«Бөкетов жұлдызына» кім ие болады?

Жас журналистердің Х Республикалық пәндік олимпиадасы дәстүрлі жалғасын Қарағанды қаласында тауып отыр. Е.А.Бөкетов атындағы қара шаңырақта 16 жоғары оқу орынның шәкірттері бақ сынасуда.
– Болашақ әріптестер, киелі Арқа жеріне қош келдіңіздер! Бұл – кешегі қара сөздің көсемі Ғ.Мұстафин, алаштың абызы А.Сейдімбеков, Қ.Байбосынов, Б.Тілеуханов сынды біртуарлар қанат бітіріп ұшқан өлке. ҚарМУ – журналистиканың екінші отаны десек те болады. Ендеше, бұл доданың кеншілер қаласында өтуі заңды. Сәт сапар! – деп лебіз білдірген ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, бәйге алауын жақты.
Журналистер олимпиадасы қазақ телевизиясының 60 жылдығына орайластырылып отыр. Өздерін таныстыра өткен жас журналистер, іле алаш арнасының мерейтойына негізделген тақырыптар бойынша эссе жазды. Өңірдегі Сарыарқа арнасының бас редакторы Әли Тойшекеев бастаған қазылар алқасы қатысушыларға әділ бағасын берді.
Шара барысында студенттер сергіту сәтінен де қалыс қалмады. Қонақтардың кеншілер шаһарын шарлауына жағдай жасаған екен ұйымдастырушылар. Бөкетов мұражайымен танысқан студенттер ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді.
– Ебіней Арыстанұлы туралы бұған дейін біраз дерекке қанық едім. Ол өзінің ғылыммен қатар әдебиет саласына сіңірген еңбегі осынша ауқымды екеніне куә болып, үлкен серпіліс алдым. «Бөкетов жұлдызы» жайында да тұңғыш рет естуім. Сол жұлдыз додада біздің аспанымызда туар деген ниеттемін, – деді ШҚМУ-дан келген «Алтай арасы» командасының мүшесі Жеңіс Оразай.
Бүгін сайыстың соңғы күні. Төрт төрт сайыс кезеңі бойынша жеңімпаз анықталатын болады.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Қарағандыда жас журналистер сынға түсті

     Биыл журналистика мамандығының пәндік олимпиадасы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде  өткізіліп жатыр. Білім бәйгесіне еліміздің 16 университетінде оқитын 48 студент бақ сынауда.
  2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да бастау алған олимпиаданың мақсаты –  Журналистика мамандығының сапасын арттыру, талантты да білімді, үздік студенттерді анықтау, болашақ журналистерді даярлайтын оқу орындарының біліктігін арттыруды көздейді.
    «Пәндік олимпиадаға алғашқы рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да қатысқан едік. Ол кездегі студенттер мен қазіргі студенттерді салыстыруға болмайды. Себебі, қазіргі жастар жан-жақты, креативті ойлау қабілеті жоғары, ізденістері мол екенін байқадым.  Сонымен қатар, биылғы олимпиаданың қазақ телевизиясының 60 жылдығына  арналуы болашақ журналистердің ұлттық телевизия тарихын тереңдеп білуіне өз әсерін тигізді», – дейді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Жәнібек Ғалымұлы.
Олипиада қатысушылары екі кезең бойынша сыналады. Әуелі журналистер «Телевизия және дәуір» тақырыбына арналған бейнесюжеттер арқылы журналистік шеберліктерін көрсетеді. Одан кейінгі кезеңде, «Қазақ журналистикасының тарихы»,  «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі», «Телерадиожурналистика» пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, ақпараттық сайттарға жедел ақпарат жариялау міндеті де жүктеледі.
Ұйымдастырушылар пәндік олипиаданың қатысушылары жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығын айтады.
 «Пәндік олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмын. «Телевизия және дәуір» атты тақырып біздің шығармашылығымызды шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Телевизияның тарихымен және жаһандану үрдісіндегі жетістіктерімен таныстық. Көптеген достар тауып, өзімізді кәсіби журналист сезіне бастадық. Осы орайда, тәжірибелі журналистердің шеберлік сыныптарына да қатысамыз», – дейді, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 2 курс студенті Сәндібек Пренов.
Олипиадаға қатысқан 16 команданың ішінен тек 6 команда ғана марапатталады. Сондай-ақ, олипиада кубогын ұтып алған оқу орны кезекті сайысты ұйымдастырады.

