Қазақта сегізбұрышты жұлдыз символ болған ба?
Бұрын 90-шы жылдардың басында болу керек, бізде қазақтарда осындай жұлдыз символ болған дегенді оқыған едім. Нақты дереккөзі жоқ. Болса болған шығар деп жүре бердім.Кеше Ювижнда масондар және Астана туралы қызық мақала шықты. Мүмкін сәйкестік, мүмкін емес. Әйтседе жазылғандар біраз ойлантып тастады. Әсіресе осы жұлдыз туралы жеріне қадалып қалдым. Шынымен қазақта мұндай символ болды ма? Болса қолданыстағы суреттері де болуы керек қой. Мүмкін іздеп көрерміз?

Ескі Түркістан қаласы
Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың барлығы да көне заманның бүгінгі куәгеріндей күмбездерін күнге сүйгізіп, өңірдің атын асқақтатып тұр. Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны – атақты Айша бибі кесенесі. Ол ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады. Әулиелі Әулиеата өңіріне аяқ басқан адамның бәрі ең алдымен осы кесенеге келіп, тәу етпей кетпейді.