Астанада демалыс күндері көктайғақ болады

Астана жаңалықтары: Астанада демалыс күндері көктайғақ болады

Синоптиктердің болжамынша демалыс күндері Астанада көктайғақ болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«4 қараша күні күн бұлтты, жауын жауып, тұман түседі, көтайғақ болады. Оңтүстік-батыстан тұрған жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыс, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 0,-2°С, күндіз 0,+2°С», делінген Қазгидромед хабарламасында.

Астанада жексенбі күні көшпелі бұлт шығып, күндіз жауын-шашынды, көктайғақ болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз +3...+5°С.

Дүйсенбі – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +1...+3°С, күндіз +3...+5°С.
Әрі қарай

Жыл басынан бері елордалық 109 қызметіне 400 мыңдай адам жүгінді

Астана жаңалықтары: Жыл басынан бері елордалық 109 қызметіне 400 мыңдай адам жүгінді

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында 109 қызметіне 394 183 өтінім тіркелді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Кезекші бөлімшеге түскен қоғыраулардың 350 мыңнан астамы ақпараттық-анықтамалық сипатта, ал 40 мыңы коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге қатысты.

Тұрғындар тарапынан түскен шағымдардың басым бөлігі, нақты алғанда 3425-і ПИК тарапынан ауыз судың болмауымен байланысты. Одан соң көшелер мен аулаларды су басу, электр энергиясының болмауы, кәріздік құдықтар мен жеделсаты жұмысының тоқтауына қатысты.

Айта кетейік, елордалық «109 кезекші қызметі» 2001 жылы құрылып, тәулік бойы жұмыс істейді. Онда қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жоспарлы-апаттық жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, елорда тұрғындарына жедел әрі нақты ақпарат беріледі. Сонымен бірге аталған қызмет қала басшылығы төтенше оқиғаларға қатысты ақпараттандырып, тұрғындардан коммуналдық-тұрмыстық мәселелерді шешуге тапсырыс қабылдап, оларда шешуде қалалық құрылымдардың жұмысы үйлестіріледі.

109 қызметі тұрғындардан телефоннан бөлек, әлеуметтік желілер (Facebook www.facebook.com/astana109/, Instagramhttps://www.instagram.com/astana109/?hl=ru, Twitter twitter.com/astana109) және Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы өтінім қабылдайды.​
Әрі қарай

Астанада ХХІІІ Олимпиада ойындарына 100 күн қалуын атап өтті

Астана жаңалықтары: Астанада ХХІІІ Олимпиада ойындарына 100 күн қалуын атап өтті

Елордада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Астана қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуын атап өтуге арналған шара өтті деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.

Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай «Алау» мұз сарайында танымал спортшылардың, спорт сүйер қауымның қатысуымен жаппай сырғанау өткен болатын.

Шара барысында жазғы спорт түрерінен олимпиадашы спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан үмітті Қазақстан құрама командасының мүшелеріне сәттілік тіледі. Тілекшілердің қатарында Елдос Сметов, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Василий Левит, Гузель Манюрова, Арман Чилманов бар. Олар жанкүйерлермен бірге мұз айдынында конькимен сырғанады.

Мұз айдынында, сондай-ақ, конькимен жүгіру спортынан Қазақстан құрамасының мүшелері шеберлік сабағын өткізді.

«Олимпиада ойындары кез келген спортшының өміріндегі ең басты жарыс. Сондықтан әр спортшы сол ойындарға ерекше дайындалады. Қазіргі біздің басты мақсатымыз Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтіп, жолдама алу болып табылады. Ал ойындарда жақсы нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімізді салатын боламы» — деді Қазақстан құрамасының белді мүшесі Денис Кузин.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында өтпек.
Әрі қарай

«Ақылды бағдаршамды» енгізу Астана көшелерінде өткізу мүмкіндігін 21%-ға ұлғайтты

Астана жаңалықтары: «Ақылды бағдаршамды» енгізу Астана көшелерінде өткізу мүмкіндігін 21%-ға ұлғайтты

Бүгінде заманауи мегаполистер қала тұрғындарының өмірін жеңілдету үшін және көшелерде кептелісті азайтуға барынша ұмтылып жатыр.Өз кезегінде Астана заманауи урбандалу жолында «ақылды бағдаршамдар» жүйесін енгізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бағдаршамның жаңа жүйесі таймерді ығыстырып, автоматты түрде көлік ағынының жылдамдығына қарай ыңғайланады. Бірыңғай жүйеге қосылған «ақылды бағдаршам» бір мезетте бірнеше көшелердегі жол ахуалын қадағалап отырады.

Бұдан басқа, «ақылды бағдаршамды» пайдалану адами фактрлардың да алдын алып, жол қозғалысының жоғары тиімділігін оңтайландыра түседі. Қазіргі таңда Астана көшелерінде осындай бағдаршамдардың арқасында өткізу мүмкіндігі 21% ұлғайды.

