Ескі теледидар

— Мама айтшы анаған маған мультик көрсетпей жатыр.
— Әй таласпаңдар.
— Бер деймін пультті, бееер.
— Көкем-ау ана бөлмеге барып көре бермейсіңбе.
— Қойш мам осында көргім келіп тұр.

Өткенде бір танысымның үйіне барғанда 3-4 жасар балаларының осындай дау-дамайларына куә болдым. Сіздергеде таныс шығар,әсіресе кішкентай балалары бар үйлерге.

Әлі есімде менің де шамамен 3-4 жасар кезім (суреттерге қарап жасымды жобалап отырм) үйдің төргі бөлмесінде төбесі ақ кестелі орамалмен жабылған бетінде әйнегі бар төртбұрыш,қасында өне бойы түгел тесік-тесік, бір жақ жақтауында розеткасы бар құрылғы тұратын. Үлкендердің айтуынша ол телевизор, ол кезде телевизордыңда не екенін білмейтінмін себебі ол телевизор жәй тұрғаны болмаса көрсетпейтін кеңестік «Весна» деген теледидар еді. Бірде әкем үйге бір орысты алып келді. Орыс теледидардың артын ашып бірдеңені қыжылдатып – быжылдатып әйтеуір кешкісін үйдегілер төрт көзі түгел болып теледидардың алдында отырды. Теледидардың не екенін осылай білдім. Жөнделген теледидардың қызығы ұзаққа бармады, үйдегілердің мынаның лампасы тағы күйіп кетіпті деген сөздерін естіп қалғаным бар қысқасы ол теледидар қайтадан қаңырап тұрды. Содан кейін қай кез екені есімде жоқ әлі мектепке бармаған кезім үйде кәдімгі қытайски кішкентай теледидар пайда болды. 2 канал көрсетеді Хабар, ОРТ. Қытырт-қытырт еткізіп құлағын бұрап алма кезек екі каналды алмастырып көреміз. Ол кезде кешке екі күннің бірінде кешкісін ауылда свет өшіп қалатын, ал әлгі теледидар мотоциклдің аккумуляторымен де қосыла береді екен. Свет өшкен күні маңайдағы көрші көлем, ауылдың екінші жақ шетінде тұратын туыстар барлығы кешке «Тоғысқан тағдырлар» деген сериалды көруге біздің үйге жиналатын. Ал мен анда санда мультфильм көргеніме мәз болып жүретінмін.

Жазда ауылға барғанымда гараждан бірдеңе іздеп жүріп ескі-құсқы заттардың арасынан шаң басқан әлгі теледидарға көзім түсті. Әлі бар екен. Кезінде бір үйге ғана емес, бүкіл маңайға қызмет еткен теледидар қазір ешкімге керексіз қоқыс болып жатыр.
Әрі қарай

Егер қазақ футболшысы жеңіс голын салса...

Қандай да бір шетелдік клубтармен біздің футбол клубтары өзара ойын ойнаса, немесе ұлттық құрамамыз басқа бір елдің құрамасымен ойнап кез келген қазақ футболшысы жауапты допты қақпаға тоғытса…
Иә, дәл осындай күн туса біздің қазақ тілді БАҚ беттерінде жарияланатын мақалалардың атауы былай болар еді.
Егер Аслан Дарабаев гол соқса…
«Дара туған Дарабаев», «Дархан даланың дара ұлы», «Даңқты Дарабаев», «Дарабаев торды «дар» еткізді»,»Дарабаев далаға теппейді» деп кете берер еді…
Асхат Борантаев.
«Борантаевтың боранды голы», «Борантаев боркемік емес», «Болдырмайтын Борантаев»…
Әрі қарай

Малдан бата алған бала

Әбіләкімнің  ауылы: Малдан бата алған балаЕл жаққа барған соң ауыл тірлігіне араласпасаң тағы болмайды. Екі қолды желкеге қойып, екі тістің арасынан «шырт» түкіріп жататындарды ол жақта ұната қоймайды. Сондықтан да айт алдында ауылға барған мен ауыл тірлігіне бел шеше кірісіп кеттім. Ағамның жаз бойы шапқан шөптерін тасыдық.
Әрі қарай

Мен бүгін өз-өзімді жек көремін...

