Бөдененің жұмыртқасы...

«Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады, – дейді Миша ағай. – Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­деқайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­пен жү­йелі қоректенген адамның әртүрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады.
Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қар­сы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы. Жапония мен Қытайда бір­не­ше ғасырдан бері оның еті мен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.
Жалпы, бөдене жұ­мырт­қасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге, сал­қын тиген мен тұ­мауға, асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе ас­қазан жарасы мен гастрит­ке таптырмас ем. Тіпті жапондықтар бө­де­не жұ­мырт­қасын тұрақты тұтынған науқастың қатер­лі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрі­не­ді. Ал біздің Қостанайдағы таныстарымыздың 7-8 жасар­ қызы әр 3-4 минут сайын зәр қыш­­тай­ты­нын айтып, қайта-қайта әжетханаға баратын. Сол қызға біз 100 жұмыртқа салып­ жібердік. Кейіннен тағы да бөдене жұ­мырт­­қа­сын алып ішіп, сол қыз бұл күн­дері әлгі кесе­лі­нен мүлдем айығыпты. Қант диа­бетімен ауы­ра­тын екі кісі біздің үйден тұрақты түр­де бөдене жұмыртқаларын сатып алады.­ Олардың еке­уі де жұмыртқаларды қолданып­ жүрсе, өз­де­­рін жақсы сезі­не­тіндіктерін, ал жұмыртқа­ны­ ішпей қойса болғаны қан қысымдары кө­теріліп кететінін айтып,­ үзбей жұ­мыртқа алып отырады».алынған жері
Бөлісу:

35 пікір

JAKO
Сілтемесіне кіріп, оқып шықтым.Өте жақсы, бұрын да естіген едім.
KILYZAMAN
Оқып қана қоймай, емді бастаған шығарсыз бөдененің жұмыртқасымен?
asaubota
Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады.

Қилеке, Құдай сайқтасын да бірақ вдруг деймін да керек болып қалса, бөдене жұмыртқасын табу қиын ғой, басқа қандай альтернативтер бар?
KILYZAMAN
Ол қазір барлық супермаркеттерде баршығар деген ой бар. Тегінде оны кәдімгі декоротивтік құстар баққан сияқты пәтерде баға бесреңде болады… 5 мекиеніне бір қоразын алып — алға Аманжол дейсің :-) (Өзім әлі бастағам жоқ, бастайтыныма сенімдімін. Тіпті, соны кіші-гірім кәсіп қылсада болады ғой). Бұлардан үй құстарының(тауық, үйрек)күркесінен аммиак иісі аңқымайды екен, және басқа құстар сияқты көп аурумен ауырмайтын болса керек. Тек жұмыртқасы көбірек босын десең, көзден тасалау жерде баққан дұрыс дейді.(Мазасын көп алмай бірақ адам жем суын беріп дегндей) Құс базарына барып сатушылармен кеңескенмін.
Abilakim
ушел Аманжол по теміржол… демекшісіз ғой.
KILYZAMAN
:-)..., бір жекжатым есіме түсіп кетті. Эксперименттен жалықпайды өзі!
Zilola
Өзбектер бөдене асырағаш ғо, іздесеңіздер сол өзбектерден табасыздар :)
Erbol
Аграрлық университетте бөдене туралы кандидаттық қорғаған адамды білем. Әріптес жігіт сұхбат алып жүрген. www.inform.kz/kaz/article/2365358.Бөденеден табыс шаш-етектен депті. Емдік қасиеті де мықты деседі.
KILYZAMAN
Ереке, ана сілтемеңде ешнәрсе жоққой?
Erbol
www.inform.kz/kaz/article/2365358 осында. Болмаса inform.kz кіріп, іздеуден бөдене деп терсең, осы сұхбат, тағы бірнеше ақпарат шығады.
Dinara
Түркістанда университетке жақын бір үй осыны кәсіпке айналдырып отыр, профессорлардан ақ қалмайды екен деп еститінбіз бөдененің жұмыртқасы
KILYZAMAN
Кемпіріммен кеңесіп — бағатын болдым… Бір бөлені — отжағатын жақтан соларға арнап екіге бөлсем деген жоспар бар.
asaubota
жасасын қазақ Виаграсы!
Gastarbaiter
Бөдененің жұмыртқасы қымбаттай түседі мынаны қызығы бітпеген қалталы шалдар естісе.
KILYZAMAN
жасасын қазақ Виаграсы!
Бөдененің жұмыртқасы қымбаттай түседі мынаны қызығы бітпеген қалталы шалдар естісе.
… Аттан түспеген шалдардың(ертеректегі), орнына арақтан бастарта алмай, болмаса арықтан жаяу аттай алмай қалған(мәшин болмаса) әртүрлі нәрселер ойына келіп, әлгісн оятай алмай жүрген жаңа шалдар шығар меңзеп отырғандарың :-)

