Астанада алғашқы урбанистикалық форум өтті


7 шілдеде Астана қалысының әкімдігі «Қала ДНК-сы: Қауымдастық.Бизнес. Билік» алғашқы урбанистикалық форумын өткізді.

Форум Елбасының тапсырмасы аясында өтті. Негізінде урбанистика орталығы – бұл қалалық ортаны жақсартуға, қалалық зерттеулер жүргізуге, тұрғындармен жұмыс істеуге, әлеуметтік капиталды ұлғайтуға, азаматтық қауымдастық пен билік арасындағы тиімді қарым-қатынас орнатуға, қаланың ішкі ресурстарын жұмылдыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа құрылым.

Форумның жұмысына Рикардо Марини (Ян Гейлдің өкілі), Филипп Мейзер (неміс мектебінің өкілі), Щесна (польшалық мектеп) сындышетелдік урбанист-сәулетшілер және отандық-шетелдік урбанист-сарапшылар қатысты.

Форумның ашылуында қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы жөндеуден өткенін айтты. Бағдарламада тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен қалалық ортаның сапасын жақсартуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған екі негізгі тетік қарастырылады.

-Бірінші бағыт бойынша қоғамдық транспорт жүйесін жақсарту, спорттық алаң, балабақшалар мен мектептер, қауіпсіздік, экология, велосипед және жаяужолдар аумағын, саябақтар мен алаңдарды, қоғамдық кеңістікті дамыту сынды 34 әлеуметтік бағытқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін қадамдар әкімдіктің бастамасы болып табылады, — деді Ә. Исекешев.

Сонымен қатар әкім қалалық басқарма мен қызметтердің өзгерісі жөнінде, сондай-ақ урбанистика мен тұрақты түрде қаланы дамытудың жаңа алғышарттары мен міндеттеріне сәйкес «Астана басжоспар» институты туралы тілге тиек етті.

Қазірдің өзінде Урбанистика орталығы жұмыс істей бастады және ірі трансұлттық корпорациялармен бірлескен қалалық технология орталығы құрылды. Олар елорданың инфрақұрылым обьектілері мен жолдары, ғимараттардың құрылысы саласында заманауи технологияларды енгізу үшін құрылған.

Әкім әлемдік стандарттарға сәйкес жоспарлау жүйесінің өзгергені туралы айтты.

-Әкімдіктің маңызды міндеттерінің бірі — жоспар мен жаңа нормативті құжаттарды әзірлеумен қатар, қала тұрғындары үшін ыңғайлы жағдайды жасау бойынша жаңа бастамаларды іске асыру болып табылады. Мысал ретінде аулалар мен қаланың аудандарында ыңғайлы жағдай жасау бойынша қоғамдық кеңістіктің дамуын келтіруге болады. Бұл — спорттық және балалар алаңдары, жаяу жүргіншілер саябағы, «Арбат» жобасы, Қабанбай батыр даңғылы бойынша жаяужолдар мен велосипед аумақтарын құру және салынып жатқан Ботаникалық бақша, — деді Ә. Исекешев.

Форумда атақты урбанист-сәулетшілер қаланың бірегей сәулетін, еуразиялық стилін атап өтіп, бірнеше пайдалы кеңес берді. Филипп Мейзер өз алдына Еуропа мен Азия стилі мен заманауи урбанистикалық әдістемелерден құралған, Астана негізінде еуразиялық қаланың түптұлғасын жасауға ұсыныс білдірді.

Форум 5 кезеңнен тұрады. Пікірталас кезінде қатысушылар сапалы қалалық орта неден тұратынын, билік пен тұрғындар арасында диалог қалай өрбитінін айтып, қаланың экономикасын және т.б. мәселелерді талқылады. Урбанистика саласында бұндай жиын жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, форумды ұйымдастырған Астана қаласының Урбанистика орталығы мен Astana Art Fest-2017.
Әрі қарай

Қазақстандық эстрада жұлдыздары «Қамкор» әлеуметтік орталығында шағын футбол ойнайды

11 шілдеде сағат 11.00-де «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазақстандық экстрада жұлдыздары мен орталықтың келушілері арасында шағын футболдан ойын өтеді.

