Аграрлық жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі

Астана жаңалықтары: Аграрлық жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі

Астана қаласының 20 жылдық мерекесі шеңберінде 18-19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке Қ. Мұңайтпасов 7 көшесіндегі «Қазақстан» СК көлік қоятын орнында өтетіні анықталды.

Бар-жоғы облыстың 37 тауар өндірушісі қатысады, 79 млн теңге сомасында 120 тонна ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылады.

Бұл ең алдымен еттің барлық түрі, ең ірі республикалық «Кублей» қайта өңдейтін кәсіпорнының 10 тонна консерві бұйымдары, кондитерлік өнімдер, сусындар және тағы басқалары.

Дәстүр бойынша жәрмеңкеде облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.
Әрі қарай

Он күн ішінде транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге артты – AstanaLRT

Астана жаңалықтары: Он күн ішінде транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге артты – AstanaLRT

Компания 1 шілде 2018 жылы транспорт картасының үлесі – 36%, ал 31 шілдеде – 89% болғанын айтты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана LRT» электронды төлем жүйесінің 21 шілде мен 5 тамыз аралығындағы статусы туралы хабарлады. Он күн ішінде транспорт картасын ұстаушылар екі есеге көбейген.

«Дифференциалды тарифті енгізгелі жұмыс күндері жолаушылар ағыны 530 мыңнан 580 мыңға дейін көбейгені байқалған. Яғни транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге ұлғайған. Шілденің алғашқы жартысында 22 мың жолаушы, ал 21-нен 31 шілдеге дейін 405 мың көбейген», — делінген «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компания транспорт картасының үлесі 1 шілде 2018 жылы – 36%, ал 31 шілдеде – 89% болғанын айта кетті. Қоғамдық көлікке электронды төлем жүйесін енгізгелі жыртылып берілетін билеттер азайған, егер 1 шілдеде 239 365 дана болса, 31 шілдеде – 53 027 билет берілген.

«445 262 адам шілденің соңғы күндері картаны валидация жасаған, оның ішінде 260 548 – жалпы тарифтегі валидация, 64 444 – қайта мінген, 43 336 – айлық жол жүру, жеңілдік валидациясы – 76 934», — делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Транспорт компаниясының мамандары жолаушылардың транспорт картасын пайдалану бойынша жалпы тұрақты көріністі байқап отыр. Сонымен транспорт картасының үлесі 21 шілде мен 5 тамыз аралығында 89% деңгейге жеткен.

Сондай-ақ жұмыс күндері орта есеппен жолаушылар ағыны 580 мың жолаушыны құраған, ал демалыс күндері – 418 мың.

«Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі ұсынған мәліметте жолаушылардың 65%-ы RTVM-терминалын, 15% — мамандандырылған кассаны, 14% — QIWI-терминалдарды, 6% — kaspi.kz пайдаланған.

ЭТЖЖ бірнеше артықшылықтарын айта кетейік.

Транспорт картасын қолдану барысында:

— Қалалық және экспресс-маршруттарда жол ақысын тіркеу кезінде – 60 минут ішінде қайта мінген кезде тегін жүру мүмкіндігі;

— қала шетіне қатынайтын бағыттарда 60 минут ішінде қалаға келгенге дейін бір рет мінуге рұқсат етіледі.

Транспорт картасы бір ғана жолаушыға жол ақысын тіркеуге мүмкіндік береді. Транспорт картасының жарамдылық мерзімі – 5 жыл. Кепілдік мерзімі – 2 жыл. «Транспорт әмияны» тарифі бойынша жүктелген қаржының пайдалану мерзімі шексіз.

— Сонымен қатар балама жүйе ретінде транспорт құралындағы терминал арқылы жүргізушіге бір реттік жолақы құжатына (билет) қолма қол жол ақысын төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

— транспорт картасын бір мезетте бірнеше тарифке жүктеудің мүмкіндігі;

— Қосымша төлемсіз басқа автобусқа мінудің мүмкіндігі.

