Елордада ҰБТ бойынша орташа балл 91,3 құрады

Бейсенбі күні, 2 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.

Елорда бойынша орташа балл 91,3 құрады. Ұлттық емтиханның бірінші күнінің қорытындысы бойынша екі түлек – қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінің және №15 мектеп-лицейінің оқушысы ең жоғары балл (124) жинаған.

Жалпы, 1058 оқушы тест тапсырды, соның ішінде 707-сі қазақ тілінде, 351-і орыс тілінде оқығандар. Тестілеу кезінде аудиториядан шығарылғандар немесе тест нәтижелерін жою жағдайлары тіркелген жоқ.

Астана жаңалықтары: Елордада ҰБТ бойынша орташа балл 91,3 құрады

Бүгін тестілеу Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтіп жатыр. Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-6 маусым аралығында өтеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше