Ақсақ қой

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген жақсы сөз бар ғой халқымызда.Әйтеуір маңырайтынын жанымызға медет. сол қой тәрізде мен де түстен кейін емес, кешке қарай намаздыгер мен намазшамның ортасында маңырайын деп отырмын.
Алматы мен Астананың киносүйерлері баяғыда көріп, пікірлерін, жазбаларын арнаған «алып қашу операциясын» кеше ғана көрдім өз басым. Керемет алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Сол баяғы сөйлеу мәнерлері мен ойнау мәнерлерінің жұтаңдығы анық байқалады. Киноляп дегеннің болып тұратыны белгілі. Бұл кинодағы киноляп қыздың нағашы ағасы Джимми рөліндегі бойдақты сомдайтын Беріктің қолындағы неке сақинасы. Кино бойы біресе саусағынан байқалып қалса, бірде алып тастағандары байқалады. Кей эпизодтары «25 теңгені» еске салатындай.Қаракөз, Тұрсынбектер жақсы-ақ ойнап жүр. Сырым продюссері өзі болған соң басты рөлді сомдаған болар. Дегенмен актерлік шеберлігі аз екені көзге ұрып тұр. Солай.
Әрі қарай

Нағима

Түсіме Нағима кіріп жүр...«Тағы кірді» демей-ақ қояйын.Бірінші рет кірді түсіме. Бәлкім соңғы рет… Бота көзі мөлдіреп маған қарап тұр екен деймін. Тура өмірдегідей. Көзқарасын айтамын. Ондай көзді кейін мен кездестірмедім. Жә, басынан бастайын.«Нағимасы кім, Есқалиева ма?» деген сауалдар мазалап өткен болар оқыған жанды.
Ол кезде мен баламын. 92-93- ші жылдар шамасы. Жайлаудамыз. Қарасудың бойы. Көрші жайлаудан, яғни Бесқауғада отырған Жақан атты малшыдан бізге бір тайынша ауысып келді. Шатысып кеткен түгіміз жоқ, айырбастап алдық. Сол тайынша біздің қорамыздағы өзі құралпылас тайыншалардан ірі болатын. Үлкен денесіне жараспайтын киіктің басындай кішкене басы бар. Көзі… Енді, ондай көз тек боталарда бар шығар. Ірілігіне қарап біз оған «Нағима» деп ат қойдық. Есқалиеваның құрметіне. Содан Нағима құнажын шықты. Дөнежінге өткен жылы бұзаулады. Армандап жүрген бұзауымыз болған соң «Арманай»деп (ұрғашы бұзау) атадық.Нағиманың бір ерекшелігі қаншама жыл төлдеді, қаншама бұқа ауысты, барлық бұзауының көзі өзінің көзіндей сиыр малына тән емес бота көз болушы еді.
Нағима дәәәәу сиыр болды.Табын сиырдың ішінде түйедей болып алыстан көрінуші еді. Жеңгемнің салған бақшасының жауы болды. Қоршап қойған торкөз сымдардан жәй ғана аттап кете салушы еді. «Обратка» сүттерді (көк сүт, сеператорджан өткен сүт, ол кезде ешкім ірімшік жасап сату дегенді білмейтін ауыл жақта) бір өзі ішуші еді астаудан. Кей жылдары 18ге дейін сауын сиырын сауатынбыз.Осылардан шыққан сүттің обраткісін өзі жалғыз ішуші еді. Ол кезде басқа ағаларым үйленбеген.Жеңгеме сиыр сауып көмектесетінмін. Басқа сиырлардың барлығын сауа алғаныммен Нағиманы сауа алмайтынмын.Желіні уысыма симаушы еді. Ондай сүтті сиырды содан кейін көрмеппін. 13-15 летірге дейін сүт беруші еді. Кейін жылдар өте қартая бастаған соң күздікке кетті жарықтық. Еті үш үйлі жанға жетті ғой.
Әрі қарай

Тбаймайттың қатыны...

Төсектен есіней көтерілген Есенқұл ұйқылы-ояу ауын тыр-тыр қаси есікке беттеді. Жаздың соңғы айы болғандықтан ба түн салқындау екен. «Ауылдық жердің бір жаманы дәретхананың сыртта болғаны, бір жақсысы қалаған жеріңе шор еткізе саласың» деп ойлап тұрған Есенқұлдың ойын есіктің сырт ете қалған дыбысы бұзды. Қажетін өтеп тұрған бойда мойнын бұрып есікке қарады.Жел қатты болмаса да айқара ашып кеткен есігі жабылып қалыпты. Шаруасын тындырып болған соң есікті тоқылдатты. Жылы төсекте жатқан әйелі ұйқысынан оянып келем дегенше Есенқұлдың еті құсеттеніп үлгерді.
-Кім бұл?
-Мен Есенқұл?
-???
-Есікті ашып жіберші, қатып қалдым…
-Кімсің? Жеті түнде не істеп жүрсің? Біздің есікті қаққаныңды Есенқұл білсе мені өлтіріп тастар.Болды, қылжақтай бермей үйіңе қайт.
-Тбаймайттың қатыны, есікті аш дейм. Мен Есенқұлмын, сенің байыңмын.
-Ырбаңныңда жөні бар, Есенқұл ұйықтап жатыр.Енді есік қағып мазалар болсаң есікті өзі ашады-деген келіншек сүйретпесін сүйрете басып жатар бөлмеге беттеді. Көрпені ашып енді кіре беріп, қасында байының жоғын аңғарды. Жанұшыра есікке жүгірді.Есікпен қоса көзі жарқ ете қалды.Шапалақпен жағынан тартып жіберіп:
-Тбаймайттың қатыны!-деп тістене сөйлеген байы төсекке беттеп бара жатты.
Әрі қарай