Бұдан басқа, ЭТЖЖ келесідегі жол құжаты түрлерін ұсынады:

— қағаз түріндегі бір реттік жол жүру құжаты, бір ғана жүруге есептелген және бір ғана сапарға жарамды және сол билет берілген транспорт құралының ішінде ғана;

— Толтырылған транспорт картасын (пластик) әртүрлі тарифке жүктеудің мүмкіндігі арқылы ұзақ уақыт пайдалану;

— мектеп транспорт картасы;

— жеңілдік транспорт картасы;

— транспорт билеті (шектеулі жол жүруге арналған толық толтырылмаған жұмсақ транспорт картасы).
Әрі қарай

18-19 тамыз күндері Елордада «Бал мерекесі» өтеді

Астана жаңалықтары: 18-19 тамыз күндері Елордада «Бал мерекесі» өтеді

18-19 тамыз аралығында қаламызда жыл сайынғы «Бал мерекесі» қала тұрғындарына ерекше қуаныш сыйламақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Саламатты өмір салтына бағытталған бұл дәстүрлі мерекені «Бал-Ара» Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы және «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізеді. Бұл мерекеқала тұрғындарына танымал ретінде олардыңдәмі тіл үйірер балдан дәм татуына және оның қорын жинап алуға мүмкіндік жасайды.

Көрме-жәрмеңкеде омарташылар балдың сапасы мен қасиеті және жалпы экологиялық таза өнімдерді сатып алу туралы кеңес береді. Жәрмеңкенің ерекшелігі сол, бұған тек жеке иелігінде бал арасының ұялары бар нағыз омарташылар қатысады. Олардың өнімдері сапалы әрі ешбір бояғыш заттар қосылмаған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бал мерекесі халықтың көптен күткен сүйікті шарасы. Бұл мезетте омарташылардың қазынасы жаңа өніммен толығады. Жалпы, балдан көптеген тағамдар мен сусындардың әзірленетінінатап өткен жөн. Ежелден оның емдік қасиеті бар екені де белгілі. Оны емдеу шараларына, сұлулыққа, күш пен қуатты арттыруға пайдаланады және одан дайындалған сусындар бар. Сонымен бірге, шіркеуде болатын балдың емдік қасиеті болады деген де ұғым бар. Осыған орай,өз еркімен қалаушыларға шіркеуде бал үлестірілген.

Астана қаласындағы Республика даңғылы 12 –дегі Константино-Еленин соборында және Күйші Дина көшесі 27-дегіСвято-Успенский соборында «Бал мерекесі» өткізіледі.Басталуы сағат 10:00-де.Ұйымдастырушылар барлық астаналықтарды және қала қонақтарын «Бал мерекесіне» шақырады.
Әрі қарай

700-ден астам адам қазақ тілі курсын тегін оқып шықты



Ұлттық тіл үйрету орталығы қазақ тілінен дәріс өткізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Оқытудың жалпы бағдарламасы 8 айға есептелген. Сынақты сәтті тапсырып, оқудан өткендігі туралы сертификатты алған соң, үміткер келесі курстағы сабағын жалғастырады.
Әрі қарай

«Сергек» жүйесі енгізілгеннен кейін ЖКО-ның саны 21 %азайды- әкімдік

Астана жаңалықтары: «Сергек» жүйесі енгізілгеннен кейін ЖКО-ның саны 21 %азайды- әкімдік

Елордада Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары әкімдігі мен «Зерде» Холдинг» АҚ және IT нарығы өкілдерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдардың цифрландыру күні өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Цифрландыру күні – мемлекеттік органдар мен IT нарығы өкілдерінің арасындағы диалог, диалогтың басты мақсаты мемлекеттік органдардың нарықтық ұсыныстарға ашықтығы, IT нарығын мемлекеттік органдардың жоспарлаған жобаларымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру.

Астана қаласы әкімдігі қалада әртүрлі салада жүзеге асып жатқан төрт жобаны таныстырды, олар Smart — денсаулық, iKomek қалалық жедел мониторинг және ден қою және «Сергек» интеллектуалды көлік жүйесі және фото – бейне фиксациялау жүйесі.

Астана қаласы әкімдігінің өкілдері атап өткендей, «Сергек» фото – бейне фиксациялау жүйесі енгізілгеннен бері қалада жол-көлік оқиғасының азайғаны байқалған.

«Өткен жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 21 пайызға, осы жол көлік оқиғасынан жарақат алғандар саны 20 пайызға, ал оқыс оқиғалар саны екі есе төмендеді. Сонымен қатар, Астана әкімдігі қаланы барынша жайлы және қолайлы ету мақсатында цифрландыру бойынша тағы бірнеше жобаны жүзеге асыруды қолға алғалы отыр: қылмыскерді болжамдау мен бағалау және бет-бейнені предиктивті талдау», деді отырыс барысында инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

Қалған жобалардың іске асырылуы қаладағы қылмысты 40% — ға азайту арқылы өз тиімділігін көрсетті, қағазсыз құжат айналымы, ауруханаларда кезектерді азайту, қоғамдық көлікті ыңғайлы пайдалану және басқа да оң өзгерістер.
Әрі қарай

«Қауіпсіз жол» ЖАІ қорытындысы шығарылды

Астана жаңалықтары: «Қауіпсіз жол» ЖАІ қорытындысы шығарылды

Жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін сақтау, жол көлік апаттарының санын азайту, сондай-ақ жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында 8-10тамыз аралығында елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қауіпсіз жол» шарасы барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болатын жол қиылысындағы ережені өрескел бұзуды анықтауға бағытталғанбірқатар рейд жүргізді.

Сонымен қатар, көлік ұйымының өкілдерімен бірлесе отырып қоғамдық автокөлік жүргізушілері арасындағы ЖЖЕанықтау күшейтілді. Жедел алдын алу іс-шарасы барысындаавтожолдарда Астана қаласы ІІД жол патруліндегі аппарат қызметкерлерінің қадағалау жұмыстарының ауқымы күшейтілді.

Қаладағы жол ережесін бұзуды негізінен автоматтандырылған жүйелермен фото-бейнетіркеу,«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенкөмегімен анықтайды.Үш күнге жалғасқан «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында фото-бейнетіркеу жүйесі 6000 тәртіп бұзушылықты анықтаған.

Полицейлер автокөлік жүргізу ережесін бұзған 700 көлік иесін анықтаған.Олар алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісінің телефон арқылы сөйлесу сияқты т.б. жол ережелерін бұзуға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алуға баса назар аударды.
Әрі қарай

16 тамызда прокуратура басшылығы азаматтарды жеке қабылдайды

Астана жаңалықтары: 16 тамызда прокуратура басшылығы азаматтарды жеке қабылдайды

2018 жылдың 16 тамызында, сағат 10:00 мен 16:00 аралығында Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен әкімдік бірлесе отырып, прокуратура, әкімдік, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік кірістер мен әділет департаменттерінің басшылығы және Ұлттық банктің филиалы өкілдерінің қатысуымен қала тіршілігінің көкейкесті сұрақтары бойынша жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

Қабылдау «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында алдын ала жазылу арқылы Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 3 мекен-жайында өткізіледі.

Алдын ала жазылу:

— Астана қалалық прокуратурасының байланыс телефондары 8 (7172) 712449, 712126;

— «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны 8 (7172) 361945 арқылы жүргізіледі.
Әрі қарай

Астанада жұмыс іздеп жүрген мұғалімдер үшін әр сенбіде бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жұмыс іздеп жүрген мұғалімдер үшін әр сенбіде бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Бүгінгі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика пәндерінің мұғалімдері тапшы, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс іздеп жүрген мұғалімдер үшін әр сенбіде бос орындар жәрмеңкесі өткізілетін болады.

Алғашқы үміткерлер әңгімелесуге 11 тамызда № 31 мектеп-гимназияда (Кеңесары к-сі, 49) және № 84 мектеп-лицейде (Ұлы дала д-лы, 7/1) келе алады.

Жәрмеңкені өткізу уақыты: сағат 10:00-ден сағат 13:00-ге дейін.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер әр сенбі күні (11, 18 және 25 тамызда) өтетін болады. Қазіргі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика пәндерінің мұғалімдері тапшы.

