Блог туралы не мәлімет керек сендерге? Не туралы екенін өзімде білмеймін. Жүре-бара көрерміз…
Наклейка
Сөз етпейтінді сөз етті дерсіздер.Бірақ, осы наклейканың елімізде модыға енген жылдары бар. 1984-88 жылдар аралығында наклейка дегендерің қат дүние болатын. Баласы Германияда, Венгрияда әскери борыштарын өтеп жүрген үйлердің шкафтарының қақпақтарында, сервантарының бұрыштарында сары шашты бұйрабас қыздардың, басқада қыздардың немесе қалалардың көрінісі бар наклейкаларын жиі көріп қалуға болатын еді.
Бұл наклейкаларды жабыстырудың өзіндің ләззаты мен машақаты бар еді. Жылы суға салып ерітіп, одан кейін әлгі наклейкаңның езіліп кетпеуін қадағалап асқан дәлдікпен жабыстырудың өзі өнер болатын. Кейін келе ғой наклейка жарықтықтар сағыздың ішінен шыға бастап, не боса соған жапсырылғандары.
Әрі қарай

Қоңыр махаббат
Алғы сөз орнына
Бүгін бейсенбі ғой.
Бұл әңгімесымағымды бұрынырақта оқыған шығарсыздар.Еш әріпін, сөйлемін өзгертпедім. Қателері де бар шығар,қарамадым. «Дабайға» салдым ғой деймін...«Алтын қаламға» жіберіп бағын сынап ем, болмады. 2004 жылы «Менің Отаным-Менің Қазақстаным» атты ҚР Шекара әскерлерінің он жылдығына орай өткен ҰҚК арасындағы конкурста бас жүлдені иеленіп еді. Ол кезде жәй солдатпын, ұтып алған соммам 100 доллар еді. Бірақ, оны кейін білдім.Мен мерзімді әскери міндетімді өтеп қайтып кеткен ем. Бұл жайлы «Отан сақшысы» газетінің 2004 ж. 18-ші тамыз Шекарашылар күніне арналған санынан оқып білдім. Оған дейінгі білгенім бір майор, бір полковник және менің екінші кезеңге өтуім еді.

Біздерде мынадай бар,мынадай бар-2
БҰТ-қа арнау (бірыңғай ұлттық тест)
Иә, заман өзгерді
ҰБТ-ны көз көрді
Телміртті баланы
Тілектес көздерді
Біреулер жылады
Біреулер қуанды
Біреулер жуады
Ал, біреулер…
жіпке ілініп тұрады
Түсе алмай таңдаған салаға
Не дейін жылаған балаға?
Обалы жеткіншек гүлдердің
Ан
Әрі қарай
ҰБТ-ны көз көрді
Телміртті баланы
Тілектес көздерді
Біреулер жылады
Біреулер қуанды
Біреулер жуады
Ал, біреулер…
жіпке ілініп тұрады
Түсе алмай таңдаған салаға
Не дейін жылаған балаға?
Обалы жеткіншек гүлдердің
Ан
Ақ қайың кінәлі емес!
Қазір «Хабар» мен "Қазақстанның" жаңалықтарын қарағанша КТК арнасының ақпараттарын қарауды жөн деп білетіндер көп. Кеше сол КТК тағы бір шидің басын шығарды. «Қыдырәлі Болманов жалақымызды бермей жүр!» “Бал-бала” жауапкершілігі шектеулі
Әрі қарай
Сәукелені неліктен сәукеле атаған?
Алдыман Сәукеле жайлы сөз қозғасақ.
«Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен

Есектің де естісі бар есері бар...
Ағылшындық Энн Роджерстің фермасындағы Дотти атты ұрғашы есек аз күнде жарты Англияға танымалдыққа ие болды.

Стэнли атты қойды талап жатқан итті көрген Дотти қарап тұра алмапты.
Әрі қарай

Стэнли атты қойды талап жатқан итті көрген Дотти қарап тұра алмапты.
Сарала қаздың күшігі...
Бала кезіміздегі ертегілерде құмай тазылар сарала қаздан туады дегенді жиі еститінбіз. Халық арасында итала қаз деп те аталына береді осынау жабайы дала қазы. Қоңыр қазға қарағанда кішірек. Өзен маңындағы түлкі, қарсақтардың тастап кеткен ескі ініне ұя басады.
Бала кезімде жаз шығысымен жайлауға кететінмін. Қаншама сарала қаздың інін қарадым, таппадым құмай күшікті. үлкендерден сұрасам мыңнан бірі күшік болады деуші еді. Сіздер осындай аңыздарды естіп пе едіңіздер?
Әрі қарай

Рояль

Мектепте қазақ тілі деген пән бар ғой.Сол сабақтың үй тапсырмаларының бірінде «рояль» сөзіне сөйлем құраңыз депті. сөйлем құраудан алдыма жан салмаймын ғой мен деген. Ойланбастан "Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті" деп жаздым.Тура осылай роялді тырнақшаға алмастан жаздым. ертесіне Дәмегүл мұғалім тапсырмаларды тексеріп жатыр.Аталған сөзге ешкім сөйлем құрай алмапты. Қолымды шошаңдатып" мен құрадым" дедім.
-Оқи ғой.
-Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті.Мұғалімнің түрінен күлкісін тежеп қалғаны білінді.
-Рояль деген не, білесің бе?
-Білем, арақ қой.Біздің үйде сервантта тұр.
-Ондай арақ бар болса бар шығар, бірақ рояль деген музыкалық аспап.Пианиноның үлкен түрі.
Міне, менің рояльмен алғашқы таныстығым осылай басталған.