Сені үздік адам ететін 6 шындық (3)

1-бөлім 2-бөлім
№4. Істерің шаш-етектен ақша әкелмей-ақ қойсын, бастысы өзгеге де пайдасы тисін

Ақшаны мүлде ойламау үшін оған қатысы жоқ мысал алайық. Менің поштама күн сайын жалғызбасты, бақытсыз жігіттерден хаттар келеді. Оқысаң бәрі де ең сүйкімді, ең керемет жандар, тек, қыз қарамайды. Олардың ойлау жүйесінде қателік бар. Оны түсіндіріп те бере аламын. Бірақ, менен көрі Болдуиннің сөздері әсерлірек болатыны анық.

Бұл жерде Болдуиннің кейіпкері жаңағы жігіттердің қиялындағы сұлудың кейіпінде. Әрине, олар мұндай дөрекі емес – қоғам бізді өтірік күлуге тәрбиелейді – бірақ мағынасы бір. «Жақсы жігіт? Қызықтырмайды! Сен осында жұмыс істегің келе ме? Онда не тұрыс?!»
Ал, сен не істедің? Арманыңдағы қызды ойлап, оның терісінің нәзіктігін, жымиғанын ойлап қана отырсың ба? Айтпақшы, мен Плейстейшнді өлтіріп ойнаймын
Не, не дейсің? Жақсы жұмыс, көп жалақым болмайынша арулар маған қармайды?!!!
Атаңның басы! Сен өз-өзіңді ақтап тұрсың. Сеніңше олардың бәрі ұсақшыл, эгоист адамдар. Бірақ, өзің оларға не ұсындың? Ақылдысың ба? Көңілін көтересің бе? Қызықтысың ба? Талант? Амбиция? Креатив? Тамаша! Алайда, осының бәрін паш ету үшін не істедің? Жақсы жігіт екеніңді қалтаңа тығып қой. Бұл бар болғаны минимум. Әрбір әдемі қыздың күніге кемі 36 рет «жақсы жігіт» болатын біреуі бар. Қысқасы, міне пациент, қансырап өлгелі жатыр. Сен оған операция жасай аласың ба?
«Бірақ, мен секист немесе расист, сараң, ұсақ, жауыз біреу емеспін! Менен де жаман, жексұрындар толып жүр ғой!»
Кешір, әрине, бірақ, сенің қолыңнан боқ келмейді. Бар білетінің бойыңдағы жақсы қасиеттерді түгендеп шығу ғана. Ендеше, жоғал әрі! Жолама пациентке! Әне, ана бір карьерасы өрге жүзген, ақылды әрі әдемі жігіт операция жасауға дайын.
Тоқташы! Мен сені тістемеймін деп айттым ғой
Сезімдерің быт-шыт болды ма? Енді не істейсің? Өмірден түңіліп отыра бересің бе, әлде, хирургияны оқи бастайсың ба? Ендігісі тек өзіңе байланысты.
Қыздар жексұрындарды жақсы көреді деп жыламсырауыңды да қой. Өйткені, ол жексұрындар қыздарға сенде жоқ нәрселерді ұсынып отыр. «Бірақ, мен оларды тыңдай аламын ғой!» А, солай ма? Ал, меніңше, сен қыздарды қызық әңгімеге тартып, өзіңнің ой-өрісіңді көрсетудің орнына тып-тыныш бұғып отырғанды қалайсың. Түсінші, басқа жігіттер де тыңдай біледі, оның үстіне гитара тартып, ән айтады. Жақсы жігіт екеніңді айту, ресторанның «Біздің тамақтан әлі ешкім уланып өлген жоқ» деген жарнамасы сияқты.
Базар жоқ, жақсы жігітсің ғой. Бірақ өзің туралы ойлағанда көңіл-күйің түсіп кете береді. Өйткені…

жалғасы
bk
Бөлісу:

