Елордада әлеуметтік тақырыптағы сурет байқауы өтеді

Байқау адамдардың шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ, қоғам назарын әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелерге аударуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Суреттерді қазанның 1-і мен 21-і аралығында тапсыруға болады. Астаналықтар ұлттық мәдениетті қолдау; патриотизмді насихаттау; халықтың өмір сүру деңгейі; денсаулық сақтау және білім саласындағы жағдай; ұлтаралық және конфессияаралық шыдамдылық; нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, темекі шегу мен маскүнемдіктің және ЖИТС-тің алдын алу; қоршаған ортаны қорғау және т.б. тақырыптардағы өз еңбектерін ұсына алады.

Сонымен қатар, конкурсқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған суреттер де қабылданады.

Шығармашылық байқауға елордада тұратын, оқып жүрген немесе жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. Конкурста жекелеген авторлар да, ұжымдар да бағын сынайды.

Ол үшін ұйымдастырушылар ұсынған бір немесе бірнеше тақырып бойынша эскиз дайындау керек. Әр туындымен бірге белгіленген үлгідегі өтінім тіркелуі тиіс. Өтінімдерді Астана қаласының әкімдігіне 15 қазанға дейін тапсыруға болады.

Жұмыстар А3 форматында немесе графикалық нұсқада орындалуы керек.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу тегін. Конкурстың қорытындысы 1 қарашада шығарылады және біздің сайтта жарық көреді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады, үздік туындылар аталған тақырыптар бойынша жарнама конструкцияларын жасау кезінде пайдаланылады.

Анықтама телефондары: +7 (717 2) 55 67 14, 8 (700) 555 22 58.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11313
Әрі қарай

Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды

Астана жаңалықтары: Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды
Үстіміздегі жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Астана қаласының статистика департаментінің хабарлауынша, жеке салушылармен жалпы ауданы 120064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға — 3,9 есе. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6%-ды құраған болатын.

2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91374,9 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызда — 107,3%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8%-ды құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11413
Әрі қарай

25 қыркүйекте елордада Еңбек күні аталып өтіледі

Астана жаңалықтары: 25 қыркүйекте елордада Еңбек күні аталып өтіледі
Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Биылғы жылы аталған мереке үшінші рет мерекеленеді.

Атаулы дата қоғамда адам еңбегінің беделін өсіруге, еңбек өнімділігін ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттауға және жастарды өндіріс саласына тартуға, жұмысшы әулеттердің көп жылдық дәстүрін нығайтуға бағытталған.

Еңбек күнін мерекелеу аясында 23 қыркүйекте сағат 10.00 «Жастар» театры ғимаратында қалалық еңбек Форумы өтеді. Шара барысында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша жеңімпаздарын, кәсіптері бойынша үздіктерді құттықтайды. Сонымен қатар, спорттық жарыстар, эстрада әртістерінің қатысуымен концерт және басқа да мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11395
Әрі қарай

Астанада алғаш рет STOPLAZY LIFESTYLE қайырымдылық форумы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада алғаш рет STOPLAZY LIFESTYLE қайырымдылық форумы өтті
Оқушылар Сарайында «Жеке Бас дамуы» атты Қайырымдылық Форумы өтті, оған Канада, Ресей және Қазақстан спикерлері катысты. Барлық жиналған қаржат «Best for kids » ҚҚ-нан " Handmade " балалар жәрмеңкесін қолдау үшін бағытталды.

Бұл қайырымдылық форумын «StopLazy» атты француз қауымдастығы ұйымдастырды.

Форумында қазақстандық бизнес-тренерлерімен қатар әр түрлі салалар бойынша білім беру мастер-класстарын өткізіп жүрген әлемдік сарапшылар шақырылған болатын.

Сол кеште қонақтар пайдалы ақпараты Гил Петерсилден, Филипп Богачевтан, Динара Сатжаннан, Мерей Мустафинадан, Ерлан Ахметовтан, Данил Файзуллаевтан, Болат Башеевтан және Меруерт Жунусбектен алды.

« Біз елорда тұрғындарына адам өмірінің әртүрлі саларында дами алатынын толық өмір философиясын көрсеткіміз келеді.Біз жиі байқап отырамыз, көбісі өмірдің бір саласына ғана көп көңіл аударады, мысалы, мансап, немесе өзінің денсаулығы туралы ұмытып не әуесқойлықты тастап, отбасы мен достарын ұмытып, назар аудармай калады"-дейді, бірлестіктің негізін қалаушы «StopLazy» Вадим Костерев.

