http://www.zhastar.biz сайтындағы өтірік әңгімелерім

***
14 жасар езім.Қарасуды жаз жайлап отырмыз.Көктем.Қолымда Көкжендет атты қаз алатын қарғам бар, астымда Көкқасқа дөнен, Көктөс деген итім соңымда.Көлден қаз аулауға шықтым.Көкжендетті жібердім қаздарға.Аспан қаздан көрінбей кетті.Көкжендет құлатып жатыр қаздарды, былай теуіп өтет 10 қаз, былай өтет 10 қаз.Ауылдың үсті қаздың мамығына толып,қатындар көрпе жастығын бір жаңалап алды.
Бір кезде біреу иыгымнан түртет,қарасам жалшы бала: «Мырзам, акеніз шакырып жатыр деп коят» о кісі мені кус салып жүргенде шакырмаушы ед деп коям.Содан келсем, әкей «гриповаттап» калыпты." ой,әке, далакомга неге збандай салмадын" деп коям.Сойтсем колдін жағасында вне зоны екен ғой.
Балам мына аурудын түрі жаман, аптекадан антигрипин акелесің ғой дим деді әкем.Содан «Леди» деген аптека бар еді соган бардым шауып. Не қажетін айтпастан алтын ділдәләрімді тастай бердім. Аптекада Венера Касимова деген таныс кызым тур екен. Ол да не керегін сурамастан без сдаш бірденені сала салды.
Шауып келім әкеме берсем, ана жынды кыз әдеттегідей деп ойлап «резеңке» беріп жіберіпті
Әрі қарай

Туфлиім қайда?

Бұл оқиғаның өткеніне де 2-3 жылдың көлемі толыпты. Еркектерде екі шалбар болса болды ғой. Кезек-кезек жуып алып киіп жүре береміз. соның біреуі сыр бере бастаған соң базарға бардым. Өзіме жарасады-ау деген біреуін киіп көріп, пакетке оратып алдым. Қолтығымда пакет, пакетте шалбар, езуімде күлкі аялдамаға қарай алшаңдай басып келемін.
Әрі қарай

Сұрақтың "көкесі"

«Жүре берсең көре бересің» деген рас негізі. Өткенде Балқашта болғанымда жездемнен бір қызық әңгіме естідім. Мүмкін маған ғана қызық болып көрінген болар. Мәселе былай, әкімшіліктің адамдарымен үй тұрғындары кездесіп жатса керек. Бір шал әдейі ме әлде шын ба мынандай сұрақ қойыпты: «Мен екінші қабатта тұрамын, неліктен мен жерге салық төлеуім керек? Себебі ол жердің салығын бірінші қабаттағы тұрғын төлеген жоқ па? Мен одан артық көлем алып жатқан жоқпын, дәл соның үстінде тұрамын» деген екен. ақсақалға әкімдіктен келгендер жауап бере алмай қалыпты.
Әрі қарай

Молданың айтқанын істегенмен, интернеттен көргеніңді істеме...

Қазағымыздың мақалын бұлай бұрмалауыма себептің болып тұрғаны. 30 жасар американдық Кимонта атты келіншек өзінің 3 айлық нәрестесін Youtube-дегі бейнеролик арқылы сүндеттемек болады. Бірақта оның қай жерден қателескені белгісіз,қатты қансыраған баланың жанын дәрігерлер алып қалыпты.

Дереккөз
Әрі қарай

Мұндай да болады)))

Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай Қарағанды облысында жыл басынан бері облыстық-республикалық деңгейде ауқымды іс-шаралар өтуде.Қыркүйектің 8-9-10 күндері айтысы бар, мүшайрасы бар, ән конкурсы бар обшым небір қызықтардың бәрі қатар -қатар келеді. мен ән конкурсының басы қасында жүретін топтамын. Отпускаға кетерде жер-жерге конкурс шарттарын жіберген едім, енді жұмысқа шыға салып келген құжаттарды қарап отырып қызық суретке тап болдым. Конкурсқа қатысушы өзінің белгілі бір көлемдегі суретін жіберуге міндетті.Астаналық бір қыз соткамен түскен (2 мп ғой деймін) оның үстіне гүлді-гүлді рамкасы бар суретін жіберіпті)))) Сірә, конкурсқа бірінші қатысып тұр ау деймін))))
Әрі қарай

Қасық түссе...

Қазақта небір ырымдар мен тиымдар көп қой. Баяғыда кеседегі шайдың ішінде бір ұзын шама (сама) жүзіп жүрсе қонақ келеді дегенді де естіп ем. Шай ішіп отырып қасық түсіріп алса да біреу келе жатыр деп жорамалдауға болады екен. Бір қызығы, қасық етпетінен түссе еркек, шалқасынан түссе әйел (қатын) адам келеді деп айтылады. Неге? Әлде бұған қос жыныстың төсекте жатуының қатысы бар ма? Бұндайды естіп пе едіңіздер?


Суреттің алынған жері міне
Әрі қарай

Намыс дода

Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстан арнасы «Намыс дода» атты ойынды көрсетуші еді. Жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев болды-ау деймін шамасы. Бұл ойынға белгілі бір мемлекеттердің спортшылары, өнер жұлдыздары қатысушы еді. Үйде бала-шаға, шал-шауқан демей бәріміз көруші едік.Бағана ТД қарап отырсам ресейліктер тағы да осындай сынға түскелі жатыр екен. Біздің ел бұл ойынға неге қатыспады екен? Әлде бір іріктеу ойындары болушы ма еді, содан өте алмадық па?

Суреттің алынған жері міне
Әрі қарай