Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Астанадағы ең үлкен «Жас қанат» аула клубы жаңаша жұмыс істейтін болады. Енді клубтың өзіндік стилі бар, келушілерді есепке алатын онлайн-бағдарлама әзірленіп, жаңа секциялар мен бағыттар ашылды. Жыл соңына дейін елордалық 11 аула клубының барлығы жаңартылып, бірыңғай AULA CLUB брендімен жұмыс істейтін болады.

– Аула клубтары дегенде Кеңес заманы көз алдыңа елестейді. Ал біз болсақ, жаңа заманауи AULA CLUB брендін жасап шығардық, ол барлық аула клубтарын қамтиды. Олардың әрқайсысының өзіндік стилі, қызықты дизайны болады. Бірінші кезеңте, ең үлкен клубтар өзгертіледі, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталмақ, – деді «Астана жастары» КММ ақпаратты талдау және мониторингі мен әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Оның айтуынша, қазіргі кезде аула клубтарына негізінен балалар ғана барады, ал алдағы уақытта жастар жиналатын, түрлі үйірмелер ұйымдастырылатын орталықтар құру жоспарланған.

Жаңартылған «Жас қанат» аула клубында қазіргі заманғы скауттар қозғалысының жастар орталығы ашылды.

– Балалар лагерьге барады, тауға, ашық далаларға шығады, от жағып үйренеді –жастар үшін мұның бәрі қызық нәрсе. Сондай-ақ, жас астаналықтар театр өнерімен, йогамен, техникалық шығармашылықпен танысады, – дейді Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Бүгінгі таңда клубтарда түрлі секциялар өткізіледі, соның ішінде каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы бар. Сонымен қатар, би, музыка, бейнелеу өнері және қолданбалы өнер сияқты шығармашылық үйірмелер де жұмыс істейді. Әр клубта жастарға өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін дербес бағдарламалар әзірленген. Атап айтқанда, спортты, ұлттық өнерді, хореография мен музыканы, қолданбалы өнерді дамыту, денсі сау жастарды тәрбиелеу бойынша бағдарламалар.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Елорда тұрғындарының назарына

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындарының назарына

2016 жылғы 6 маусымда елорда әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды.

5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленді.

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда ұсталатын тәртіп бойынша ұсыныстар.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар.

Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар.

Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер.

Ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар.

Дүрлігуге жол бермеңіздер.

Күмәнді заттарды тапқан жағдайда, дереу 112, 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлеріне хабарласыңыздар.
Әрі қарай

Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

6 маусымнан бастап елордада Сығанақ көшесін Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап М3 көпірге дейін және Шәмші Қалдаяқов көшесін М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін кеңейтуге байланысты кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді:

— № 4 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Ж. Нәжімеденов және Ш. Қалдаяков көшелерімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 14 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Қ. Аманжолов көшесін айналып өтеді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 21 маршрут: Д. Қонаев көшесінен Р. Қошқарбаев даңғылымен Байтұрсынов көшесінедейін, Ш. Қалдаяков көшесімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

№ 32 маршрут: Орынбор көшесімен, Қошқарбаев даңғылымен және Байтұрсынов көшесіменДостық көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Нәжімеденов және Қалдаяков көшелерімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 51 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ және Сауран көшелерімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 52 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ көшесіне кірмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 55 маршрут: Тұран даңғылынан Сарайшық көшесімен жүреді, Сығанақ, Түркістан, Достық және Орынбор көшелеріне кірмейді.

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі.

материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Ә. Жақсыбеков: Халықпен байланыс барынша тығыз әрі сенімді болуы тиіс

Астана қалалық әкімі халықпен байланысты барынша үзбеуге тырысады. Қала әкімдігінің сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары әкімдік пен халық арасындағы кері байланыстың тамаша мысалы. Бұл айдарларға да азаматтардан өтініштер көптеп түседі, Жыл басынан бері сайтқа 3,5 мыңнан астам адамнан өтініш келіп түскен, оның басым бөлігі ТКШ қызметі, аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көлік қою ережелерін бұзу және жолаушылар тасымалдау мәселелеріне қатысты. Өтініштер арнайы тақырыптарға бөлініп, тиісті департаменттерге жолданып, жылдам әрі толық жауап беруін қадағалап тұрады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Бірыңғай байланыс орталығы «109» қызметіне 122 мыңнан астам өтініш жолданған, олардың айтарлықтай бөлігі тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерге қатысты болған. Маусымның 6-күні Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында өтініштерді қарау мерзіміне және берілген жауаптардың сапасына баса назар аударды.

Астана жаңалықтары: Ә. Жақсыбеков: Халықпен байланыс барынша тығыз әрі сенімді болуы тиіс

«Көтерілген мәселелердің барлығын мүміндігінше тез шешу керек. Тұрғындар өз мәселелерінің шешілетініне сенімді болуы керек. Егер объективті себептермен біз ол мәселені шеше алмайтын болсақ, онда тұрғынға жағдайды түсіндіріп, уақытылы жауап қайтару керек», — деді елорда әкімі.

