Керектің тұрғындарына шолу.

Қисық — ақкөңіл жігіт екен. Бұған дейін оны еш елестете алмағанмын.Құрылтайдан оның ортаға бейімделгіш, көпшіл, қалжыңды қабылдай алатын, досты күте алатын жан екенін біліп қайттым. Қызыл сөздің майын ағызтады.
Патик — бұл кісінің суреттерін көргенбіз. Кездесу арқылы, Керекинфо арқылы танып жүргендіктен қыңыр сөзге шебер шығар деп ойладым. Бірақ, өзін ұстамды ұстайды екен. Сәл сылбырлау сөйлейді десем ренжи қоймас. Екеуара әңгімемізден ұқққаным қулық- сұмдықтан ада жан екен. Құлағының сыртынан күн көрінетін, аузын ашса артынан жол көрінетін жігіт.
Ақзере — Сатыбалдының оған не үшін ғашық екенін ұққандай болдым. ақкөңіл қара қыз.
Айкона — адаммен тіл табыса алады. Өз ісіне жауаптылықпен қарайтын қыз. Жалпы сол жерде жүрген алматылық қыздар мен жігіттердің жауаптылығына әңгімем жоқ!
Салтанат-Сары қыз дәрі қыз. Жан-жағын жандырып жүретін жан секілді.
Қалдықыз — ол жайлы жазып жатудың өзі артық. Бізге белгілі Қалдықыз- сол Қалдықыз. Ашық-жарқын жүрген қалпы. Тек қалын көрсетпеді…
Аршат -админ жайлы не айтуға болады)))) Жақсы жігіт екенін Қарағандыдағы кездесуде -ақ байқағанмын. Жан-жақты терең ойлай алады. Өзімен келіншегін былай қойып баласына дейін тобылды жек көру сезімімен өмір сүріп жүрген жандар)))
Ернұр-Асұлан — Ақтөбенің аңқылдаған жігіті. Сөз жоқ оған.
Омарбрат — брат деуге тұрарлық жан.
Жалғас Ертай — түрлі тақырыпта әңгімелесудің шебері. ЖАқсы жігіт. Тек дауласса тоқтамай қояды екен)))

Әзірге осы. Маған келсек… Блогшылардың арасындағы қызыл қырты мен секілдімін. Екі сөз айтсам үшеуіне күледі. Өзімді арзан КВН-щиктердей сезіндім))))
Әрі қарай

Қыздың күйі...

Иә, бір күнгідей болмады блогкемпте өте шықты. Құйрықты жұлдыздай жалт еттік… Бірақ, қоштасу бар жерде кездесу бар. Бұйыртса әлі талай басымыз қосылар. Менің қазіргі күйім… менің емес-ау барлығымыздың десем де шатаса қоймаспын жігіті алдап кеткен, қыз- ғұмырын күз ғұмырға айналдырған қыздың күйіндей… Жаным жадау тартып отырғандай… Мынау поштама келген суреттер. Әйгерімге рахмет салып жіберген!
Әрі қарай

Түскі репортаж

Қарағанды уақыты 12.00. аршаттар пойызбен Қарағандыдан аман-есен өтіп кетті. Кездесеміз деп ойлағанымызбен кездесе алмай қалдық. "Қайықшыға жел қарсы" демекші, жолды көлік апаты тежеп тастады. Нәтижесінде біздің қалаға жарты сағат тоқтап тұратын пойызға үлгере алмай қалдым. Осы жазбамды Қарағанды вокзалынан жазып отырмын. Алла жазса Әбекең пойызға түскі бірде отырып, 1.30-да "Қоңыр салқын төске алып, алматыны бетке алып" тартып отырады.
Әрі қарай

Бауырсақ

Ауылда өстік. Ойын баласымыз. Әжеміздің баласы болғандықтан көп адамды көзге қыстырмадық. Шіркін, менің әжемнің бауырсақтары-ай! Қып-қызыл боп, қызара піскен бауырсақтың дәмі осыны жазып отырғанда таңдайыма келді. Бауырсақты ыстықтай жегенді ұнатушы едім. Былай шауып (шыбық атпен)бара жатып бір бауырсақ, былай өтіп бара жатып бір бауырсақ іліп кетуші едім. Бауырсақтар піскенше он шақты бауырсақты жеп үлгересің әлгі жерде. Ауылға барған сайын әжем жеңгелеріме мен ұнататын тамақтарды бірінен соң бірін әзірлетеді. Обалы не керек жеңгелерімнің тамақтары да дәмді. Әжемдікінің аты әжемдікі ғой бәрібір…
Әрі қарай

Осы дұрыс па?