Жарысқа Бауыржан Исаев, Ерлан Малаев, Асқар Жайлаубаев және т.б. отандық әншілер қатысады.

Шараның мақсаты – Қазақстанда SpecialOlympic қозғалысының дамыту, орталыққа келушілерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.

Ойынның қорытындысы бойынша қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Шара Ақмола облысына қарысты Алакөл ауданының Сосновый бор кентінде өтеді.
Әрі қарай

Астанада караокемен ән айтудан Қазақстан чемпионы анықталады

Бүгін «Бәрі ән айтады!» жобасы ақтық мәреге жетеді, деп хабарланды әкімдіктің медиа-орталығынан.

Музыкалық шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» сарайы ұйымдастырды, деп хабарлады «Жастар» сарайы директорының орынбасары Светлана Ракишева медиа орталық тілшісіне.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен жасы 18-ден асқан дарынды жастар қатысты. Қатысушылар 3 топқа бөлінді, соған орай әр топтың өз жеңімпазы болады. Олардың барлығы «Караоке-2017 чемпионы» атағын алып, ақшалай сыйлықтарға ие болады, сондай-ақ байқаудың ең үздік әншісі Астана қаласы әкімдігінің Кубогін иеленеді.

«Караокемен ән айтудан байқауға қатысу үшін іріктеуден өту қажет. Іріктеуге келген 200 адамның 78-і өтті»,- деді С.Ракишева.

Іріктеу кезеңдерінде қатысушылар «Ретро», «Мультфильм әндерінен үзінді» аталымдары бойынша әндерді орындады.

«Жоғары балл алған қатысушылар финалға өтіп, әлемдік хиттерді орындайды. Байқаудың жеңімпазы ең басты жүлде – Астана қаласы әкімінің Кубогін иеленеді», — деді С.Ракишева.

Музыкалық жобаның қазылар алқасында «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников, «Голос» жобасының қатысушысы Арчи Пурцеладзе, Астана мемлекеттік филармониясының солисті Татьяна Хасьянова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахметжан Шамұратов, дизайнер Қайролла Әбішев төрелік етті.

Финал жеңімпаздарының есімі бүгін кешке анықталып, «Жастар» сарайының алаңында айтылады.
Әрі қарай

Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Астана жаңалықтары: Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Қала күні мерекесіне орай «Хан-Шатыр» ОСО аумағында этномәдени кешен пайда болды, деп хабарланды Астана қ. медиа орталық тілшісіне бұқаралық шаралардың режиссері Гүлжан Әбдібаева.

Этнокешен ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

«Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің бай тарихымен және ерекшеліктерімен таныса алады», — дейді Г. Әбдібаева.

Қалашықта көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысына, салт-дәстүріне арналған заттық айғақтар бар. Кешеннің ішінде қолөнершілер жәрмеңкесі, қазақтың киіз үйі, шатырлар мен ұлттық асхана мейрамханасы бар.

«Сарыарқа» ауданының тұрғындарын біріктірген «Шаңырақ» ансамблі қазақ халқының «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» сынды дәстүрі мен салтынан сыр шертеді.

«Біз көшпенділердің бай тарихын көрсеткіміз келді. Көшпенділердің тарихынан сыр шертетін байырғы жоралғылар мен өлеңдер, қызықты дәстүрлер біздің кезімізге дейін сақталған», — деді Г. Әбдібаева.
Әрі қарай

Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері 2500 тонна өнім әкелмек

Астана жаңалықтары: Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері 2500 тонна өнім әкелмек

8-9 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайының көлік тұрағы аумағында жәрмеңкелер маусымын Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады.