«әл-Фараби» командасы

Қарағандыда олимпиада өтті

Жыл сайынғы ЖОО арасындағы журналистердің Xреспубликалық пән олимпиадасы 29-30 наурыз аралағында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтті. Олимпиадаға жалпы саны 16 команда қатысты. Еліміздің белді оқу орындарынан келген болашақ журналистердің білімі мен білігін анықтауға бағытталған сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар олимпиаданың алғашқы күні таныстыру және эссе жазу бойынша бақ сындады. Олимпиада тақырыбы Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай «Теледидар және дәуір» болды. Командаларға әділ баға беруге БАҚ саласының майталмандары жиналды. Университет ұжымы олимпиада қатысушыларына қаланың көрікті жерлерін аралатты. Студенттер қонақтарға арнап жырдан шашу шашып, көңілді кеш сыйлады. Сайыстың екінші күні мамандыққа арналған пәндер бойынша тест тапсырмалары орындалды. Шешуші жедел ақпарат кезеңінде қатысушылардың журналистке тән жеделділігі мен нақтылығы сыналды. Олимпиада қортындысы екі кезең бойынша анықталып, жеңімпаздар марапатталмақ.

Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
«Күлтегін» командасы

Кенші жеріндегі ең алғашқы дода

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика пәні бойынша Х республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 ЖОО студенттері келді. Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған журналистер додадасына биыл студенттер ерекше көп жиналды. Республика бойынша барлығы 48 қатысушы бақ сынауда. Шараның шымылдығын ф.ғ.д., профессор Қойлыбай Асанов ашып берді. Содан соң ҚарМУ-дің филология факультетінің деканы, ф.ғ.д. Мұхамедқали Ілиясұлы мен облыстық «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күн бойы болашақ журналистерге телевизия, газет, интернет-журналистика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп жүрген білікті журналистер әділ қазылық етеді. Атап өтер болсақ, облыстық «Saryarqa» телеарнасының аға-редакторы Әли Тойжігіт, ф.ғ.д., профессор Қойлыбай Асанов, ҚарМУ оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Жанар Сембекқызы, «Хабар» телеарнасының Қарағанды қаласындағы меншікті тілшісі Ардақ Қабыханов, «31 арнаның» қаламыздағы меншікті тілшісі Мейрамкүл Салқымбаева, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Қызғалдақ Айтжанова, республикалық «Qasym» сайтының редакторы Нұрлыхан Қалқаманұлы.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — таныстыру. Әр қатысушы команда «Теледидар және дәуір» тақырыбына дайындап келген 5 минуттық бейнематериалдарын көрсетіп, өз топтарын таныстырды. Ал, екінші кезеңінде әр студенттің шығармашылық қабілеті сыналды. Олар ұсынылған тақырып бойынша эссе жазудан жарысты. Эссе жазу барысында студенттің берілген тақырыпты аша алуы, өзіндік ой-пікірі, ойын жеткізе алуы, сауаттылығы сияқты мәселелер басты назарға алынды. Бүгінгі сынақтар осымен аяқталып, қатысушылар академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихи мұражайына саяхат жасады. Ал кешке ұйымдастырушылар мен студенттер келген қонақтарға «Университет» мейрамханасында концерттік бағдарлама дайындап, дастархан жайды. Олимпиаданың екінші күнінде, яғни бүгін студенттер тағы екі сайыс кезеңдерінен өтеді. Ол «Жедел ақпарат» және «Қазақ журналистикасының тарихы», «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі» және «Телерадиожурналистика» пәндері бойынша тест тапсырмалары.
Блог - zhanelkai: Кенші жеріндегі ең алғашқы дода

Bilimal жүйесін күнделікті 120 мың қолданушы пайдаланады

Блог - asaubota: Bilimal жүйесін күнделікті 120 мың қолданушы пайдаланады

Оқушы — Мұғалім — Ата-ана үшбұрышына арналған түрлі кешендік бағдарламалар бар. Елімізде үлкен қолданыстағы жүйелердің бірі — Bilimal. Заманауи білім және әлеует басқару құралы. "Өрлеу" инновациялық технологиялар орталығының бұл өнімі — 100% отандық өнім. Қарағанды облысында кеңінен пайдаланылатын бұл жүйе UNICEF-тің Out-Of-School Children Monitoring Framework есебінеде жоғары бағаланған.