Балқаштан ағам келді. Әр нені әңгімелеп жатып қазіргі жастардың сөз арасына «Аллаһ разы болсынды» көп қосатыны жайлы сөз еттік. Көшеде қоштасып жатқан екі доста «ал, жақсы.Сау бол, Аллаһ разы болсын!»дейді. Телефонмен бір -біріне өтініш жасайды ар жақтағысы мақұлдаса да «Аллаһ разы болсын!» дейді. «Рахмет, көмегің тиді» деседе жеткілікті шығар?! Мүмкін бұлары дұрыс та болар? Керекті-керексіз жерге Жаратушыны қыстыра берген жөн емес тәрізді МОМП (мменің ойым-менің пікірім).
Әрі қарай

Тоны айналған өлең

Қарағандылық ақын Бағдат Мүбәрәк әріптесі ақын Серік Сағынтайға өз өлеңін оқып тұр дейді:
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың
Қыз мұңайса басады, ұлды уайым
Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ
Жарытпай-ақ қойды ғой бұл Құдайым.

Сол жерде осы өлеңді Секең былай өзгертіпті:
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың
Қыз мұңайса басады, ұлды уайым
Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ
Бізді де оңдырмады бұл Гүләйім*.

Шашеке-Шашубай. Аққайың әнінің авторы
Гүләйім-Серік ақынның жұбайы
Әрі қарай

Бесік

Киіз үй туралы жазғанымда Гүлстан атты қыз өтініш білдірген екен. Енді сол қарындасымыздың яки апамыздың өтініші бойынша бесік жайлы сөз қозғасақ.
Бесік жайлы әркім әр түрлі пікір айтып жүр. Егер бесіктегі баланың бойы өспейтін болса еңгезердей бабаларымыз сәбіз жеп өсірді ме бойларын? Бесіктің бойға қатысы жоқ. Бесік ежелден келе жатқан мүлік болып есептеледі. Қазақтың ата салтында балаға бесікті нағашы жұрты әзірлеп әкеледі. Әбіләкімнің  ауылы: Бесік
Әрі қарай

Не боп кеткен?

Күзде інім әскерге кеткен. арасында соткамен сөйлесіп тұрамыз. Кетерінде алып кеткен нөмірімен жүр. Арасында соткадан агентке кіріп қояды. Әскерде жүргендермен хат жазысудың өзі бір ғанибет еді ғой кезінде… Кім болса да, қайда болса да аман жүрсінші барлық борышын өтеушілер!
Аршатқа айтсам «Блог ашып алса да таңқалма» дейді. Айтайын дегенім армия не болып кеткен? Агентке кіру түгілі туалетке кіру мұң болатын кездер болып еді десе ешкім сенбейтін шығар қазір…
Әрі қарай

Бұзау міну және текемен сүзісу

Ауылда өстік. Шыбықты ат қылып міндік. Кейін келе көңіліміз оған да көншімеді. қорада тұрған бұзауға мінетін әдет таптық. Кейбір көнпістері кәдімгідей тепеңдеп, белін қайқайтып ала жөнелетін. Өрістен қайтарда мініп аласың әлгілерге тышқақтатып. Аяушылық сезімің оянғанда кезекпен айырбастайсың. «Ат жалын, сиыр тұяғын» төсейді деген сөз бар халқымызда. Бұзау болса да сиыр малы емес пе, құлағанда ыңқ етіп жаман құлайтын едім.
Одан қалса ешкінің төлін айналдырамыз. Мүйіздің тұқылы өсіп келе жатқан лақтың мүйізінің түбін уқалаймыз. Онымен ойнап сүзісеміз.Сөйтіп-сөйтіп әлгі лақ сүзеген текеге айналушы еді…
Әрі қарай

Төрт түлік мал

Қазақ халқында төрт түлік мал деген ұғым бар. Әр түліктің киесі мен иесі бар деп есептеген.
Жылқы-иесі Қамбар ата.
Түйе-иесі Ойсылқара
Сиыр-иесі Зеңгі баба
Қой-ешкі- иелері Шопан ата мен Шекшек ата.

Түйенің төлін-бота, жылқының төлін- құлын, сиырдың төлін-бұзау, қойдың төлін-қозы, ал ешкінің төлін-лақ деп атайды.
Әрі қарай