 3,5 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғыларды пайдалну мерзімі 15 жылға дейін жетеді екен. Сонымен бірге, өнімдер экологиялық тұрғыдан қарағанда таза әрі қауіпсіз болса керек. Компания оларды «Semileds» (АҚШ) технологиясы бойынша өндіреді.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
«Led System Media» ЖШС-нің бас директоры Амангелді Таукеновтың айтуына қарағанда, бұл жарық диодты құрылғыларды өндірумен айналысатын Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
Онда қуаттылығы өте жарқын жарық диодтардың айына 1 млн данасын шығаруға қауқары бар корпустендіру қатары орналастырылған. Мұндай шамдардың жарамдылық мерзімі 50 мың сағатты құрайды. Кәсіпорында, сондай-ақ, сағатына 40 мың компонентті шығаратын сыртқы монтаж қатары мен дайын өнімді құрастыратын цех бар.

«Біздің өнім бірнеше деңгейге бөлінген. Олардың бірі – жоғары технологиялық бөлім. Мұнда жарық диодтардың өзі өндіріліп, дайын өнімдер тақтаға орнатылады, толымдауыштар жасалып, құрастырылады. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен ие болған гранттың арқасында біз өндірістің вертикалды түрде құрылымын құрдық», — деп атап өтті А.Таукенов.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
Өткен жылы кәсіпорын «Ғылым қорының» грантына ие болған-ды. Жоба қоймаларға арналған нанофосформен жабылатын екінші буынды жарық диодты шамдарды дайындауға бағытталған. Аталмыш жобаның арқасында көкөністерді зауыт белсенді түрде агрофотникамен айналыса бастады. Қазіргі таңда қаржыландыру шаралары жүргізіліп жатыр.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
Кәсіпорын жетекшісінің сөздерінше, қоймаларда жарық диодты шырағдандарды қолдану жобасының іске қосылуы өсімдіктерді өсіру жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мұндай шырағдандардың көмегімен бір жылдың ішінде мол өнім жинауға болады.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
«Жоба келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жарық диодты жарықтандырудың бірегей схемасы өсімдіктің өсу жеделдігін арттырып, жиналатын өнім көлемін ұлғайтып, екпе өсімдіктің сапасын жоғарылатуға ықпал етеді. Суық климаттағы қалалар мен ауылдардың маңайында азық-түлік базасы пайда болады. Біз жыл бойы өзімізді жасанды топырақта өсірілетін көкөністермен қамтамасыз ете аламыз», — деп атап өтті А. Таукенов.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
Зауыттың бас директоры атап өткендей, аталмыш жоба кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік сыйлай алады. Франшизаны сатып алу арқылы кәсіпкерлер көкөністер өндірісімен айналыса алады.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
«Бұл жобаны дайын бизнес жоспар деп атауға болады. Біз технологиялық тізбегі бар қоймаларға арналған кешенді шешімдерді ұсынамыз. Бұл автоматтандырылған жүйе болмақ. Дәлірек айтқанда, жарық пен су уақытында беріліп тұрады. Қазіргі таңда біз жобаның коммерциялық құрамдас бөлігін есептеп жатырмыз. Шамамен, 7000 шаршы метр болатын аудан үшін оның құны 1 млн АҚШ долларын құрайтын болады. Бүгін біз сынамалы қойманың қаңқасын дайындап қойдық, — деді А.Таукенов.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
Айта кетейік, бүгінгі таңда зауытта 28 адам жұмыс істейді. Мамандар Ресей мен Қытайдың өндірістік орындарында біліктіліктерін арттырған.
Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдар өндіре бастайды
Кәсіпорын әлемдегі ірі өндірушілермен ынтмақта жұмыс істейді. Үздіктердің тәжірибесін ескере отырып, серіктестік қызметкерлері Қазақстандағы инновациялардың дамуына өзіндік үлес қосуда.

«Өзіміздің жақында ғана ашылғанымызға қарамастан, біз ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Біз елімізді үздік импорттық өнімдерге сапасы жағынан дес бермейтін отандық энергия үнемдейтін технологиялардың қол жетімділігімен қамтамасыз еткіміз келеді», — деп түйді А. Таукенов.
Әрі қарай