Бізден қалған арақ қой...

Бір тойда жастар жағы бөтелкелерді ортаға алып сілтеңкіреп отырса, жандарына бір ақсақал келіпті.
-Қарақтарым, не ішіп отырсыңдар?
-арақ ақсақал…
-Ой, бізден қалған арақ қой. Кезінде мал бағып жүріпте ішкенбіз. Кетсек жүректен кететін шығармыз.Құйш, кәне олай болса «Сарыағашыңнан»…
Ақсақалға бір кесе (пиала)газды суды быж еткізіп құйып беріпті.
-Ищщай… Бұл арақ деген бізден қалған ғой.Осы мен өлсем бауырдан өлермін.Баяғыда трактор теуіп жүріпте іше беретінбіз. Құйш, андағы «Сарыағашыңнан» ...
Тағы бір кесе «Сарыағаш» ақсақалдың өңешінен қылқ етіп өте шықты.
-Қазіргі арақ арақ па? Біздің кезіміздегі арақты айтсаңдарш. Кекірсең күпәйкең өртенетін ғой перегарынан...Әй, осы мен кетсем бауырдан кететін шығармық. Тағы бір құйып жіберш…
сол кезде бір қу тілді жігіт:
-Ақсақал, сіз мына түріңізбен жүректен де емес, бауырдан да емес қуықтан кететін шығарсыз-депті))))
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше