Стамбул университетінен кімдер білім алды?
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің алтын ордасынан ұшқан түлектері. Стамбул университетінің доктарантурасын тәмамдап, қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық телеарнасында қызмет атқарып жүрген Ержан Төлек пен Стамбул университетінің магистратурасын бітіргелі жатқан Сəкен Салтан ҚарМУ-дің журналистика бөлімшесінің студенттерімен кездесіп, өздерінің артынан еріп келе жатқан мына біздерге ақыл-кеңестерін айтып, студенттердің қойған сауалдарына жауап берді. Қазіргі уақытта журналистика мамандығының ішіндегі экономикалық жəне саяси саланы меңгерген абзал деді. Жəне де кез келген жерге барсаң ағылшын тілін сұрайды. Сондықтан да уақыттарыңызды босқа өткізбей, ағылшын тілін меңгерген жөн деген пікірлерін айтты. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымыз шексіз.

















Үзінділер айта кетсем:
Ақпарат фото және видео арқылы көп таралады. Әсіресе, видео. Ең көбі: атыс-шабыс, +18. Әрбір адам өзі қаламайтын жаман видеоның таралмауына себеп болуы керек. Ютуб желісінің өзіне шағым бере кетуіміз керек. Ол бірден өшпесе де жиналған шағым әсерінен жойылады. Және оған пікір қалдырып, лүпіл басқанша үндеми қалдырып кету. Себебі, сіз пікірлеген сайын ол жоғарыға көтеріле береді.
Қазіргі заманда қыз баланың араласпайтын шаруасы жоқ. Әмбебап болғаннан ешкім зардап шекпеген шығар, енді. Сол себепті ара-арасында футболға да қызығамыз. Сіздерге ескіріп кеткен жаңалықпен бөліспекпін. Шамамен 1 ай бұрын, үй тапсырмасы ретінде, республикалық деңгейде жүлделі орын алған бір спортшыдан сұқбат алу керек болды. Бәріміз жанталасып іздей бастадық. Сөйтіп, менің кейіпкерім кім болды? Қызық болса, сұқбатыма көз жүгіртіп өтіңіз! ^=^