Ә. Жақсыбеков көптеген өтініштерге мерзімінде жауап бермеген басқармалардың басшыларына ескерту жасады.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар жауапкершілікті бір-біріне жүктеп, туындаған мәселені шешуді созып жіберетін жағдайлар болады.

Ә. Жақсыбеков елорда тұрғынының Шұбар шағын ауданында жағалаудағы абаттандырудың бүлінуіне қатысты арызын мысал ретінде келтіріп, аталған проблеманы жақын арада жоюды тапсырды.

Аппарат отырысында осы сияқты мәселелерді сөзсіз шешу керек екендігі атап өтілді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада Сабантой мерекесі өтті

«Жастар» сарайының алдындағы алаңда Сабантой халық мерекесі аталып өтті. Еңбек пен достық шарасына еліміздің түкпір-түкпірінен татар мен башқұрт ұлтының өкілдері жиналып, басты қонақтардың бірі Қазан қаласынан келген шығармашылық ұжымдар болды.

Астана жаңалықтары: Астанада Сабантой мерекесі өтті

«Сабантой» — жер өңдеу мерекесі ғана емес, ол халықтың туған тілін, төл мәдениетін, қонақжайлылығы мен кішіпейілділігін сақтауға деген талпыныс, түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын ерекше мейрам.

Астана қаласының әкімі Ермек Аманшаев қала тұрғындарын аталған мерекемен құттықтап, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне ынтымақтылығы, елордада және елімізде бейбітшілік пен келісімді дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.

Астана жаңалықтары: Астанада Сабантой мерекесі өтті

Мерекеге келгендер түрлі жарыстарға, ұлттық ойындарға қатысып, татар-башқұрт халықтарының ұлттық дәмдерінен ауыз тие алады. Арқан тартып, иінағашпен жүгіріп, қаппен секірді. Құмыралар жарып, армрестлингтен және гір көтеруден күш сынасты.

Астана жаңалықтары: Астанада Сабантой мерекесі өтті

Балалар үшін арнайы «Әкият» ертегі алаңы жасалды. Сондай-ақ, палуандардың «Көрәш» ұлттық күресінен Қазақстанның абсолюттік чемпионаты астаналықтардың ерекше қызығушылығын оятты.

Астана жаңалықтары: Астанада Сабантой мерекесі өтті

— Астанада өтетін мерекеге барлық облыстардың өкілдері, еліміздің бес өңірінен әртістер және Қазан қаласынан қонақтар келді. Бүгін би билеп, ән салып, ұлттық ойындарға қатысып, демалып жатырмыз, — деді «Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі Рафик Валиев.

Астана жаңалықтары: Астанада Сабантой мерекесі өтті

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астаналық "Мерейлі отбасы" анықталды

«Мерейлі отбасы» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Бейбітшілік және Келісім сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қобылбаевтар мен Салықовтар әулеті бірінші орынды өзара бөлісті.

Астана жаңалықтары: Астаналық Мерейлі отбасы анықталды

Шараның ашылуында өткен жылғы байқау жеңімпаздары Жүгінісовтар отбасы музыкалық тарту жасады. Қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Дос, Ерболат Төлегенов («Әзіл әлемі») және т.б. астаналықтарға керемет көңіл күй сыйлады.

Елордалық үздік отбасыларды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев марапаттап, қатысушыларға өз алғысын білдірді:
— Тұтастық, өмір ырғағы, осы жылдары қалыптасқан дәстүрлер елордамыздың қазіргі тыныс-тіршілігінің бейнесі. Баршаңызға табыс тілеймін, біз сіздерді мақтан етеміз!

Байқау жеңімпаздарының бірі әртістердің отбасы Салықовтар музыкалық сәлем жолдады.

Астана жаңалықтары: Астаналық Мерейлі отбасы анықталды

11 бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты Қобылбаевтар келушілерді өз отбасыларының көп ұлттылығымен және біртұтастығымен тәнті етті.

— Жұбайымыз екеуіміз үйленгенде отбасымыз үлкен болады деп бірден келістік. Тағдырдың жазғанымен, 9 жыл бала сүйе алмадық. Тұңғышымыз дүниеге келген жылы Балалар үйінен төрт баланы асырап алдық, кейіннен тағы үшеуін алдық, қазіргі кезде біздің 11 баламыз бар, оның ішінде, орыс та, қазақ та, украин да, түрік те бар, — дейді отағасы Мұрат Қобылбаев.

