"Жетісу тарландары" "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында бақ сынамақ

Алматы облысы: Жетісу тарландары Айбын халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында бақ сынамақ
Биыл қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Айбын» жастар жиыны 12-17 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтеді. Жыл сайын өткізілетін әскери-патриоттық жастар жиынының мақсаты — әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшылары бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Осы бағытта Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастыру мен өткізу бойынша үлкен жұмыс атқаруы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
«Халықаралық деңгейде өтетін жастар жиынына Алматы облысының ең үздік жігіттері таңдалынып алынды. Осы уақыт ішінде, қатысушылар күнделікті дайындықтың арқасында өз шеберліктерін машықтай түсті. Біздің командада физикалық күшті, рухы биік, білікті жастардан құралған. Біз жеңіске абыроймен жетеміз деген сенімдемін!», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос Жұманұлы.
«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында «Эрудит» зияткерлік сайысы бар. Бұл сайыс облысымыздың спорт және білім саласында жеткен жетістіктерін таныстырады.
Баспасөз мәслихатына қатысқан БАҚ өкілдері «Жетісу тарландарына» сайыстан жүлделі оралсын деп тілектестіктерін білдірді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысының «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кешенді аттестаттаудан өтті

Алматы облысының «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кешенді аттестаттаудан  өтті
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес кәсіби мемлекеттік аппаратты құру бойынша бағыттардың бірі — мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ляззат Бейсекулова баяндады.

Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 7606 адам. Оның ішінде 4108-і жергілікті атқарушы органдар, 3498-і орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде. Аттестаттаудан өтуге тиіс мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 5541-ді құрады (73%). Елбасы тарапынан аттестаттауға жатпайтын тұлғаларға қатысты талаптар бекітілді. Олардың жалпы саны — 27% құрап отыр. Биылғы аттестаттау бұрынғысына қарағанда ерекшелігі — заңнаманы білуге қатысты тестілеудің жоқтығы.
«Алматы облысының «Б» корпусы бойынша барлық мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестаттаудан өтіп, облыс қызметкерлері жалпы жақсы көрсеткіш көрсетті» — деді өз сөзінде Ляззат Бейсекулова.

Егер де мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттаудан өтпей қалатын болса, ол өз лауазымынан төмен орынға иеленеді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Оралбекова А.Т
Алматы облысының кейбір мемлекеттік қызметшілері кешенді аттестаттаудан босатылады
Кешенді аттестаттау – мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамытудың кепілі. Қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің негізі болмақ. Осы тақырып төңірегінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ляззат Бейсекулова баяндаған болатын.
«Сонымен қатар кейбір мемлекеттік қызметшілер кешенді аттестаттаудан босатылаған. Олар:
1) аттестаттаудан өткізу кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жыл және одан аз уақыт қалған
«Б» корпусының қызметшілері.
2) жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері;
3) жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдер,
үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі балаларды
(он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа
да адамдар;
4) тиісті аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өту сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі алты айдан аз, мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған адамдар;
5) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған «Б» корпусының қызметшілері.» — деді Ляззат Бейсекулова.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті жүктейді

Алматы облысы: Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті жүктейді
Мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершіліктің қалыптасуы тұрақты дамудың негізгі шарттардың бірі. Қазіргі таңда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік компанияның іскерлік беделі мен капиталдандыруын арттыратын тиімді қызмет ретінде қабылданады. Бұл бизнестің қоғамның, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардың дамуына ерікті үлесі болып табылады. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз отырысында айтылды. Оған облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Мұрат Бақыткерімұлы және кәсіпкерлер палатасының мүшесі Алмагүл Шегеқызы қатысып, биыл 10-шы рет өткізіліп отырған «Парыз» байқауы жайлы баяндама жасады.

Кәсіпорындар облыстың әлеуметтік жағдайын көтеріп қана қоймай, Отанымыздың өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс. «Байқауға өтінімдер және лауреаттарды анықтау үш түрлі субъект категориялары (ірі, орта, шағын) анықталады. Олар – «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары» — деді Мұрат Мәдіғұлов. Сонымен қатар Баспасөз конференциясында жыл сайын өткізілетін байқауға 50-ден астам компания қатысатынын айтты. Әр жылдары жеңіске жеткендер бизнес субъектілері қатарында «Алматы қанты», «Нусипов и К» ЖШС, «JTI» компаниялар тобы, «Тамас» ЖШС, «Әділ» ШҚ, «ТК Интеграл» ЖШС, «ТАТЭК» АҚ бар.
«Өткен жылы облысымыздан екі кәсіпорын республикалық конкурстың лауреаттары атанды. Ірі кәсіпорындар арасында екінші орынға «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «ТК Метакон» иеленсе, «Экологияға қосқан» үлесі үшін» — «ТАТЭК» АҚ үшінші орын бұйырды», — деді кәсіпкерлер палатасының, адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Шегеқызы.
Еске салып өтсек, байқауға қатысу үшін кәсіпорындар өтінімі осы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Алматы облысының «Қайнар» аккумулятор зауыты сатылымын 3 миллионға арттырмақ

