Елордада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылған

Астана жаңалықтары: Елордада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылған

Астана қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Е. Аманшаевтың жетекшелігімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жұқпалы ауруларды төмендету бойынша штаб отырысы өтті. Жиын барысында 15-19 жас арасындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу мәселесі қарастырылды.

Аталмыш кампанияны өткізу үшін сапалы жағдайлар жасау, иммундау мерзімі, екпе қабылдағаннан кейін міндетті медициналық бақылау жүргізу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер қарастырылды.

Қазіргі уақытта 21 580 жеткіншекке вакцина салу мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, қаланың 10 емханаларында және 7 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, сондай-ақ 110 білім беру ұйымдарында 127 екпе салу бөлмелері мен иммундау жүргізу үшін 142 жылжымалы бригадалар құрылған.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астана әкімдігінде суицидті алдын алу мәселелері талқыланды

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігінде суицидті алдын алу мәселелері талқыланды

Астана қаласының әкімдігінде әкімнің орынбасары Е. Аманшаевтың жетекшілігімен бүкіл әлемдегі маңызды проблемалардың бірі болып табылатын суицид мәселелері бойынша Астана қаласы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Суицид бойынша жалпы әлемдік көрсеткіш 100 мың халыққа 16 жағдайды құрайды және бүкіл әлемде суицид жетекші өлім себептерінен оныншы орында тұр, ал жас санаты бойынша 15-тен 44 жас аралығын құрайды – бұл жетекші үш өлімнің бір себебі болып табылады.

Халықаралық статистиканы зерттеу бойынша жүргізілген талдаудан ең төмен көрсеткіш мұсылман елдерінде (БАӘ, Әзірбайжан, Мысыр, Араб елдері мен Сирияда – 100 мың халыққа кемінде 6,5 жағдай) байқалады. Бұл діндар адамдарда тұрақты діни сенімдері жоқ адамдарға қарағанда суицид әрекеттеріне деген қауіп әлдеқайда төмен екендігімен байланысты.

Отырыс барысында халықтың осал тобы мен себептері анықталды, діни конфессияны қосқанда мемлекеттік және жеке құрылымның көптеген қоғам секторларын үйлестіретін және ынтымақтастықты талап ететін өз-өзіне қол жұмсауды ескерту бойынша жолдар талқыланды.

Діни бірлестіктердің өкілдері суицидке қатысты қоғам пікірімен ортақ, өйткені барлық әлем діндерінде өз-өзіне қол жұмсау жасалатын күнәнің ең ауыры болып табылады және тыйым салынған, бұл туралы Успендік кафедралды шіркеудің дін қызметшісі проторий Дмитрий мен наиб имамы Сәлімов Асхат айтып өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша халықтың осал топтарын анықтау, журналисттер үшін суицид мәселелерін дұрыс жариялау қағидалары бойынша тренинг жүргізу, интернет-ресурстарға блок қою бойынша құқықтық өрісін қарастыру, суицидті алдын алу бойынша баспа өнімдерін басып шығару және БАҚ пен қоғамдық орындарда әлеуметтік бейнероликтер мен жарнамаларды көрсетуге бағытталған негізгі басым бағыттары анықталды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Бес мыңнан астам елордалық Денсаулық фестиваліне қатысады

Астана жаңалықтары: Бес мыңнан астам елордалық Денсаулық фестиваліне қатысады

Қыркүйектің 5-де Астана қаласында « Денсаулық фестивалі – 2015» шарасы өтеді.

Фестиваль аясында шамамен 5 мың адам қатысатын бұқаралық жаппай жүгіруден жарыс ұйымдастырылмақ. Іс-шара аясында саябақ ішінде денсаулық қалашықтары орнатылады, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қандай да бір медициналық мәселелерін шешуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ қант диабетін және басқа да ауруларды тексеруге шұғыл тесттер өткізіледі, мұнымен қоса қан қысымын өлшеп көруге де болады. Ақпараттық-біліми материалдар таратылады, денсаулығыңыз жөнінде кеңестер беріледі.

Сонымен қатар, бұл күні саябақта спорт ұжымдары (күрес, таэквондо, каратэ, ұлттық күрес және т.б.), эстрада әртістері, көркем шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Жаппай жүгірістің жеңімпаздары салттанатты түрде дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Атап өтейік, «Денсаулық фестивалі» 1999 жылдан бері қыркүйек айының бірінші жартысында дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Денсаулық фестивалі – халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және дәріптеу, соның ішінде дене белсенділілімен және спортпен шұғылдану, тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және өз денсаулығына деген үлкен жауапкершілікті сезіндіру болып табылады.

Осыған орай, 2015 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 11.00-де Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз залында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен өтетін «Денсаулық фестивалі – 2015» республикалық кең ауқымды акциясын өткізуге мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астананың 5 үздік әлеуметтік жобасы республикалық көрмеге қатысады

Астана жаңалықтары: Астананың 5 үздік әлеуметтік жобасы республикалық көрмеге қатысады

Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шешімі бойынша жарияланған «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қарастыру бойынша комиссияның отырысы өтті.

Байқаудың өңірлік іріктеуіне қатысу үшін өз қызметін қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, заңды тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен іске асыратын 12 әлеуметтік жоба келіп түсті.

Өтінімдерді қарастыру нәтижесі бойынша комиссия республикалық көрмеге қатысу үшін 5 үздік әлеуметтік жобаланы іріктеді:

— Динаш Ауталипованың аурухана клоундары жөніндегі әлеуметтік жобасы;

— Бану Исқақованың «Жарайсың!» қазақстандық тауар маркасымен оңалту техникалық құралдарды өндіру бойынша жобасы;

— «Сенсорлы құралдардың соқырларға қолжетімділігі» жобасы;

— «Үнсіз әлем» қоғамдық қорының сурдоаударма қызметі орталығының жұмысы жөніндегі жобасы;

— Рамазан Сұлтановтың мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, ҰОС қатысушыларына және зейнеткерлерге жөндеу жұмыстарына ақысыз көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба.

astana.gov.kz
Әрі қарай