Бүгінде Қазақстанның астанасында 84 «ақылды бағдаршам» Сарыарқа, Тұран, Мәңгілік ел, Сарайшық, Сығанақ, Қонаев пен Достық даңғылдарында орнатылған.
Әрі қарай

Startup Weekend 2017 финалы осы аптада өтеді

Астана жаңалықтары: Startup Weekend 2017 финалы осы аптада өтеді

Астана қаласы әкімдігінің «Astana Innovations Challenge» ауқымды стартап-марафоны аясында елордада 3-5 қараша аралығында Startup Weekend 2017финалы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Стартап-марафон — қалалық технологиялық тапсырмаларды қалалықтар, ғылыми, бизнес- және стартап-қауымдастықты белсенді түрде тарту жолымен шешуге бағытталған. Іс-шара Forte bank-тің бас ғимаратында өтеді.

Соңғы болатын Startup Weekendте кез келген стартапер (бастамашы), әзірлеуші, жүзеге аспаған идеялардың генераторы өзіне қандай да бір іс тауып алып, айналысуына негізделген. Тақырыптар – блокчейн, ақылды келісім-шарттар, электронды денсаулық сақтау, технология және білім.

«Astana Innovations Challenge»-нің негізгі мақсаты – қалалық технологиялық мәселелерді шешуде іздеу арқылы қала өміріне талантты адамдарды тарту. Соңғы жарты жылда компания 5 іс-шара өткізіп, 1,2 мың өтініш алды.

Бұдан басқа, 150 команда жасақталып, оның ішінен 15 жүлдегер анықталды. 5 жобаға өз идеяларын жүзеге асыру үшін пилотты алаң ұсынылды.

Startup Weekendке қатысу тегін. Оған мына сайт арқылы тіркелуге болады: www.astanaic.kz
Әрі қарай

«Smart медицина» жобасы қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді

Астана жаңалықтары: «Smart медицина» жобасы қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді

2018 жылдың соңына дейін қаланың медициналық мекемелері «Smart медицина» жобасы аясында ақпараттық жүйелермен қамтылатын болады. Денсаулық сақтау саласының сандық модернизациясы дәрігерлерге қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді елорда маслихатының отырысы барысында Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров.

«Бағдарламаны іске асырудың аясында әкімшілік процесстермен қатар клиникалық процесстер де толықтай автоматтандырылатын болады деп жоспарлануда. Радиологиялық және зертханалық зерттеулердің орталықтандырылған мәліметтер базасы құрылатын болады», — деді Қ.Надыров елорда маслихатының отырысында.

Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің сөздеріне қарағанда, медициналық ақпараттық жүйе пациенттің туған мерзімінен бастап өмірінің соңына дейін қандай ауруға шалдыққандығы туралы ақпаратты сақтайды. «Ақылды технологиялар» тұқым қуалайтын және генетикалық ауруларды болжауға да мүмкіндік береді.

«Smart медицина» жобасын енгізу дәрігердің қабылдауындағы кезектерді, пациентті қабылдау кезінде мәліметтерді енгізу уақытын қысқартуға, персоналдың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйенің негізгі басымдықтарына мыналар жатады: дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды есепке алу ашықтығын жоғарылату, диагноздың сапалы қойылуы, мәліметтер мен ем белгілеудің сараптамасын енгізуді бақылау, түсірілімдер мен зертханалық зерттеулерді өңдеу дәлдігін жоғарылату.
Әрі қарай

Ғалымдар Астананың елорда ретінде құрылуын еске алды

Астана жаңалықтары: Ғалымдар Астананың елорда ретінде құрылуын еске алды

Астанада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астана тарих толқынында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен шараның мақсаты Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Дөңгелек үстелдің басында жиналған тарих, педагогика ғылымдарының өкілдері Астананың елорда ретінде құрылуын еске алып, бас қаланың даму перспективаларын ортаға салды. Шара барысында «Астана – Қазақ елінің локомотиві», «Астана тұрғындары және бәскеге қабілеттілік», «Қазақстандағы астаналар тарихы: қысқаша шолу», «Астана –ұлт тәуелсіздігінің кепілі» тақырыбында баяндамалар жасалды.

Филология ғылымдарының кандидаты Жұмамұрат Шәмшінің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның бас қаласын танымайтын ел жоқ. Алдағы уақытта да Астананың көрінер биіктері де аз емес.

«Бүгін Астананы төрт күл дүние таниды. Бұрын, әрине, олай емес еді. 1996 жылы әлеумметтік әл-ауқаты төмен халық өзі жер жорғалап жүргенде, қоғамды астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі жөніндегі шешімнің дұрыс-бұрыстығы толғандырған болатын. Әлбетте, тақыр жерден қала құру оңайлыққа соққан жоқ. Қала бюджетінің 70-80 пайызы тек құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Астанамыз көптеген соқпақтардан, өткелдерден, белестерден өтті, әлі асар асуларымыз көп»- дейді ол.