Алматы облысының «Қайнар» аккумулятор зауыты сатылымын  3 миллионға арттырмақ

«Қайнар – АКБ» компаниясы аккумулятор батареяларын шығаратын отандық тауар өндіруші болып табылады. Ол тек батареялардың құрамы мен бөлшектерін құюды ғана емес, оны дайын өнім етіп шығаруда. Осы және өзге де компания жетістіктерімен таныстыруға келген «Қайнар-АКБ» ЖШС Бас директорының экономика жане каржы жөніндегі орынбасары Тусупбаева Салтанат Серікқызы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысына қатысып, баяндама жасады.

«Аккумулятор батареяларының барлық халықаралық стандарттарға сай етіп өндірілуі өнім сапасы мен өндірістік қуаттың артуына және шикізат пен материал шығынының төмендеуіне мүмкіндік берді. Сондықтан сапалы өнім бізге халықаралық келіссөздер жүргізуге жол ашады. Бұған дәлел 2017 жылдың 26-шы мамырда Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында отандық «BARS», «KAINAR», «Ұлы Дала», «Nomad» сынды аккумуляторларды таныстыру шарасында, «Rising Hope Commercial» компаниясымен 700 000 дана аккумуляторға келісім-шарт жасасуы. Сонымен қатар екі жақты келісіммен алдағы уақытта 3 млн дана аккумулятор батареяларын Қытай нарығына сату жоспары бар», — деді Салтанат Серікқызы.

Баспасөз отырысында «Қайнар – АКБ» зауытының мақсаттары мен өзекті мәселелері талқыланды. Мәселен, олар Қазақстандағы барлық қорғасынды аккумуляторлық батареяға айналдыру, 1,8 мың адамды жұмыспен қамту және бюджетке түсетін аударымдардың ұлғаюын қарастыруы жайлы айтты. Ал мәселеге келсек мемлекеттік қолдау қажеттілігі, жеңілдетілген несиелердің ұсынылуы және PR-компаниялардың көмегінің қажеттілігін алға тартты.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

.
Rising Hope Commercial аккумулятор батареяларының нарығында 5 жыл, Пекин қаласында аккумулятор батареяларын сату бойынша мамандандырылған 10 дүкен жұмыс істеуде, сонымен қатар аккумулятор батареяларын интернет дүкені арқылы сатуда, онда 50 қызметкерлер және Қытайдын барлық аймақтарында 100 дилермен жұмыс жасауда.

Қазіргі уақыттағы алға қойып отырған жоспары: 100 мың тонна қорғасынды аккумулятор батареяларына айналдыру.
Оның ішінде нарыққа шығатындары: Қазақстаннан-1,5 млн дана; Ресейден – 4,5 млн дана және ТМД елдерінен -1,5 млн дана.
Жаңа нарыққа көшетіндер:1,5 млн дана. Оған мына мемлекеттер кіреді: БАӘ, Қытай, Африка, Ауғанстан, Оңт-Шығыс Азия.
Келесі айта кететін мәселе, мемлекеттік қолдау қажет:
· жеңілдетілген несиелерді ұсынуға;
· салықтық преференцияларды өткізуге;
· шығындарды өтеу, жаңа инновациялық технологиялар мен техникалықт консалтингіге жол беру;
· PR-компаниялар жүргізу барысындағы жеңілдіктерді ұсыну.
АКБ шығарылымын арттырудан туындайтын мультипликативті әсері: 1)Қазақстандағы барлық қорғасынды аккумуляторлық батареяға қайта өңдеу. 2)Қосымша жұмыс орындарын құрып, 1,8 мың адамды жұмыспен қамту болып табылады.
Сонымен қатар, бюджетке түсетін аударымдардың ұлғаюын қарастыру, яғни биылғы жылы 566 млн-нан 3,1 млрд тг-ге дейін.
Әрі қарай