Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі маусымы ашылды
Ертең 22 сәуірде Астанада жыл сайынғы ел аймақтарының ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады. Биылғы жәрмеңкенің алғашқы қатысушылары Қарағанды және Ақмола облысының жақын аудандарының тауар өндірушілері болмақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Астанада аймақтардың ауылшаруашылық жәрмеңкелері осымен 6-жыл өткізіліп келеді.

Енді әр демалыс сайын елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Жәрмеңке 22 сәуір мен 8 қараша аралығында апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін «Думан» ОСО (автотұрақ) алдында өткізіледі.
Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 20 астам түрі ұсынылады. Атап айтқанда, картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

– Бұл жасыл белдеудің гүлденген кезі. Орман бұрын ештеңе өспеген даладағы жабайы жануарлардың мекен ету ареалына айналды. Жыл сайын жасыл белдеуде ағаш отырғызу аумағын 300 га ұлғайтып отырамыз. Қазіргі кезде 11 миллионға жуық ағаш егілді, – деді Астана қаласы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев.
Жыл сайын жасыл белдеу ұлғайып, жақсартылуда. Қала ішінде де көшеттер отырғызылған аумақ ұлғайып келеді. 2014 жылмен салыстырғанда жасыл көшеттер саны 15% өсті, бұл бір тұрғынға есептегенде 15 шаршы метрді құрайды.

Астана қаласында көшелерге жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.
Елордада жыл сайын көктемде жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Биыл 25,36 шақырым жолды салу, жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.