Bilimal кешенін 3 түрлі ракурстан қарап көретін болсақ:

Ата-аналарға
  • Балалардың барлық бағаларын өз смартфонынан қарай алады.
  • Тоқсандық немесе жылдық қорытынды бағаларға кері әсерін тигізуі мүмкін күрделі тақырыптарды анықтап, білімінің деңгейін бақылай алады.
  • Ұсыныстар мен электронды оқытудың онлайн курстарына негізделе отырып, балалардың сабаққа дайындалу барысына өздері қатыса алады.



Оқушыларға
  • Оқуға түсуге арналған емтихандарға дайындық.
  • Қиындық туғызатын тақырыптар мен пәнді игерудегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі.
  • Болашақ мамандықты таңдауға көмек.



Мұғалімдерге
  • Қашықтықтан оқытуды жүргізіп, оқушыларға үй тапсырмаларының тақырыптарын беріп, баға қоя алады.
  • Жүйе Жалпылай Оқытумен бірге қажет есеп түрлерін өзі құрады.
  • Порталда мұғалімдер кәсіптік қауымдастықтарға қатысып, әріптестерімен ой бөлісе алады.



Жүйеге қосылу үшін немесе толық ақпарат үшін:
bilimal.kz
www.facebook.com/bilimalkz
vk.com/bilimal

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайтын болады

Астана жаңалықтары: Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайтын болады

18 қарашада қала маңындағы Жалтыркөл кентіне қатынайтын № 316 автобус бағдары ашылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық автобус Астанадан таңғы сағат 5:40-та, 8:00-де, 11:00-де және 20:30-да «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан, Жалтыркөл кентінен сағат 6:43-те, 9:03-те, 12:03-те, 16:03-те, 19:03-те, 21:33-те шығатын болады.

«Қоғамдық көліктер «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» бастапқы пунктінен келесі бағыт бойынша жүрмек:
Манас көшесі, – Абылайхан даңғ., – Астана-Қарағанды тас жолы, – Жібек Жолы ауылы, – соңғы аялдама Жалтыркөл ауылы.

Автобустар кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. Қоғамдық көліктер Жібек жолы елді-мекеніне кірмейді», – делінген таратылған хабарламада.

Астананың келесі аптаға арналған мәдени афишасы

Астана жаңалықтары: Астананың келесі аптаға арналған мәдени афишасы

Астаналық әкімдіктің медиа орталығы 13-19 қараша аралығында болып өтетін мәдени бағдарламаны ұсынады.

13 қараша күні «Астана» концерт залында Қарағанды қаласынан келген симфониялық оркестрдің камералық хоры «Й. Брамс. Неміс реквиемін» орындайды.

14 қараша күні Қ.Қуанышбаев театры «Бразилия байлығы» атты ертегісін ұсынады. Дәл осы күні «Астана Операда» кешкісін «Менің жаныма жақындаған сен...» атты концерт өтеді.

15 қарашада Қ.Қуанышбаев театрында өтетін «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасын тамашалай аласыз.

16 қарашада «Жастар» театрында «Достық пен Қулық» ертегісі қойылады.

17 қараша күні «Жастар» сарайында «Мир вкусного меда» көрмесі 19 қарашаға дейін жалғасады, ал Қ.Қуанышбаев театрында Ұ.Есдәулеттің «Зере» драмасы болады.

Осы күні Горький атындағы театрда «Язычники» драмасы, «Астана» концерт залында «Жыр атасы – Қабан жырау» өтеді.

17 қарашада «Астана Операда» «Кармен» операсының премьерасы болады.

18 қараша М.Горький атындағы театрда «Кішкентай Мук туралы кішігірм оқиға» ертегісі мен «Күлкілі ақша» комедиясы ұсынылады.

Ал «Жастар» театрында «Диляфруздың төрт күйеуі» атты комедияның қойылымы болады.