Жалпы 2 500 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: көкөніс және картоп – 300 т, ет және ет өнімдері – 100 т, бал -20 т, сүт өнімдері – 51 т, балық – 143 т және т.б.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Жәрмеңке қатарынан 2 күн (сенбі-жексенбі) сағат 09.00.-ден 18.00.-ге дейін өткізіледі.

Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
Әрі қарай

Астана күнін мерекелеу кезінде неке тіркеу дәстүріне 10 жыл толады

Астана жаңалықтары: Астана күнін мерекелеу кезінде неке тіркеу дәстүріне 10 жыл толады

Жыл сайын елорда күнін мерекелеу кезінде жас жұбайлардың салтанатты мерекелік некеге тұру шарасы биыл 10 рет өткізіледі. Осы он жыл ішінде 500-ден астам жұп шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Астана әкімідігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігі мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан шараға қатысушылардың қатары артып келеді. Биылғы мерейтойда 38 жұп некесін тіркемек. Он жыл ішінде заңды некеге тұрған жұптардан 2 мыңға жуық бала өмірге келген. Ұйымдастырушылардың мәліметінше отау тіккен ерлі-зайыптылардың ең жасы 18 жаста болса, ең ересегі 68 жаста.

«Бізде некеге тұрушы жұптардың тілектерін жазатын арнайы тілек кітабы бар. 2008 жылдан бері оған салтанатты неке тіркеу шарасына қатысқан жұптар өздерінің ақжарма тілектері мен алғыстарын жазып отыру дәстүрі де қалыптасты. Сондай-ақ жыл сайын жас жұбайларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтары табысталады», — деді салтанатты неке тіркеу рәсімінің жетекшісі Гүлнар Сағындықова.
Әрі қарай

Қала күнінде көптеген мәдени-бұқаралық шаралар өтеді

Астана жаңалықтары: Қала күнінде көптеген мәдени-бұқаралық шаралар өтеді

Астана әкімдігі қала күні мерекесіне орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-бұқаралық шараларды көптеп ұйымдастыруда. Бұл шаралар Астананың сауда-ойын-сауық орталықтарында өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтар үшін түрлі флешмобтар, викторина мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда, сондай-ақ олар көрме-жәрмеңкелік шаралар мен балалар үшін ойын шоуларды, т.б. ойын-сауық бағдарламаларды тамашалай алады.

Қалада өтетін шаралар туралы толық ақпаратты мына кестеден көре аласыз
Әрі қарай

Елбасының тапсырмасы елордада белсенді жүзеге асырылуда

Астаналық әкімдік жарықпен қамтамасыз ету және құрылысты үлескерлікпен салу, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар баратын мекемелердің тығыздығы мәселелері, сондай-ақ жедел оқиғаларға қатысты Елбасының тапсырмасын іске асыруға белсенді кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Әсет Исекешев Елбасының қабылдауында болды. Кездесу барысында Президент елорда тұрғындарының тіршілік әрекетіне байланысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының саны күннен күнге көбейіп келе жатқанын баса айтты, осы орайда оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балаларды білім ордасымен, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін тілге тиек етті. Әсет Исекешев биылғы жылдың сәуір айында Астана қаласының дамуы бойынша өткен кездесуде берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді. Президент пен шаһар басшысының кездесуі кезінде сондай-ақ қаланың инфрақұрылымы мен құқықтық тәртіпті жақсарту жөнінде сөз болды. Президент үлескерлікпен салынатын құрылыс мәселесін де сырт қалдырған жоқ.

Астана әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың бірқатар экономикалық даму көрсеткішінің өсімі туралы және әлеуметтік салада жағымды серпіннің орын алғаны жөнінде айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың нәтижесін атап өтіп, елорданы дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды. Оған қоса қалада халық санының өсуі мен көші-қон процесін бақылау жөнінде сөз болды. Президент елордада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын-үйлерді үлестіру жүйесін тәртіпке келтіруді тапсырды.

Әкім қаладағы жағдайды айта келе, көш-қон процесінің жоғары қарқынына қарамастан, ағымдағы жылдың 5 айында қылмыстың жалпы саны (18 314 оқиғадан 15 122-ке дейін) 17,4 пайызға төмендегенін атап өтті. Адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлау, алаяқтық, күшпен тартып алу және көліктерді алып қашу сияқтыауырлығы орташа, ауыр емес және аса ауыр қылмыстардың саны қысқарды.

Ағымдағы жылдың 5 айының қорынтындысы бойынша ұрлау оқиғалары (9 727 оқиғадан 8 943-ке дейін) 8,1 пайызға төмендеді, оның ішінде пәтер ұрлығы 10, 9 пайызға (992 оқиғадан 884-кедейін) азайды.

Әкім өз сөзінде елордамызда азаматтарды тіркеуде жағымды қарқын алғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін елордада негізінде сол жекен-жай бойынша тұрмайтын және пәтер иелерініне ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ жүздеген азаматтарды бір пәтерге тіркеу мәселесі өткір мәселелердің бірі болса, бүгінде ол оң шешімін табуда. 2016 жылы осындай тіркелімнің 200-ден астам оқиғасы анықталған. Тіркеуде жауапкершілік арттырылған соң, бұндай пәтерлердің саны күрт азайды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

2017 жылдың сәуір айынан Астанада көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері есебінен мобильді топтар құрылып, жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда 561 мекен-жай тексеруден өтті. Негізінде сол пәтерде тұрмайтын, бірақ құжат бойынша тіркеуде тұрғаны үшін 81 үйдің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтер иелерінің өтініші бойынша, 13 002 азамат тіркеуден алынды.

Қала басшысы елордада көші-қон бақылауда екендігін және заңсыз көші-қон мәселесіне аса ден қойылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта Астанада ресми статистикаға жатпайтын 77 мың шетел азаматы және шамамен 200 мың азамат уақытша тіркелген.

Қала әкімдігі мектеп пен балабақшаларда оқушылар мен балғындардың көптігі мәселесі кешенді түрде шешілуде.

Қалада 130 542 оқушы оқитын 95 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Олардың 84-і мемлекеттік мектеп, онда 126 917 бала оқиды, 11-і жеке мектеп, онда 3 625 оқушы білім алады. 2016-2017 оқу жылында қаланың 27 мектебінде оқушылардың саны белгіленген есептен көптігі сақталған, оның 3 білім ордасында үш ауысымды сабақ жүргізілген. Осылайша 9 588 оқушы орны жетіспегені байқалды.

1-ші сыныпқа келген оқушылардың саны (болжам бойынша 22 000 оқушы) күрт өсуіне және көші-қонға (болжам бойынша 4 500 оқушы) байланысты, 2017-2018 оқу жылында болжам бойынша 17 мың оқушы орны жетіспей қалуы әбден мүмкін.

Осыған байланысты 2017-2018 оқу жылында 2600 орынға арналған жапсарлас салынған 5 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 11 100 орынға арналған 10 мектептің құрылысы басталды, ол 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

2018-2019 жж. салынатын 13 мектептің жобасын жасау жұмысы жүргізілуде. Елордада 263 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 96 мемлекеттік және 2 ведомствалық, 116 жеке және 49 шағын орталық жұмыс істейді. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 3-6 жас аралығындағы 33 240 бала мектепке дейінгі мекемеден орын алу кезегінде тұр. Мектепке дейінгі балалардың саны туу мен көші-қон көрсеткішінің жоғары деңгейіне байланысты артып отыр. Күн сайын балабақша кезегіне орташа есеппен 90 бала тұрады (60-70 сәби дүниеге келеді, 20 бала көші-қон есебі арқылы).

