Менің вассалымның вассалы...

Кәпөн әскерден келген соң ауылда бір-екі ай ғана жүріп қалаға жұмыс іздеп кетті. Ауылдық жердегі жастар бригадасы құрығалы қашан? Обалы нешік бұл әскерден келгенде де, қалаға жұмысқа кеткенде де өзінен кішкентайла (щеголдары) жөн-жоралғысын жасап, «брат, Ақ жол!Қайда жүрсең де аман жүр! Ауылға келген кезде ысқырып қалсаң дайын тұрамыз( деп шығарып салды. Кәпөннің тамағына өксік тығылып, көзіне жас келді. Өңешіне келген өксікті щеголдарына көрсетпей арақпен қоса жұтып жіберді.
Кәпөн сол кеткеннен мол кетті.Не жұмыс істегенін бір Құдай одан кейін өзі білер. Бірақ араға 4 жыл салып ауылға ат басын бұрды. Киім киісі бәрі ептеп өзгерген. Жаңа болмаса да жарасымды етіп киіп алғаны көрініп тұр. Бала кезі өткен ауылға келіп тұрған соң ба, әлде кезінде өзін шығарып салған жастардың сөзі есіне түсті ме кеудесінде бір желік пайда болды. Ауылдың дүкенінің артында темекі шегіп тұрған 4 жеткіншек көзіне түсті.
»Әй, қыртымбайлар бері кеңдерш! Ағаларың қаладан кеп жатыр, бірдеңе құймайсыңдар ма?". Аналар бізге айтып тұрсың ба дегендей бұған сәл аңырайып қарап қалды. «Неге бағжиып тұрсыңдар, сендерге айтам!» «Сендей братты танымайды екенбіз, не дегенмен бізге өкпелеме» деп ана төртеуі бұны тепкінің астына ала жөнелді. Кәпөн бір қолымен бетін, екінші қолымен қарақұсын қорғаштап бүктетіліп жата берді. Бір уақытта аналар шаршады ма әлде осыда жетер деді ме екен әйтеуір бұны жайына тастап кете берді. Орнынан ауырсына тұрып, ағасының үйіне келе жатқан Кәпөннің құлағына баяғыда тарихтан беретін ағайдың айтқан «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» деген сөздері қайта естіліп тұрды.
Әрі қарай

Аквариумдағы адамдар

Теңіз атты мекенінің барлығы
Өзі жүзген аквариумның тарлығы
Кірмейді оның түсіне

Ағынға қарсы жүзбейді
Тамағын тек бір уақытта іздейді
Аквариумда себебі

Қиялилау шығармын мен ептеген
Өз әлемін шыныменен шектеген
Аквариумдағы балыққа ұқсас жандар бар
Мен оларды, мен оларды жек көрем!
Әрі қарай

Мал ма Періште ме?

Кеше үй жақта дүкендердің бірінен «Stars kz» журналын (шатаспасам)көзім шалып қалды. мұқаба бетіне бадырайтып тұрып АРАЙ ӘМІРЕ" КҮЙЕУІМ АДАМ ЕМЕС.." деп жазылыпты. Арай Әмірені екінің бірі біле бермесі анық. Бірақ мынандай тақырыптан соң
Әрі қарай

"Алтын джойстик"

Кешегі финалды үйде үш дос тамашаладық. Мен, Қуаныш (Медеубаев, жас ақын) және Ботабек(тележурналист). Үшеуміз де Барселонаның жеңгеніне қуанатындар тізімінен едік.Сонымен финал ойындарынан кейін үшеуміз өзара мықтыны анықтауға кірістік.PES-2010
Әрі қарай

Бізден қалған арақ қой...

Бір тойда жастар жағы бөтелкелерді ортаға алып сілтеңкіреп отырса, жандарына бір ақсақал келіпті.
-Қарақтарым, не ішіп отырсыңдар?
-арақ ақсақал…
-Ой, бізден қалған арақ қой. Кезінде мал бағып жүріпте ішкенбіз. Кетсек жүректен кететін
Әрі қарай