Астанада «Қазақстан барысының» іріктеу кезеңі өтеді
Бүгін Астанада қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді.Турнирді ұйымастырушылардың хабарлауынша, іріктеу сайыстарына барлығы 38 палуан қатыспақ.
Бұл кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан астанасында 2016 жылғы 3 шілдеде өтетін ҚР Президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалына жолдама алады.
Іріктеу кезеңіне өткен жылдардағы турнирдің бірнеше финалистері қатысады, олардың арасында 2015 жылғы қола белбеу жүлдегері Ғани Сейділдаев бар.
Өткізу орны:«Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК, Тұран даңғылы 4/2, Астана қ. Өткізу уақыты: 10:00 ден 18:00 дейін (кіру тегін).
Турнирдің ұйымдастырушылары:«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Астана қаласы қазақ күресі федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті, Астана қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы.
ҚазАқпарат






ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мектептерден тыс жерлерде балалар тамақтанатын тағамдарды бақылау керектігін тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі барысында мәлім етті.
Астанада үш тілді ілкі тәртіпте жалпы білім беретін 17 мектепте енгізілді. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында Астана қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева осылай мәлім етті.