Мен бүгін ұйықтай алман, кірпік ілмен
Күнәмді көтердің-ау кірпігіңмен
Қараңғылық басқанда қара басып
Тірлігімнен кешегі түн түңілген
Мен бүгін ұйықтай алман, кірпік ілмен

Мен бүгін күнәлімін, кінәлімін
Нұрына шыдамадым шуағыңның
Мұңыңды мұңмен жамап кеттім білем
Сусынына қанам деп бұлағыңның
Мен бүгін күнәлімін, кінәлімін

Мен бүгін өз-өзімді жек көремін
Мейлің сен өкпелеме, өкпелегін
Мен үшін сен тек қана көрген түссің
Сен үшін болайыншы «Жоқ дерегім»
Мен бүгін өз-өзімді жек көремін.

Бір мезгіл сен де өзіңді жек көре біл…
Әрі қарай

Раскладушка

Біздер, сонау ұзын арқан, кең тұсау заманының бір пұшпағын көріп қалған, бірақта балалығымыз өліара кезге тап келген ұрпақпыз ғой. Кейде тым болмаса ой арқылы балалық шағыма орала бергім келеді.
Қазақтардың бала туу санын шектемеген тұстары үйдің бір бөлмесіне қаз -қатар көрпе жайып, рет-ретімізбен жата кетуші едік қой. Өзімізше бір-бір жастықты иемденіп, бір-бір көрпенің тұрақты жамылушысы болғанымызға мәз болатынбыз. көрпе ауысып кетсе арты төбелеске дейін барып тұратын. Әбіләкімнің  ауылы: РаскладушкаБіздер, үйдегі майда-шүйде балалар осылай ырду-дырду болып жатқанда ересектеу ағамыз анадай жерде раскладушккасын жайып жіберіп жататын еді. Кей күндері ағамыздың үйде болмайтынын білген кездерімізде, қоңыр материалын жан жағынан серіппелермен тартқылап, әлуминиге бекітілген сол раскладушкаға жату бақытына ие де болып қалатынбыз. Серіппе тартылған жері үзіліп әр жері салбырап, кей жерлері қызыл сыммен, енді бір жерлері қара сыммен бекітіліп тұрған сол қоңыр раскладушка әлі күнге көз алдымда.
Кейін, заман кеңіген бір тұста тәуелсіздіктің алғашқы жылдары маған да бір кішігірім көк раскладушка бұйырған еді. Қуандым әриен. Бірақ, сол раскладушкаға жатқан кезде қоңыр раскладушкаға жатқандай әсер ала алмадым…
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Той әнектері

Тойға бармайтын қазақ жоқ. Тойшыл емеспін деген қазақтың өзі кемінде 3 тойға баратын шығар бір жылда. Туған-туыстың, дос-жаранның тойына қонақ болуымды есептесем орта есеппен жылана 4 мәрте тойда қонақ болады екенмін.
Келіншегіміз баламен демалып отырған осы бір тұста жуанның жіңішкеруін, жіңішкенің үзілуін күтпей ауыздан кеп тұрған соң биыл беттің арын белбеуге түйіп асабалықты бұрқыратыңқырап жібердім. Енді жұмыстың кестесі қызар тұста сәл тоқтай тұрармыз. ол басқа әңгіме.
Біздің айтарымыз… Тойларда қонақ болып келіп, ән айта алмаса да керемет қалжың айтып кететін ағаларымыз болады. Тойдың әнектері дегеніміз, жан-жағынан сүзгіден өткен әнектер.
Әрі қарай

IMEI-іңіз не дейді?

БАҚ кз. телефон сатып аларда оның түпнұсқа, я болмаса көшірме екенін қалай анықтауға болатынын жариялаған екен. Авторы Жанақ Бабас. Бірақ, бұл әдісте бір ыңғайсыздық тудыратын жайт бар. Инетке кіріп, арнайы сайт арқылы алғалы тұрған телефоныңыздың IMEI кодын енгізтуіңіз қажет. Ал, ұялы телефон алмақ болып тұрған жеріңізде инетке қосылу мүмкіндігі болмаса ше?
Әбіләкімнің  ауылы: IMEI-іңіз не дейді?Ендеше, мына сандарды жаттап алыңыз не болмаса қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз.
Дисплейде *#06# теру арқылы имейіңізді шығарып аласыз. Ол 15 саннан тұрады.
Осы 15 санның ішіндегі 7-ші және 8-ші сандар арқылы телефонды шығарушы елді анықтауға болады(қытайлар бұл жағын да «мұз» қып алған шығар ендігі))).
01 немесе 10 және 70 сандары — Финляндия (сапалы тауар)
07 ,08, 78 — Германия
13 — Азербайджан (сапасы төменірек)
03 или 80 -Қытай
30 — Корея
67 — АҚШ
19, 40 — Англия
60 — Сингапур
04 — Венгрия