Форумында қатысушылар шын мәнінде өз өміріне басқа қырынан қарады.

Қазірдің өзінде біз Форумға қатысушылардан елуден астам алғыс хат алып және күнделікті хаттар алып отырмыз.»

Іс-шараға балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысты. Осы іс-әрекеттің басты мақсаты — Астана қаласындағы халықтың түрлі топтарын біріктіру және барлығына тең мүмкіндіктерді беру.
Жалпы алғанда форумға 400-ден астам адам жиналды, олар спикерлерден сабақтар үйренумен қатар қайырымдылыққа да ықпал етті.
Әрі қарай

Астанада ЭКСПО-2017 еріктілерін дайындау бойынша бағдарлама басталды

Астана жаңалықтары: Астанада ЭКСПО-2017 еріктілерін дайындау бойынша бағдарлама басталды
Бүгінде 3000 ерікті іріктелді, олардың көбі ЖОО студенттері. Тыңдаушылардың бірінші тобы дау-дамайларды шешу бойынша тренингтен өтті. Астаналық еріктілермен бірге елордада супервайзерлер де білім алды, олар өз тәжірибесімен өңірлердегі әріптестерімен бөлісетін болады.

2017 жылға дейін 4500 ерікті дайындықтан өтеді. Көрме аумағында қонақтармен еріп жүретін еріктілер ЭКСПО-қалашығы инфрақұрылымының объектілері мен элементтерінің орналасу орны туралы хабардар етеді, басқалары – келушілерді билеттендіру; жеке заттар жоғалған жағдайда, көмек көрсетуге және іздестіру бюросымен ынтымақтасу; медпунктердің қызметкерлеріне көмек көрсетуге және көрме әріптестері мен демеушілерімен бірге жүруге жауап береді.

Сонымен қатар, еріктілер кешен тұрақтарын бақылайды, көліктің уақытылы ұсынылуын және көрмеге келушілер мен қатысушыларды автобус аялдамаларына жібереді. Ресми делегациялардың мүшелерін қабылдап, олармен еріп жүретін бөлек топ құрылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз үшін жауапты көмекшілер көмектеседі.

ЭКСПО-2017 еріктісі болуға ниет білдірушілер expo2017astana.com. сайтында сауалнама толтыра алады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11210
Әрі қарай

Олимпиадашыларды Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды

Астана жаңалықтары: Олимпиадашыларды Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды
Рио-де-Жанейрода өткен төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын қорғаған спортшылар елордаға оралды. Оларды қарсы алуға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен ата-аналары, сондай-ақ жанкүйерлер келді.

— Бүкіл мемлекет, халық болып сіздерге қолдау көрсеттік, сіздер төрт жылдықтың басты жарысында лайықты өнер көрсетіп, 22-орынға табан тіредіңіздер. Мен ата-аналарыңызды, бапкерлеріңізді осы ұлы жеңіспен құттықтаймын! Ең бастысы, сіздерді көріп, мыңдаған баланың бойында спортқа деген құлшыныс пайда болды. Осының барлығы Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дені сау және спорттық ұлтты тәрбиелеу бойынша саясаты үшін аса маңызды, — деді Ә. Исекешев.

Қала әкімі Риодан оралған барлық спортшыларды құттықтап, елордалық атлеттерге жеке алғысын білдірді.

— Сапарға аттанарда алтын медаль үшін таласуға уәде бердіңіздер. Нағыз капитан ретінде Данияр турнирді сенімді өткізіп, финалда әдемі жеңіске жетті. Біз сені мақтан тұтамыз, бәріміз де сен үшін уайымдап, қолдау көрсетуге тырыстық. Василий, біз сені олимпиада чемпионы деп есептейміз. Оны өзің де білесің. Өмірде бәрі де болады, дегенмен, алар бәйгең әлі алда екеніне сенімдімін, сен біз үшін чемпионсың. Гюзель Манюрова өзінің әлемдік дәрежедегі спортшы екендігін дәлелдеп, үшінші мәрте олимпиада жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Осындай батыр ұл-қыздарымызды тәрбиелеп, өсірген ата-аналарға, жаттықтырушыларға және спортшыларымызға рахмет, — деді қала басшысы.

Елорда әкімі Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс жүлде иегерлері Василий Левит пен Гюзель Манюроваға «темір тұлпарлардың» кілтін табыстады. Спортшылар осы көліктермен әуежайдан үйлеріне жол тартты. Әсет Исекешев жоғары спорттық жетістікке қол жеткізгені үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен олимпиада жүлдегерлеріне елордадан пәтер берілетінін атап өтті.