Болашақта елорда мектептерінде жұмыс істейтін жас мұғалімдер хостелдер мен жатақханаларда тұра алады. Алдағы уақытта жас отбасыларға шағын габаритті пәтерлердің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.
Әрі қарай

Астанада "Кедергісіз Қазақстан" акциясы басталды

Астана жаңалықтары: Астанада Кедергісіз Қазақстан акциясы басталды

Елімізде алғаш рет «Кедергісіз Қазақстан» акциясы басталды. Ендігі таңда ерекше күтімді қажет ететін балалар апта сайын еліміздің ірі кинотеатрларында тегін фильмдер көре алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімдігі мен «Kinopark Theatres» кинотеатр желісі мен «Q Group» компаниясының тобы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Мемлекет пен бизнестің әріптестігі арқасында барлық ерекше күтімді қажет ететін балалардың еліміздегі ірі кинотеатрлардан ақысыз түрде фильм көру мүмкіндігі пайда болды. Көрермен ретінде аутистік спектрі бұзылған және қаладағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі ДЦП ауыратын 150 бала және «Қасиетті Жол», «Солнечный Мир», «Дар», «Равные возможности» қоғамдық қайырымдылық қоры шақырылды. Ата-аналар – мұны ерекше балалардың дамуы мен бейімделуіне жасалған үлкен қадам деп айтып жатыр.

«Біздің балалар кәдімгі киносеанстарға келе алмайды. Оларға ерекше жағдай керек. Олар тұтас қараңғы жерді, оқыс дыбыстарды көтере алмай қорқып жылайды. Сондықтан оларға лайықталып жасалған көрсетілім таңғажайып кино әлеміне енуге мүмкіндік береді. Мұндай нәрселер олар үшін аса маңызды, бұл балалардың елестету, өнер, қабылдауын дамытады. Осы акцияның арқасныда жай ғана дүниелер біздің балалар үшін қолжетімді бола бастады. Біз өте ризамыз», — деді «Солнечный мир» орталығынан келген баланың анасы Евгения Чеботаревская.

Кинозалда техника жарықты жұтып, дыбыс эффектілерін кішірейтіп, кинозалдың есігін ыңғайлы болу үшін ашып қойды. Одан басқа, кинотеатр қызметкерлері мен ата-аналар ерекше балалармен бірге дұрыс іс-қимыл жасаудың тренингінен өткізіледі.

«Біздің міндетіміз – балаларымыз үшін максималды комфорт пен тең жағдай жасау. Сонымен қатар, бұл жобаны ерекше балаларды әлеуметтендіру баспалдағы ретінде көріп тұрмыз. Біз балаларды шабыттандыратын фильмдер көрсетеміз. Өйткені олар ерекше. Олардың арасында таланттар көп, біз балалардың қабілетін дамытып, бейімделіп, үлкен биіктерге жетуіне көмектесуіміз керек», — деді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Еске сала кетейік, акция еліміздегі әлеумет саясатын іске асыру мақсатында меценаттық принципті қозғалту және халықтың азаматтық белсенділігін жоғарылату, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары болып табылады және «Кедергісіз Қазақстан» акциясын іске асыру бойынша өткізіліп жатыр. «Q Group» тобының компаниясы әкімдіктің ұсынысына жауап қатып, аталмыш идеяны жалғастыратынын айта кетті.

«Осы тамыз айы бізге балаларға қанша фильм мен қандай мөлшерде фильм көрсету керектігін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни бейімдеу көрсетілімдері көп мөлшерді қажет етсе, онда біз көкжиегімізді соған орай кеңейте түсетін шаралар қолданамыз», — деді «Q Group» компаниясы тобының өкілі Сәуле Жұмажанова.

«Kinopark Theatres» кинотеатр желісі мен «Q Group» компаниясы тобының басшылығы өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына жауап қатты. Олар осылайша меценаттықтың дамуына үлкен үлес қосып, еліміздегі барлық кинотеатрларды «Кедергісіз Қазақстан» акциясын жылжытуға қатысуды және де еліміздің басқа қалалары мен астанадағы басқа кинотетар желілеріне балалардың ойын-сауық орны мен қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастыруға шақырды.

Әрі қарай

Тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі

Астана жаңалықтары: Тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі

Қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда мамандандырылған мектеп формасы мен соған жататын бұйымдардың сатылымы өтеді.

Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олар жаңа оқу жылының қарсаңындағы «Мектепке жол» республикалық акциясының шеңберінде өткізіледі.
Өтетін орны: Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.

Өтетін күндері: 11-12, 18-19 және 25-26 тамыз, 2018 жыл, сағат 10:00 ден 18:00 дейін.

Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11, мекен-жайындағы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан 55-74-03 тел. арқылы алуға болады.

Астана жаңалықтары: Тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі
Әрі қарай