«Астана бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Әлемдік діндердің көшбасшылары бас қосатын орынға айналды. Әлемдегі геосаяси ахуалдың барлығы осы жерден басқаралатын іспетті. Әлемдегі форумдардың түр-түрі, әлемдік саяси ахуал Астанада талқыланады. Мәселен, кешегі күні Сириядағы жағдай да Астанада 7-ші мәрте талқыланды. Әлемді бірлікке, ынтымаққа шақырудағы, қазақтың төртеу түгел болса төбедегі келер деген қағидасына бағытталған көпвекторлы саясатындағы Астананың рөлі зор» — деп түйді сөзін Жұмамұрат Шәмші.
Әрі қарай

Астана қаласында түнгі № 200, № 201 экспресс бағдарлары тоқтатылады

Астана жаңалықтары: Астана қаласында түнгі № 200, № 201 экспресс бағдарлары тоқтатылады

2017 жылдың 1 қарашасынан түнгі № 200, 201 экспресс бағдарлардың жұмысы жолаушылар легінің төмендігіне және сұраныстың аздығына байланысты тоқтатылады.

Аталған бағдарлардың көктем-жаз мезгілінде қайта жүруі тиісті саралаудан кейін қарастырылады.
Әрі қарай

«Көше саудасына арналған - 1000 орын» жобасына өтініштер қабылдау басталды

Астана жаңалықтары: «Көше саудасына арналған - 1000 орын» жобасына өтініштер қабылдау басталды

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Астана қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру» жобасы аясында 22.05.2017 жылғы «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ жер учаскілерін беру ережелеріне сәйкес жер учаскелерін жалға алу келісім-шарттарын алуға өтініштер қабылдауды бастады.

Өтініштер ағымдағы жылдың 1 қарашасынан 15 қараша аралығында www.smart.astana.kz:90 сайтында қабылданады.

Жер телімін алуға өтінішке келесі құжаттар қосымша тіркеледі:

1) жеке кәсіпкердің қызмет түрі көрсетілген тіркеу жөніндегі куәлігінің көшірмесі/заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөнінде анықтама;

2) жеке куәлік көшірмесі (жеке кәсіпкердің, директордың);

3) заңды тұлғаның жарғы көшірмесі;

4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

5) өтінімді беру кезінде салықтық қарызы жоқтығы туралы анықтама;

6) потенциалды қатысушының жеке есеп айырысу шотынан бекітілген кепілдік жарнаны төлегенін растайтын банк белгісі қойылған төлем құжаты;

7) ЖК/ЖШС есеп шоты туралы банктен анықтама.

Өтінімдер тек кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінен қабылданады.

Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк шотының деректемелері:

БСН:

101 040 011 375

ЖСК:

KZ56998BTB0000068239

Бенефициар банкі:

АО НК «СПК «Astana»

БСК:

TSESKZKA

БСК:

16

Банк:

Филиал АО «Цеснабанк» город Астана

Протокол:

-Потенциалды қатысушылардың аукционға болмаса комиссиялық іріктеуге рұқсат беру туралы, немесе олармен тікелей немесе желілік келісім жасау туралы;

— потенциалды қатысушыларға жер учаскелерін ұсыну әдісі туралы;

— Сайыстың немесе аукционның өту мерзімі, уақыты мен орны туралы

Протокол www.smart.astana.kz:90 веб-порталында өтініштер қабылдау мерзімі аяқталғаннан күннен кейінгі 3-5 күннен кешіктірілмей www.astana.gov.kz, www.astana-spk.kz интернет ресурстарында жария етіледі.

Сайыстың өткізілу тәртібі мен өтініштер беру туралы қосымша ақпарат алу үшін «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ хабарласуға болады.

Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8. каб.1413, телефон: 8(717) 261-35-54.
Әрі қарай

Астанада басым технологиялық міндеттер белгіленді

«Астана Innovations» АҚ инновациялық саясат арқылы проблемалық мәселелердің тізбесін қалыптастыру,іздеу және талдау арқылы,қалалық технологиялық міндеттерді шешуге және инновациялық жобаларды енгізуде, жүзеге асыруда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Ағымдағы жылы қалалық басым технологиялық міндеттер қатарына экологиялық жағдайды жақсарту, қар тазалау, су үнемдеу, интернет-заттар, SmartGrid, Smartmetering, қатты тұрмыстық қалдықтар, көлік қатынасын, жол жабынын, кәріз жүйесін жақсарту кіріп отыр.

Қалалық технологиялық міндеттерді шешу құралдарының бірі түрлі стартап-іс-шаралар арқылы қалалық технологиялық шешімдер тізбесін негізге ала отырып іздестіру, шешу.

«Astana Innovations Challenge»-нің алғышқы ауқымды жобасы — бұл стартап-іс-шаралар және стартап уикендтер. Олар қалалық технологиялық міндеттерді қала әкімшілігі, ғылым, бизнес және стартап-қоғамдастықтар арқылы шешуге бағытталған. Сонымен қатар, осы жоба аясында стартап уникенттер мен хакатон тақырыптары қалалық технологиялық міндеттерді шешуге арналған.

Бүгінгі күні екі стартап уикенд және екі хакатон өтті. Төмендегі тақырыптар бойынша тағы екі стартап уикенд жүргізу керек қалалық ақпараттық жүйелер, туристік қызметтер, электрондық медицина және білім жүйесіндегі технологиялар.
Әрі қарай