Қобылбаевтар әулеті отбасылық би ансамблін құрған, соның арқасында балалар түрлі ұлттардың биін де, тілін де меңгереді. Балалардың бәрі де қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары енді республикалық байқауға дайындалады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессия аясында 2016-2018 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізуді талқылап, әлеуметтік маңызды маршруттар тізімін, қалалық және қала маңы бағытындағы жолаушылар мен жүк тасымалдаудың тұрақты тарифтерін бекітті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің хабарлауынша, мектептерге жапсарлас ғимараттар салу және балабақшаларды абаттандыру бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, жеке меншікті балабақшаларда мемлекеттік тапсырыстың құнын ұлғайту, медициналық жабдықтарды және жедел жәрдем көліктерін сатып алу, тұрақтар мен гүлбақтар құрылысы, инженерлік желілер салу және т.б. үшін қосымша бюджеттік қаржы бөлінетін болады.

Астана жаңалықтары: Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттары жолаушылар мен жүк тасымалдау тарифтерін бекітті, қазіргі кезде тасымалдау құны 90 теңге, экспресс бағдарларда – 150 теңгені құрайды.

Жер учаскесіне құқық беру жөніндегі комиссияның құрамын өзгерту туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Сессия соңында өткен шақырылымдағы белсенді депутаттар марапатталды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада гүлдер фестивалі өтуде

Астанада «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты гүлдер фестивалі ашылды. Үш күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары базар аралап, «гүл» тағамдардан дәм татып, өз қолымен раушангүл немесе пион түріндегі сабын жасай алады, тіпті, өсімдіктер де отырғызады.

Астана жаңалықтары: Астанада гүлдер фестивалі өтуде
Келушілер назарына көп жылдық гүлдерден құралған ағылшындық стильдегі 167 бұталы өсімдік пен жасанды тоған ұсынылады. Арнайы базарда жергілікті және шетелдік өкілдерден гүлдердің, ағаштар мен бұталардың түр-түрін сатып алуға болады. Мерекеде ұсынылған 32 мың гүл түстерінен көз тұнады. Өсімдіктерден жасалған жасыл пішіндер шараға қосымша көрік береді.

Астана жаңалықтары: Астанада гүлдер фестивалі өтуде

– Бүгін елордада алғаш рет «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты гүлдер фестивалі өткізіліп жатыр. Шараның мақсаты – бірінші кезекте гүл өсіру дәстүрін жандандыру, сондай-ақ, қала тұрғындарын аталған шараны жыл сайын өткізу үшін жаңа дәстүр қалыптастыруға, мәдени тұрғыдан дамуға тарту болып табылады, – дейді «Астана-Зеленстрой» Басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов.

Фестиваль барысында өткізілетін конкурстардың басым бөлігі балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған. Олар гүлдердің хош иісі шығатын сабындар мен балауыздар жасап, сурет салу байқауына қатысты.

– Сурет салуды ұнатамын. Астанада гүлдер мерекесі өтіп жатыр, бәріміз де гүлбен байланысты суреттер, түрлі картиналар салып жатырмыз. Мен көкнәр гүлдерін салдым. осындай шараларды жақсы көремін, өйткені қалада жиі өткізіледі, — деді Адина Кариева.

Астана жаңалықтары: Астанада гүлдер фестивалі өтуде
Гүлдер фестивалі 4-5 маусымда сағат 10.00-13.00 аралығында өз қонақтарын күтеді. Мерекелік шара 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Елордада ҰБТ бойынша орташа балл 91,3 құрады

Бейсенбі күні, 2 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.

Елорда бойынша орташа балл 91,3 құрады. Ұлттық емтиханның бірінші күнінің қорытындысы бойынша екі түлек – қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінің және №15 мектеп-лицейінің оқушысы ең жоғары балл (124) жинаған.

Жалпы, 1058 оқушы тест тапсырды, соның ішінде 707-сі қазақ тілінде, 351-і орыс тілінде оқығандар. Тестілеу кезінде аудиториядан шығарылғандар немесе тест нәтижелерін жою жағдайлары тіркелген жоқ.

Астана жаңалықтары: Елордада ҰБТ бойынша орташа балл 91,3 құрады

Бүгін тестілеу Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтіп жатыр. Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-6 маусым аралығында өтеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Бір жақты қозғалыс енгізілген көшелер

28 мамырда Әуезов және Желтоқсан көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Бірінші жол учаскесінің ұзындығы — 2,9 км және Республика даңғылынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды. Екінші учаскенің ұзындығы – 2 км және Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды.

Ж.ргіншілерге түсіндіру және апатты жағдайларды болдырмау үшін әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері бір апта бойы көлік иелерімен біржақты қозғалыс ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Енді 6 маусымнан бастап жол полициясы біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады. Айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды.

Астана жаңалықтары: Бір жақты қозғалыс енгізілген көшелер

11 маусымда Абай даңғылында (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесінде (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесінде (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілмек.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай