Намыс дода

Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстан арнасы «Намыс дода» атты ойынды көрсетуші еді. Жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев болды-ау деймін шамасы. Бұл ойынға белгілі бір мемлекеттердің спортшылары, өнер жұлдыздары қатысушы еді. Үйде бала-шаға, шал-шауқан демей бәріміз көруші едік.Бағана ТД қарап отырсам ресейліктер тағы да осындай сынға түскелі жатыр екен. Біздің ел бұл ойынға неге қатыспады екен? Әлде бір іріктеу ойындары болушы ма еді, содан өте алмадық па?

Суреттің алынған жері міне
Бөлісу:

4 пікір

meirzhan
Оны Оливье Ганьяннан сұрау керек.
Негізгі қатысушылар Ресей, Қытай болып тұрады. Ал басқа мемлекеттер жыл сайын ауысып отырады. Меніңше жыл сайын бір мемлекеттер қатыса берсе әділетті болмайды.
Өзіндік шарттары бар шығар, қатысу үшін. Мәселен қаржы жағынан деген сияқты.
Abilakim
Бірақ жақсы ойын еді. Жыл сайын емес, біздің команда қатысқанына да біраз жылдың жүзі өтті-ау деймін негізі
meirzhan
Менің есімде біздің команданың 1 жыл қатысуы қалыпты.
urimtal
Осы шараға қатысу үшін қаржы керек екені түсінікті. «Намыс Дода» жүргізіліп жүргенде "Қазақстан" телеарнасының сол кездегі басшысы іскерлік танытып, сол жобаға қатыстыруға қаржы көзін тапқан болатын. Қазіргі басшылықтың мүддесі болса, әлі де қатысуға болады.