… Менің ойымша — түрлі кеселге шалдыққан жас баладан бастап, кәрі құртаңға шейін пайдаланса болады дер едім. „Арасында 21 саусағын сыздата алмай, сол сәттерін сағынып жүрген шалдарға пайдасы тиер мүмкін!!!„ :-)
KanibekAzatuly
Ассалаумағалайкум! Жалпы менің осы құспен жайында материалдар жинағаныма жарты айдың шамасы болып қалды деседе қалай асырау керек?, кандай жағдай жасау керек, инкубатор арқылы басуға болатын жұмыртқаларын қайдан табуға болады деген сұрақтарға мардымды жауап таба алмады. Егер кімде-кім осы сұрақтарға жауапты қайдан табуға болатынын білсе, азаматтық көмегін жасап, жол сілтеп жіберсе екен. Алдын-ала рахмет!
KILYZAMAN
Енді ғана даярмын… Сұрақтарыңызды қоя беріңіз, шамв-шарқыма қарай жауабым даяр… Жоқ дегенде, өзім ұрынған қателіктерді айтып отыруға жарап қалған сияқтымын… ;-)
KILYZAMAN
Инкубаторға алатын жұмыртқаны мен жарнама арқылы алдым… Алғашқы алған 200 жұмыртқадан 80 балапан ғана ала алдым… Инкубатор жарнамадағы Несушка еді(толық автоматтандырылғанына күмәнім бар)… Жұмыртқалардың да инңкубаәциялық мерізімділігіне күмән келтірмеске шара жоқ — алған адамым соншалықты періште көрініп еді…
satibaldi
инңкубаәциялық
Спайс ішіп жүрсің бе
KILYZAMAN
18 қырғауылдың жұмыртқасынан 7 балапан, біреусі өлді
100 бөдененікінен 37 балапан
Бұлар бірінші лектен
Келесі салғандарым 60 брамнан 35 балапан
60 манчжурдан 33 балапан
Онан кейінгілері 60 фараон мен манчжур аралас еді бүгін 38 балапан алдым инкубаторда жатқандары Джерсий тұқымды тауықтың 10 Пушкин тұқымды тауықтың 7 және Жібек қауырсынды қытай тауығының 10 жұмыртқасы жатыр. Кейінірек салынған бөденелердікі де бар…
Мына Айпадқа үйрене алмай жүрмін, әріп теру мен үшін бір азап :-)
ken
фотоларын да салсаңызш
KILYZAMAN
Бір реті келгенде суреттерінде ілермін…
KILYZAMAN
Суреттерді дұрыс іле алмай жатырмын :-(
KILYZAMAN
KILYZAMAN
Жаңа барып қарасам Джерсийлік алыптан біреу Пушкиндіктен біреу жарып шығыпты… Сонымен Пушкиндіктің сегізінен жетеу, Джерсийліктің 11 -нен енді басталды
KILYZAMAN
Алғашқы сурет ішінде Джерсий алыбы, Қытайдың жібек қауырсындысы және фараондар мен манчжурлар араласқан жұмыртақалары инкубатор. Келесілері брам балапандары, Теxас тұқымды бөденелер(жұмыртқа бере басиады), Манчжур мен фараондар тобы араласып отыр сосын енді жетеіліп келе жатқан манчжурлар. Ал енді брудердегілер бөденелер және Пушкин тұқымдас 6 балапан(жұмыртқа туғыш тауықтар дейді, көреміз) Қырғауылдың алты балапаны үшінші суреттегі астыңғы торда отыр — оларға кеңірек орын жасамаса болмас…
ken
пайда жақсы түседі ме?
KILYZAMAN
Білмеймін, бастағаныма көп болған жоқ. Әзірше денсалықты туралау мақсатында, түбі басын көбейтпекпін. Тек бөдене ғана емес сирек тұқымды тауықтарды да қолға алып жатырмын. Олардың жұмыртқалары қымбаттау болады екен минимум 300 тенге бір тал жұмыртқасы