Алматы облысының «Қайнар» аккумулятор зауыты сатылымын 3 миллионға арттырмақ
«Қайнар – АКБ» компаниясы аккумулятор батареяларын шығаратын отандық тауар өндіруші болып табылады. Ол тек батареялардың құрамы мен бөлшектерін құюды ғана емес, оны дайын өнім етіп шығаруда. Осы және өзге де компания жетістіктерімен таныстыруға келген «Қайнар-АКБ» ЖШС Бас директорының экономика жане каржы жөніндегі орынбасары Тусупбаева Салтанат Серікқызы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысына қатысып, баяндама жасады.
«Аккумулятор батареяларының барлық халықаралық стандарттарға сай етіп өндірілуі өнім сапасы мен өндірістік қуаттың артуына және шикізат пен материал шығынының төмендеуіне мүмкіндік берді. Сондықтан сапалы өнім бізге халықаралық келіссөздер жүргізуге жол ашады. Бұған дәлел 2017 жылдың 26-шы мамырда Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында отандық «BARS», «KAINAR», «Ұлы Дала», «Nomad» сынды аккумуляторларды таныстыру шарасында, «Rising Hope Commercial» компаниясымен 700 000 дана аккумуляторға келісім-шарт жасасуы. Сонымен қатар екі жақты келісіммен алдағы уақытта 3 млн дана аккумулятор батареяларын Қытай нарығына сату жоспары бар», — деді Салтанат Серікқызы.
Баспасөз отырысында «Қайнар – АКБ» зауытының мақсаттары мен өзекті мәселелері талқыланды. Мәселен, олар Қазақстандағы барлық қорғасынды аккумуляторлық батареяға айналдыру, 1,8 мың адамды жұмыспен қамту және бюджетке түсетін аударымдардың ұлғаюын қарастыруы жайлы айтты. Ал мәселеге келсек мемлекеттік қолдау қажеттілігі, жеңілдетілген несиелердің ұсынылуы және PR-компаниялардың көмегінің қажеттілігін алға тартты.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
.
Rising Hope Commercial аккумулятор батареяларының нарығында 5 жыл, Пекин қаласында аккумулятор батареяларын сату бойынша мамандандырылған 10 дүкен жұмыс істеуде, сонымен қатар аккумулятор батареяларын интернет дүкені арқылы сатуда, онда 50 қызметкерлер және Қытайдын барлық аймақтарында 100 дилермен жұмыс жасауда.
Қазіргі уақыттағы алға қойып отырған жоспары: 100 мың тонна қорғасынды аккумулятор батареяларына айналдыру.
Оның ішінде нарыққа шығатындары: Қазақстаннан-1,5 млн дана; Ресейден – 4,5 млн дана және ТМД елдерінен -1,5 млн дана.
Жаңа нарыққа көшетіндер:1,5 млн дана. Оған мына мемлекеттер кіреді: БАӘ, Қытай, Африка, Ауғанстан, Оңт-Шығыс Азия.
Келесі айта кететін мәселе, мемлекеттік қолдау қажет:
· жеңілдетілген несиелерді ұсынуға;
· салықтық преференцияларды өткізуге;
· шығындарды өтеу, жаңа инновациялық технологиялар мен техникалықт консалтингіге жол беру;
· PR-компаниялар жүргізу барысындағы жеңілдіктерді ұсыну.
АКБ шығарылымын арттырудан туындайтын мультипликативті әсері: 1)Қазақстандағы барлық қорғасынды аккумуляторлық батареяға қайта өңдеу. 2)Қосымша жұмыс орындарын құрып, 1,8 мың адамды жұмыспен қамту болып табылады.
Сонымен қатар, бюджетке түсетін аударымдардың ұлғаюын қарастыру, яғни биылғы жылы 566 млн-нан 3,1 млрд тг-ге дейін.
Пікір жоқ әзірше