Түпнұсқаға сілтеме
Сурет
Әрі қарай

Қай шығарманы қайталап оқыр едіңіз?

Қазақ жазушыларының жазған дүниелері жетерлік. Іліп алары да бар, сүрте саларлары да жетерлік. Мына сауалнамада көрсетілген шығармалардың қайсысын қайталап оқуға қарсы емессіз. Сауалнаманың мақсатын сұраққа қатысты таза 35 пікірден соң жариялаймын. Жылдап күтуге де әзірмін.
Әрі қарай

Желілік маркетинг

Бұл күнде аңқау адамның ауызын ұрып кететін түрлі желілік-қаржылық топтар бар. Пирамида, киіз үй дейсің бе түрлі атаумен атауға болады. Олар көбіне бір орында ұзақ отыруды жөн санамайтындар қатарынан. Бұларға кезінде адамдар топ-тобымен барып алданған. Табанақы, маңдай терімен тапқанын салып жіберетін жандар арамызда әлі де бар. Әңгіме олар жайлы емес.
Әңгіме, түрлі косметикалық өнімдер арқылы табыс табуды көздейтін желілік маркетинг турасында. Бұлардың жоғарыдағылардан айырмашылығы ешқайда қашып кетпейді. Тауарларын айналдырып отыра береді. Amway, Mary Kay, Oriflame, Асыл Арман деп кете береді. Бизнестің бұл түрімен жетістікке жетіп алғандар да бар. «Басында бастағандар жеткен шығар. Қазір бұл „не реально“ дейтіндер де табылады.
Ал, енді осы „керекшілер“ арасында желілік маркетингпен ақша тауып жүрген жандар бар ма? 5-10 мың теңге көлемінде емес. Айына 100 мыңнан жоғары кіріс кіргізетіндер. Тауар түрінде өзіңді алдап жүрген ауадағы ақша емес. Кәдімгі, шытырлаған, таза ақша.
Әбіләкімнің  ауылы: Желілік маркетингМенің өзім де бизнестің бұл түріне басында кіргендер табысқа кенеліп алғандар, қалғандары елес қуып жүргендер дейтіндер қатарынанмын. Бірақ, Балқаштағы апам (әпкем) 2013-ші жылдың ақпан айында Орифлейм дейтін біреуіне кірген екен. Қандай жанкештілікпен еңбектенгенін мен білмеймін. Дегенмен, ана жолы қаламызға сапарлатып келгенде тура осы желілік маркетинг арқылы қанша табыс тауып отырғанына көзім жетті. Айына мың доллардан артық табыс кіргіземін дейді. Әскердегі шендер секілді бұл кісілерде де өзіндік дәрежелер бар еен. Апам-директормын дейді.
Ал, енді жетістікке жетуін еңбектенуінен және адамдарға бұл бизнестің көзін дұрыс түсіндіре алуынан іздеуіміз керек екен. Оның айтуынша керексіз косметикалық тауарларды тапсыра берудің қажеті жоқ. Күнделікті өмірде қолданылатын тіс пастасы, тіс шөткесі, сабын, иіс су, сусабындарды тапсырыспен алып отырсаң ғана жеткілікті. Әрине, тек өзіңе қажетті бұл заттарды ай сайын алып отырсаң жоғары жетістікке жетпейсің. Көрші-қолаңды да жаңағы әдіске үйретесің.
ал, енді бұлардың пирамидалық топтарға ұқсайтын жерлері артынан адам тарту. Яғни, өз астына адам жинау. Артыңнан 5-6 адам жақсы жұмыс істеп тұрса тегін ақша есеп шотыңа құйыла береді дейді. Айтуға оңай… Бейсен Құрамбек не дейді екен?
Сілтеме, ойлап тұрғандарыңыздай суретке
Әрі қарай