Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері өтеді

Астанада Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері басталады. Алдағы демалыста (3-4 қыркүйекте) Қызылорда облысы тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңке Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтеді.
Жәрмеңкеге келушілерге 400 тоннаға жуық 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Атап айтқанда, балық, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, кондитерлік және шұжық өнімдері және т.б. Жәрмеңкедегі бағалар базардағыдан 15–20 % төмен болады.
Қызылорда облысынан кейін жәрмеңкелер эстафетасын Алматы облысы жалғастырады. Сауда-саттық демалыс күндері Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында (Қызылорда облысы 3-4 қыркүйек, Алматы облысы 10-11 қыркүйек, БҚО 17- 18 қыркүйек, Жамбыл облысы 24- 25 қыркүйек, Ақтөбе облысы 1-2 қазан, Қарағанды облысы 8-9 қазан, Қостанай облысы 15-16 қазан және Солтүстік Қазақстан облысы 22-23 қазан), сондай-ақ, «Хан Шатыр» СОО тұрақ аумағында (Атырау облысы 17-18 қыркүйек, Павлодар облысы 24-25 қыркүйек, Маңғыстау облысы 1-2 қазан, ШҚО 8- 9 қазан, ОҚО 15- 16 қазан, Ақмола облысы 29-30 қазан) қазан айының соңына дейін өткізіледі.


















Аяқ астынан бұл ойымды жүзеге асыруда үлкен көмегімен келе қалған — Александр Данилов деген жолдасым еді. Адам саны көп болды, 30 шақты журналист қатысуға тілек білідіріп, барлығы келіп, қатысып, сертификаттарын алды. 
5. ҰКП орталық аппаратының талабы бойынша мен күнде 1 релиз/мақала сайтқа жариялап отыруым керек. Шыны керек, «шығармашылық адамы» болғандықтан, шабытымды тосып жүріп алатын кездер баршылық. Кейде бүтін 1 апта мүлдем мақаласыз болатын кездер де баршылық. Ал кейде тыныштала алмай, аптасына 10-12 релиз жазылатын кездер болады. Мұнымды басшылық түсіне бермейді, ырбыңдатып алдық, көзіңді құртам дейтін кездер болады.