29 пікір

Marco
Үшінші бөлімге көштік. Пікірлеріңді жаза отырыңдар.
asaubota
тек жақсы жігіт болмай кәсіпқой болу туралыны мыжып жатқандай болып көрінді.
Marco
Бір айтқаннан түсінбейтіндер де болады ғой)))
asaubota
американдар да сонда қазақтар сияқты ма екен дым түсінбейтін
ken
шетелдік (американдық) авторлардың жігерлендіру туралы кітаптарының бәрі сондай ма деймін. бір ойды соңына дейін қайталай береді, ара-арасына мысалдарды қыстырып-қыстырып қойып.
omarbirat
Жақсы жігіт екеніңді ойша немесе сөз жүзінде емес, ісіңмен дәлелде дегенге келетін сияқты, үш бөлімнен түйгенім. Жалғасын күтеміз
omarbirat
Кейде адамдарға өз жұмысыңды атқарғаның үшін де жақсы жігіт болып көрінуің мүмкін дегенім ғой. Көрсетілген қызмет үшін ақшасын төлегенінің үстіне тағы «Рақмет» айтып жатады
Marco
 Вонгша айтсақ, жақсы жігіт болудың ләззаты сол рахмет болып тұр-ау дим
GALEKE
Сені үздік ететін бір шындықты алты рет айтамын. Түсінбесең өзіңнен көр дегені дұрысырақ болар еді.
Emilia
Жұмысын мықты жасайтын нашар адамдарды білемін. Мүмкін үйлерінде, өз орталарында жақсы кісілер шығар бірақта.
Marco
Негізі әріптестерім мені нашар адам деп есептейді деп топшылаймын.  Бүгін сыралатып отырсақ, ертең жұмысы ұнамай қалса айтып тастап жүре берем. Шын сөзім, жұмыстағы қарым-қатынас тек жұмыста қалу керек деп санаймын.
asaubota
мен де сондайларданмын. жұмыстық қатынас тек жұмыста. жұмыстан тыс уақытта жұмыстағыларды көргім келмейді
konvict
Шын пікіріңді айтсаң, жақтырмай қалатын адамдарды жақтырмаймын
Marco
Өзіме ұнаған жері, пайда болатын сылтаулардың бәріне біртіндеп жауап беріп келе жатқаны. Шынымен де «сүмелектерден» мыңдаған хат алатын болып тұр ғой)
GALEKE
«Жақсы жігіт екеніңді айту, ресторанның «Біздің тамақтан әлі ешкім уланып өлген жоқ» деген жарнамасы сияқты.» Шеге!
torgai
Кейбір айтылғандар айналаңа қатысты екенін біліп, жан-жағыңа ұрлана қарайды екенсің
altinbekpin
аударманың аты аударма екені көрініп тұр, кішкене қазақи сөз саптауға келмей жатыр
Marco
Барымша біздің тіліміз бен реалиямызға жақындатуға тырыстым. Ұнамаған жерін де айта отыр
altinbekpin
Тырысқаның көрініп тұр рыспек
altinbekpin
Мысалы былай болса, деген ой ғой. «Бірақ өзің оларға не бере аласың? Ақылдымысың? Көңілін аулай алдың ба? Қызығарлық нең бар?»
altinbekpin
«Бірақ, мен оларды тыңдай аламын ғой» деген жері кішкене қызық оқылады, оны қалай айтуға болатынына өзімнің де фантазиям жетпей жатыр
Marco
Қыздардан сұра))) Олар құлағымен жақсы көргенмен, тыңдайтын құлақты да жақсы көреді)))
Aidakonya
Тууух, мыналарды оқып алып Керектің жігіттері керемет болатын болды ғой!!!
asaubota
сіздерде де бар шығар жақсы қыздар? мысалы футболдан Ұлттық құрамада көбісі жақсы жігіттер.
Aidakonya
бізде  иә, барлық қыздар жақсы, ұлттық жағынан 3 қазақ, олардың 1 ғана қазақша біледі (саусақпен нұқып көрсетпей-ақ қойдық)))))))) бірақ футболдағы жігіттермен салыстырғанда бізде 90% ҚР азаматшалары ойнайды және ойын алдында ішіп, қыдырып жүрмей толық дайындалып шығамыз (бірақ, әзірге нәтиже бірдей(((((((
konvict
№4. Істерің шаш-етектен ақша әкелмей-ақ қойсын, бастысы өзгеге де пайдасы тисін
Үшінші секілді еді. Қайсысын өткізіп алдым деп ойлап отырмын.
Marco
Кері қарай келе жатырмыз ғой
serjan
Mektepte jaksi kisiler ote kop.