18 қарашада астаналық циркте «Ұлы орыс циркі» шоу бағдарламасы өтеді.

19 қараша М.Горький атындағы театрда «Аленький цветочек» ертегісі мен «Пробуждение» драмасы, ал Қ.Қуанышбаев театрынан «Қызыл орамалды Шынарым» лирикалық драмасын тамашалай аласыздар.

«Жастар» театрында «… Көзіме бір көрінсең бала ғашық» повесінің желісімен қойылым болады.

«Жастар» сарайында IV халықаралық «Восходящая звезда» балалар, жасөспірімдер мен ересектер фестивалінің мәдени жабылу кеші өтеді.

Астанадағы жәрмеңкелерде өнімнің 25 мыңнан астам тоннасы сатылды

Астана жаңалықтары: Астанадағы жәрмеңкелерде өнімнің 25 мыңнан астам тоннасы сатылды

Астана тұрғындары қазақстандық аграрийлерден шамамен 8 млн теңгеге өнім сатып алды. Бұл – былтырғы көлемнен екі есе артық көрсеткіш, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

8 айдың қорытындыларына сәйкес, жәрмеңкелерде өнімнің 25 мыңнан астам тоннасы өткізілген.

Қаңтар мен тамыз айларының аралығында Жамбыл облысы Астанаға өнімнің 3400, ОҚО – 2315, Атырау облысы – 280, БҚО – 530, Қызылорда облысы – 612, Алматы облысы – 1 1761, Ақтөбе облысы – 615, Қарағанды – 435, Қостанай – 1800, ШҚО – 720, Павлодар – 1357, СҚО – 500 және Ақмола облысы – 1435 тоннасын әкелді.

Қазан айының соңына дейін өз өнімдерін елорда тұрғындары үшін Атырау, СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері екінші мәрте ұсынатын болады.

Елордада мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қайырымдылық концерті ұйымдастырылды



Бүгін Астананың № 49 орта мектебінде «Жүректен жүрекке» деген атаумен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Мүгедектер күніне орайластырылған шараға «Мейірімділік-М» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Қайырымдылық концертін «Орман зауыты» ауданындағы № 49, 23, 26, 34, 21 мектептері мен № 59 мектеп-лицейінде оқитын 30-дан аса мүмкіндігі шектеулі бала тамашалады.

Концерттік бағдарламаның аясында балалар үшін Гаванадан келген өнерпаздар ән шырқап, қазақстандық жұлдыздар өнер көрсеткен болатын.

«Мұндай шараны өткізудегі басты мақсат, қоғамның, әсіресе, жастардың назарын жарымжан бүлдіршіндердің проблемасына аударту», — дейді «Мейірімділік-М» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айгүл Сеилова.

Оның сөзіне қарағанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық концерті қоғамдық бірлестік ұйымдастырып отырған жалғыз шара емес.

«Мүгедектер күніне орайластырылған іс-шаралар жоспарының аясында біздің қор алдағы жұмада Қарағанды қаласына барады. Өкілдеріміз Майқұдық шағын ауданында орналасқан балалар үйіне барып қайтады. Онда 168 мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиеленеді. Осылайша біз қоғам назарын кемтар бүлдіршіндердің проблемасына аудартқымыз келеді», — Айгүл Сеилова.

Концерттік бағдарламаның соңында қоғамдық бірлестіктіктің жетекшілігі атынан шараның өтуіне қолдау көрсеткен азаматтар марапатталып, балаларға сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Мүгедектер күніне орай елордада Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мүмкіндігі шектеулі 18 мыңдай азаматқа 5000 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетті.

Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

Астана жаңалықтары: Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

Қала басшысының өкімімен Асқар Амрин Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды елорда медиа орталығы.

Амрин Асқар Кемеңгерұлы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, Корнель құқық мектебін құқық магистрі бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта заңгер- консультант ретінде бастаған.

1997-2001 ж.ж. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде түрлі лауазымдарды иеленген.

2001-2003 ж.ж. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары.

2003-2006 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007-2009 ж.ж. «Lancaster Invest» АҚ-да түрлі лауазымдарды иеленген.

2012 ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы.

2012-2016 ж.ж. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры аппаратының басшысы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2017 жылғы 9 қазанда Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.