Риодағы олимпиаданың еркін күрестен күміс жүлдегері Гюзель Манюрова өз қуанышымен бөлісті:

«Қымбатты астаналықтар! Кеш болғанына қарамастан бзді қарсы алып жатқандарыңызға рахмет. Сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рахмет. Біз Риода жүрсек те бәрін сезіп, біліп жүрдік. Үлкен рахмет сіздерге»,- деді ол. Спортшы жарысқа аттанарда сенім артып, сәттілік тілегені үшін елорда әкіміне алғысын білдірді.

Қазақстандықтардың мақтанышы, бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов барлық жанкүйерлерге және жарыста жанында болған бүкіл командаға ризашылығын жеткізді. Чемпионның айтуынша, олар да ортақ жеңіске қол жеткізу үшін елеулі үлес қосты.

«Мұхиттың ар жағында болғанымен біз сіздердің қолдауларыңызды сезіндік. Бізге жағдай жасағаны үшін Мемлекет басшымызға, Астана әкіміне рахмет. Осындай жетістікке қол жеткізуіміз жаттықтырушыларымыздың да ерен еңбегі, барлық бапкерлерге, менің жеке бапкерім – әкеме, бас жаттықтырушыма, қол ұшын созған азаматтардың бәріне: дәрігерлерге, психологтарға алғыс айтамын», — деді Д. Елеусінов.

Спортшылардың ата-аналарының атынан Татьяна Левит жанкүйерлерге қолдауы мен қазақстандық олимпиадашыларға құрмет көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы жазғы олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы түрлі дәрежедегі 17 жүлдеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 22-ші орынға табан тіреді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11205
Әрі қарай

Астанада қайырымдылық білім беру форумы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада қайырымдылық білім беру форумы өтеді
Астанаға алғашқы рет аңызға айналған Канаданың және Ресейдің спикерлері, және ұлттық желі жұлдыздар келеді.

2016 жылдың 14 тамызында Астанада қазақстандық және шетелдік спикерлер қатысатын жеке даму үшін білім беру форумы өтеді. Бұл қайырымдылық форум балалар үйіндегі балалардың әлеуметтік бейімдеуіне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге, оларға тең мүмкіндіктер беруге және олардың қоғамға интеграциялануын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба бастамашысы — француз қайырымдылық бірлестігі “StopLazy” (Жалқаулыққа күрес). Бұл бірлестігінің негізін қалаушылар — Қазақстан Республикасының азаматы Вадим Костерев пен қазақстандық қоғамдық қорлар «Best for kids», «Үнсіз әлем».

Форум Астана қаласындағы түрлі санаттағы адамдарды біріктіруге және балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін баға жетпес үлес қосып, әр қатысушыға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Қатысушылардың балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға қайырымдылық көмек көрсетуіне мүмкіндік бар.

Гил Петерсил (Канада), Филипп Богачёв (Ресей), Мерей Мұстафина, Болат Башеев және басқа бизнес-жаттықтырушылар Динара Сәтжанмен бірге өз дәрістерін беруге жиналады.

“Бұл форум арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, соның ішінде есту мүмкіндігі шектеулі жандарға есік ашқымыз келеді, себебі әлеуметтік теңдік принципі біздің ұйымның негізінде жатыр." дейді — StopLazy Ассоциациясының Вадим негізін қалаушы Вадим Костерев. Форумда сурдоаудармашылар және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін арнайы қызметкерлер болады.

Форумға қатысушылар жеке даму тақырыбы бойынша Ресей және Канаданың үздік спикерлері мен сарапшыларымен кездеседі.

Форум туралы ақпарат алу үшін www.stoplazyforum.com сайтына кіріңіз.

БАҚ аккредиттациясы: partners@stoplazyforum.com
Телефон анықтамалары: +7 701 553 75 70
Әрі қарай

Елордада ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңі іске асырылуда

Астана жаңалықтары: Елордада ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңі іске асырылуда
Елордада ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесінің (ЭЖТЖ) бірінші кезеңі аясында азаматтардың жеңілдікті санаты қала маңына қатынайтын автобустарда тегін жүру құқығына ие болды.

30 шілдеде Астананың қала маңындағы территориясы 4 тарифтік аймаққа бөлінді және әрбір аймақтың ұзындығы 15 км құрайды. Бүгінгі таңда қала маңындағы тасымал қызметі 14 маршрутпен көрсетіледі және 24 елді мекенді қамтиды.