2017 жылы 480 орындық 2 мемлекеттік балабақша, МЖС аясында 720 орындық 3 балабақша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ балабақшаларды салу бойынша жеке серіктестерді анықтау жөнінде байқау өткізілді. Қазіргі уақытта 2019 жылы пайдалануға берілетін 1 680 орындық балабақша бойынша 6 жоспар іске асырылуда. Білім басқармасымен жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен 10 000 орындық жеке балабақша ашу жоспарлануда.

Астана қаласының күннен күнге өсіп келе жатқан тұрғындарын жарықпен қамтамасыз ету үшін 2010 жылдан бастап «Астана қаласында ЖЭС-ның құрылысы, 1-ші кезек» жобасы іске асырылуда. Оның құрамына суды жылыту қазандығы, ЖЭС-3 барлық инфрақұрылымы, теміржол стансасы, ішкі және сыртқы инженерлік жүйелер, су беру нысандары, 1-ші көтеру сорғысы, 480 Гкал/сағатына қуаттылығымен әкімшілік ғимараттар кіреді.

Бүгінде су жылыту қазандығы ғимаратының құрылысы, 4 су жылыту және 1 бу беру қазандығының монтажы, теміржол және көлік бағыты, мазут шаруашылығы, негізгі ғимараттар мен құрылымдар, ОРУ және релелік қалқанның монтаждау жұмыстары аяқталған. ЖЭС құрылыс дайындығы 70 пайызды құрайды.

Барлық жөндеу жұмыстарының аяқталуы және ЖЭС-3 іске қосылуы 2018 жылға жоспарланған.

Әкімдік үлескерлікпен салу мәселесін де бақылауда ұстап отыр.

Қазіргі уақытта әкімдік, прокуратура, ішкі істер және мемлекеттік кірістер органдарының жоспарлы жұмысының нәтижесі бойынша, тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның аясында күрделі нысандардың саны тек соңғы жылда 67-ден 52-ге азайды.

Ведомствоаралық комиссияның мүшелерімен заң аясында нысандардың құрылысын аяқтауға септігін тигізу ынтымақтастығы жүргізілуде.

Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша 44 ТҚК жұмыс істейді, оның ішінде ТҚК-де нысандарды және жер учаскесін беру жөнінде 18 нысан бойынша соттың шешімі бар.

Ведомствоаралық комиссия атқарып отырған жұмыстың аясында 2015-2017 жылдар аралығында 100-ден астам нысанда тұру үшін баспананы заңсыз пайдалануға беру оқиғалары анықталды, бұл тұрғыда баспананы салушыларға қатысты шара қабылдау үшін құқыққорғау органдарына арыз берілді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша, 2016-2017 жылдары 25 алақол салушыға қатысты кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу және алаяқтық фактілері бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жүргізушілердің активтері құрылысты аяқтау үшін үлескерлерге өтті.

«Азбука жилья» АҚ-ның 9 күрделі нысаны бойынша «Орда Инжиниринг» ЖШС-нің басқарма компаниясына активтерді беру аяқталды. Қазіргі уақытта «Орда Инжиниринг» ЖШС тұрғын-үй кешендерінің құрылысын қайта қалпына келтірді.

Сот «Тамыз Инвест Групп», «Төленді» «Номад Құрылыс-ЭК» және т.б. құрылыс компанияларының басшыларына қатысты істерді қарастыруда.

Қала әкімдігінде Бас прокуратура, Құрылыс істері жөніндегі комитет, Құрылысшылар ассоциациясы, қалалық құқыққорғау органдары және кепілдендірілген тұрғын-үй құрылыс қорының өкілдері қатысқан құрылыс компаниясының 150 басшысымен кездесу өтті. Кездесу барысында әкімдік пен тұрғын-үй құрылысы қорының тарапынан берілетін рұқсат құжаттарынсыз салынған баспананы пайдалануға беруде туындайтын қылмыстық жауапкершілік жөнінде айтылды.

«Тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу жөнінде» Заңына сәйкес, баспананы сату жөнінде жарнаманы үлескерлерді тартуда әкімдіктен рұқсат алған немесе кепілдендіру қорымен келісімшарт жасасқан құрылыс жүргізген компания ғана бере алады.

Бүгінде 7 компания рұқсат алған.

Қорытындылай келе, әкім өз сөзінде атап өткендей, бұл бағытта жұмыс жалғасуда және ол әкімдіктің қатаң бақылауында болады
Әрі қарай

Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

МӘМС қорының рейтингі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру бойынша Астана 4-ші орында.

Бүгінгі таңда 875 638 ересек тұрғындардың 118 325-і ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қамтылған (13,5%).

Бұдан бөлек, Астанада жыл басынан бері алты мыңнан астам кездесу өткізілген. Қалалық жұмыспен қамту басқармасының қолдауымен елорда кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылған және зейнеткерлік жарна төлемейтін тұлғалар ақпараттандырылған. Олардың барлығы МӘМС бойынша түсіндірме жұмысымен қамтылған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қаланың алып кәсіпорындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша «Қазақстанның 500 ірі кәсіпорындары» акциясын ұйымдастыруда. Жақын арада Астана қаласының 76 ірі кәсіпорнында акцияны өткізу жоспарлануда.

Елорданың медициналық мекемелері «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында МӘМС бойынша өткізілетін ақпараттандыру шараларына қатысады.

Сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарда: базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, т.б жерлерде жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, подъездерде жабыстыру үшін парақшалар басып шығару дайындалған. БАҚ-да 358 мақала жарияланды. 69 қоғамдық орында аудио-видеороликтер ротациясы жүргізілді. Таратылған баспа өнімінің көлемі 47 мың дананы құрады.

Астана жаңалықтары: Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Әрі қарай

2017 жылы Астанада 12 нысан жекешелендіріледі

Астана жаңалықтары: 2017 жылы Астанада 12 нысан жекешелендіріледі

2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы елордада 12 заңды тұлға жекелешелендіруге жатады.

Бүгінде 3 заңды тұлға бойынша белгіленген тәртіпте бағаны төмендетуге бағытталған сауданың екінші кезеңі басталды. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша «Астана-Тазарту» ЖШС (65 933 542 теңгеге сатылым) және «Астана Миллентум KZ» ЖШС (34 245 358 теңгеге сатылым) нысандары бойынша өз бағасынан баға құны 49%-ға төмендеді.

«Ақмола-Диірмен» ЖШС бойынша қатысушылардың болмауына байланысты сауда жүргізілген жоқ. Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің қатысуымен өткен Астана қаласы мемлекеттік коммуналды мүлікті жекелешелендіру мәселелері жөнінде комиссия отырысының қорытындысы бойынша 6 заңды тұлғаға қатысты шешім қабылданды. Осылайша «Көркем — құйма комбинаты» МКК және «Стоматология» УКЦ" ЖШС тендер арқылы сатылатын болды. «Астана қалалық жарық» ЖШС нысаны бойынша 1,6 млрд теңге несие қарызы бар.

Осыған байланысты Энергетика басқармасы 5 шілдеге дейін аталмыш серіктестікті сату жолын қарастырып, ұсыныс жасайды. «Опера және балет театры» ЖШС "Өркен қала" ЖШС-не қосылу арқылы қайта құрылады. Ал «Астана құрылысы мониторингі» ЖШС нысаны «Астанақаласәулет» ЖШС-мен біріктіріледі.

«Астана» спорттың ойын түрлері клубі" МҚКК-не қатысты қалған активтерді шығару нұсқасы ұсынылды. Қалған «Астана Өрнек» ЖШС, «Астана эко полигон» ЖШС мен «Арман» сауықтыру спорт лагері" МҚКК сынды 3 нысан бағалану үстінде.
Әрі қарай