Астана жаңалықтары: Елордада ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңі іске асырылуда
Бұған дейін қолданылған 84 тарифтен тұратын тарифтік кесте 5-ке дейін қысқартылды. Осы уақыттан бастап жолақы құны жолаушының тарифтік аймақта қозғалуына байланысты болады. Бұл ретте қала маңындағы тұрғындарының Астанаға дейінгі жолақы құны орта есеппен 50 теңгеге арзандады.

Қала маңындағы автобустарда автопарктің бақылау-желілік қызметі жұмыс істейді. Толық ақпарат алу үшін жолаушылар 574-777 телефоны бойынша байланыс орталығына хабарласа алады.

Астана жаңалықтары: Елордада ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңі іске асырылуда
Электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңінде қолма қол ақшамен есеп айырысу арқылы көлік карталарын қолданбай қала маңы бағдарларындағы жолақы бағасын өзгерту қарастырылған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11101
Әрі қарай

Кейбір бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгерді

Астана жаңалықтары: Кейбір бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгерді
Елордада Ақмола – Сарыөзен көшелерінің қиылысында жол-жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №№ 4, 34, 46, 71, 81, 102 (экспресс) бағдарларының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.

№4 және №34 бағдарлар Тілендиев даңғ. – Сарыөзен к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі, Ұлытау – Ақтөбе – Қайнар көшелері арқылы соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта Қайнар – Ақтөбе – Ұлытау – Ақмола – Баршын – № 20-40 көшелері – Тілендиев даңғылы, одан әрі қолданыстағы сызба бойынша жүреді.
Астана жаңалықтары: Кейбір бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгерді
Астана жаңалықтары: Кейбір бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгерді

№№ 46, 71, 102 (экспресс) бағдарлары Тілендиев даңғ. – Сарыөзен к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі, Тілендиев даңғ. – Баршын – Ақмола – Ұлытау көшелері арқылы соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта Ұлытау – Ақмола – Баршын – № 20-40 көшелері – Тілендиев даңғылы, одан әрі қолданыстағы сызба бойынша жүреді.
Астана жаңалықтары: Кейбір бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгерді

№ 81 бағдардағы автобус Тілендиев даңғ. – Сарыөзен к-сі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі, Сарыөзен, Ақмола көшелеріне кірмей, Тілендиев даңғылы бойымен жүреді. Кері бағытта осы сызба бойынша жүреді.
Астана жаңалықтары: Кейбір бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгерді

Жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң жоғарыда аталған бағдарлар қолданыстағы сызба бойынша жүретін болады.
Әрі қарай

Астанада қала маңына қатынайтын автобустарда жаңа тарифтік жоспар енгізілді

Астана жаңалықтары: Астанада қала маңына қатынайтын автобустарда жаңа тарифтік жоспар енгізілді
Астана қаласында 30 шілдеден бастап күні қала маңындағы бағдарларға тарифтік аймақтар енгізілді. Аймақтарға бөлу жүйесі электронды жолақы төлеу жүйесі жобасын енгізудің дайындық кезеңі болып табылады.

Астананың қала маңындағы территориясы 4 тарифтік аймаққа бөлінген және әрбір аймақтың ұзақтығы 15 км құрайды. Бүгінгі таңда қала маңындағы тасымал 14 маршрутпен қызмет көрсете отырып, 24 елді мекенді қамтиды.

Бұған дейін қолданылған 84 тарифтен тұратын тарифтік кесте тасымалдаушылар мен жолаушылардың жұмысын әлдеқайда қиындатқан болатын. Қала маңы территориясын аймақтарға бөлу арқылы тарифтер саны 5-ке дейін қысқартылды. Осы уақыттан бастап жолақы құны жолаушының тарифтік аймақта қозғалуына байланысты болады.

Астана қаласының қала маңы бағдарларында жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдау қызметінің бағасы Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына сәйкес белгіленді.

Электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңінде қолма қол ақшамен есеп айырысу арқылы көлік карталарын қолданбай қала маңы бағдарларындағы жолақы бағасын өзгерту қарастырылған.

Тарифтік аймақтар бойынша жолақы бағасы төменде тіркелген.

Астана жаңалықтары: Астанада қала маңына қатынайтын автобустарда жаңа тарифтік жоспар енгізілді

astana.gov.kz/kk/modules/material/11089
Әрі қарай