Ешкі сүтінің пайдасы зор

Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
Ешкі сүті де сиыр сүтіндей ка­зеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адам­дар үшін ұсынылады. Құра­мында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құ­рамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қоры­тылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лак­тозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің ем­шек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүм­кін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағза­сы­ның тіндерінде холестерин жи­налуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар.
Жоғарыда келтірілген артық­шылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), мар­ганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) жә­не Д (0.06 мг) дәрумендері, ас­кор­бин қышқылы бар. В12 дәру­менінің құрамына кіретін және қан өн­дірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөл­шерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.
Бірақ ешкі сүті сиыр сүтін­­дей темірге бай емес. Темір қан­дағы гемоглобиннің түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қа­лыпты жұмысы мен мінез-құлық сипатының сәйкестігін қам­та­масыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір сиыр сүтін­дегіден гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінің сіңу дәрежесіне жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минерал­дық заттектерге, дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нә­руыз­дары асқазанда тығыз­дал­мауына байланысты сіңімдірек келеді.
Ешкі сүтінің майы адам ағза­сында 100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады.
Құрамында аллергия туды­ру­шы альфа-ls-казеин болмауына байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады.
Ешкі сүтінің химиялық құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей тұ­рақты емес және көптеген ық­пал­дарға: жануардың тұқымына, жасы мен саулығына, лактация кезеңіне, қоректену мен күтім жағ­дайларына байланысты.
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Швейцарияның таулық ши­пажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдық­қан­дарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пай­да­лануды ұсынған. Халық меди­цинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.
Ежелгі аңызға сенсек, най­зағаймен алысқан Зевстің өзі Амал­тея — тәңірлік керемет еш­кісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен қайнатқан: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы — күнжітпен, іш өтуге қарсы — теңіз тастарымен, арпа жар­масымен.
XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүті үшін өрлеу кезеңі бас­талды. Осы кезде медицина ма­мандары ол жайлы әйелдердің ем­шек сүтін алмастыруға бас­қалардан қолайлы екендігін айтты. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да ауру­лармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі ана­ғұр­лым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәр­уыз­дары аса сапалы, басқа азық­тарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қа­тысады.
Негізгі азықтық құрамбөлік­те­рі­нің — нәруыздар, майлар мен кө­міртектердің мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен сал­мақты айырмашылығы бар: жа­нуарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ майлар мен көміртектер аз болады.
Осы айырмашылық адам ағзасында ешкі мен сиыр сүтінің түрлі әсер етуін түсіндіреді. Ешкі сүтінің қорытылуы кезінде пайда болатын қою ұйынды сиыр сүтінікіне қарағанда тығыз емес. Ас қорыту ферменттері үшін өңдеуге оңай келеді. Емшектегі сәбиге ешкі сүтінің ұйындысы ана сүтінің қорытылуындай әсер береді.
Ешкі сүтінің майлық құрамбө­лік­терінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл май­лардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшгли­церидтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұз­дардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі — азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады.
АҚШ мамандарының пікі­рін­ше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адам­ның физиологиялық қа­жеттіліктерін оңтайлы қанағат­тан­дырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді ита­льян­дық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерт­теулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.
Жалпы, педиатрлар ешкі сү­тіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жа­рамды келеді. Әрине, бала үшін ана сү­­тіне жететін тағам жоқ. Бірақ жа­санды немесе аралас қорек­тен­діруде ешкі сүті ана сүтін алмас­тыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына алле­р­гиясы бар балаларды тамақ­тан­дыруда тиімді колдануға бо­латынын айтады. Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар.
Төрт айға дейінгі сәбилердің тағам үлесі емшек сүтінің ал­мас­тыр­ғыш­тарымен шектелуіне сай ал­лергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі. Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыз­дарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қол­дануға болады.
Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.
Ешкі сүтінен немесе оны қо­сып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек.
Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лак­тобациллинді бөліп шығарды.
Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жат­қызуға болады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі ауру­лардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.

Ершай ӘЗІРЕТДереккөзі
Бөлісу:

46 пікір

KILYZAMAN
(192.96 Kb, 420x270)Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Қазақ менсінбейтін ешкіні Еуропа «еркелетіп» отыр
Құймақұлақ қарттардан ешкі жайында есті әңгіме естіп өстік. Сексек ата тұқымының адам өмірінде пайдасы зор екен. Бұл жайында көнекөз қариялар майын тамыза әңгімелеп отыратын. Ата-бабаларымыз ешқандай ғылымға сүйене қойған жоқ. Дертіне дауа іздегенде ешкінің сүтін ішті. Денсаулыққа жұғымды ас есебінде ешкі етінен де тартына қоймады. Оның терісі мен түбітін де қажетіне жаратты. Десе де, ешкіні түліктің түріне неге жатқыза қоймағаны түсініксіз. Қазекемнің көшпелі тіршілігінде басты мәнге ие болған төрт түліктің қатарында ешкі малы жоқ. Оны қой малымен қосарлап айтады.
Сол көзқарас әлі де сейіле қойған жоқ. Біз­дің елімізде ешкі шаруашылығына дұ­рыс көңіл бөлінбей келеді. Жалпы, жұмыр жер­де ешкі Азия және Африка құр­лы­ғында көп кездеседі. Дегенмен Еуропада аталмыш шаруашылықты дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе Голландия мен Фран­циядағы шаруа қауымының ешкі өсі­ру­мен-ақ шекесі шылқып отыр. Әлемнің көп­теген еліндегі дүкен сөрелерінде француз шаруаларының өнімін кездестіруге болады. Барлығының орайын келтірген. Жағдайлары жаман емес. Қаншама қаржы қалтаға құйылып жатыр. Бұл елдерде ешкі жа­йылымға сыймай жатқан жоқ. Әрбір ісіне есеппен қарап үйренген еуропалықтар мол өнімге қол жеткізу мақсатында асыл тұқымды ешкі малын өсіреді.

Төрткүл дүниеде 1 млрд шамасында ешкі малы бар екен. Оның саны жөнінен Қытай көш бастап тұр. Онда 180 млн басқа жуық Сексек ата тұқымы бағылатын кө­рінеді. Одан кейінгі орындардағы Үндістанда – 130, Пәкістанда – 50, Бангладеште – 40, Иран мен Нигерияда – 30, Судан, Эфи­опия, Индонезия мен Сомалиде 20 млн шамасында малдың осы тұқымы кездеседі. Бізде ше? Олардың саны бар-жоғы 2 млн бастан аспайды.

Қайсыбір жылдары Сыр өңіріне Шве­ция­дан мамандар келді. Жергілікті шаруа қауымының тіршілігімен танысқан олар біз­дің ешкілерге таңғалып қайтты. Скан­ди­навия түбегіндегі елдің өкілдері ешкі ба­ғу­мен айналысады екен. Күтімге алған тү­лік­те­рі біздегідей қоңды емес көрінеді. Олар таңғалғаннан: «Сіздер қандай азық бе­ре­сіз­дер?» – деді. Өкінішке қарай, біздің еш­кілерге ондай қамқорлық жасалмайтыны тағы да белгілі.

Шведтер ешкі түбітінің қалың екен­ді­гіне де бас шайқап қайтқанын көзбен көр­дік. Қонақтар аталмыш малдан қанша пай­да тауып жатқанын білгісі де келді. Де­генмен біздің шаруалар үндемей құтылды деу­ге болады. Өйткені оған көңіл бөліп жүр­ген ешкім жоқ емес пе?!

Дәрігерлер ешкі сүтінің пайдалы екенін жоқ­қа шығармайды. Оның құрамында ден­сау­­лыққа өте қажетті дәрумендер көп кө­рі­неді. Атап айтқанда, асқазан-ішек жол­­да­ры­ның аурулары, сусамыр ау­ру­ла­рына қар­сы ти­гізетін әсері мол. Сондай-ақ ағ­заның қорға­ныс­тық қасиеттерін арттыра тү­седі. Ешкі сү­ті­нің құрамындағы қа­нық­паған май қыш­қыл­да­­ры да деннің сау­лы­ғына оң әсерін ти­гізеді. Аталмыш қыш­қыл­дар несеп айдау жолдарына тап­­тырмас ем екен. Ешкі сүті адам ағзасында тез қо­рытылады. Тіпті ол жас балаларға ар­на­­йы та­ғам есебінде пайдала­ны­лады. Кө­не­көз қа­риялар «ешкі сүті құрамы жағынан ана сү­­тімен пара-пар» дегенді бекер айтпаған бо­лар…

Қазақ жерінде ешкі малын өсіруге мол мүм­кіндік бар. Елімізде табиғи жайылым кө­лемі жетеді. Дерекке көз салсақ, Қа­зақ­станда 180 млн гектарға жуық табиғи жа­йы­лым бар екен. Одан қалды, ешкі бағуға өте қолайлы 7,2 млн гектар шамасында таулы өңір орна­лас­қан. Сондай-ақ 20 млн гектар шамасында тасты аймақтар бар. Тастан-тасқа секіріп үйрен­ген ешкі малы үшін жайылым бізде мо­лынан жетіп жатыр. Өкі­ніштісі, бізде оған де­ген дұрыс көзқарас жет­кіліксіз. Өзіміз бақ­қан­нан гөрі, сырттан сатып алғанды оңай са­най­мыз. Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік қатарынан «құрметті» орын ала алмай қалса да, ешкі малын өсіруге көңіл бөл­геніміз өте орынды болар еді. Әрине, бү­гінгі заманда өткеннің өлшемі жүре қой­масы анық. «Айдағаның – бес ешкі, ыс­қы­рығың жер жарады» деуге болмас.

Қашаннан да қалт айтпайтын халқымыз бір кездері «есі кеткен ешкі жинайды» де­ген тәмсілді артта қалдырған екен. Бұл на­қыл малдың бұл тұқымының өсімтал екен­дігіне байланысты айтылса керек-ті. Есебін біл­генге ешкі өсіру өте тиімді кәсіптің көзі еке­ні көрініп тұр. Дегенмен әлі күнге дейін еш­кі малына дұрыс назар аударылмай ке­леді.

Бауыржан БЕКБАНОВ, _Қызылорда қаласындағы №1 емхана дәрігері:

– Ешкі сүтінің пайдалылығы жа­йында қайталап айтудың өзі артық. Ол 600-ге тарта шөп түрін қорек ете­ді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қо­рек­тенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дә­румендер көп болады._

Автор: Әділжан ҮМБЕТ, Қызылорда облысы
дереккөзі
TOTY
Мен йогурт жақсы көрем, енді ешкі сүті барын ізде деш…
Aizhantabyn
сүті болмай қойған аналар ешкі сүтімен қоректендірсе баланы жақсы дегенді естігем. Пайдасы зор екені рас қой, бірақ бізде жоқ секілді сатылымда.
KILYZAMAN
Ешкі сүтін бірден жас сәбилерге бергенін көргенім бар, анасының сүті құнарсыз немесе аз болған жағдайда.
Бала мазасызданып көп жыласа тоймағанының белгісі(сүт аз, немес құнарсыз)
Zilola
таза күйінде жас сәбиге өте ауыр болады, көршіміз баласын туа сала қатты ауырда, сонда көргенім бар, нәрестеге ешкінің сүтін сумен араластырып ішкізетін. Анасын емген әпкесінін де ірі әрі мыцқты болып өсті.
Aizhantabyn
Мақаланың кей бір тұстары қарама қайшы секілді. Мәселен, басында ешкі сүтінде темір аз дейді да, бірақ анемияға пайдалы дейді. Не болмаса лактозасы төмен, бірақ лактозажетіспейтіндікпен ауыратындарға жақсы дейді.
Осындай моменттерді ұқпай қалдым.
KILYZAMAN
Өміріміздің өзі қарама-қайшылықтан тұрады емеспе? Мақала авторларының мүл кеткен жерлері болуы әбден мүмкін…
Aizhantabyn
arine aga, jai ukpadym deim. Bolmasa aram oi jok :)

ewki sutin kunde iwip jurgen jokpyz, sol sebep biletin adamga senemiz :)
KILYZAMAN
Жалпы, бабаларымыз неткен көреген болғанына таңданудан талмаспын… Қай жағынан қарасаңда өміршеңдікке деген талғам, төрт түлік малынан бастап киесі үлкен киіз үйіне шейін қасиетті ғой. Не айтары бар…
konvict
Саған жаным ашиды Қилызаман
KILYZAMAN
Тұздап жібер жаныңды, борсып кетпесін… Жаңарған түрің ғой бұл — жаңа Қазақ болып :-)
konvict
аңарған түрің ғой бұл — жаңа Қазақ болып
Осыныңды аңдай алмадым
KILYZAMAN
Анахронизмнің — антонимі…
konvict
Жаңа мен пост жазып едім. Сонда барып жарнама жасап келші өтініш
balzaminka
Ешкі сүті сиырдың сүтіне қарағанда қою, ауыр және дәмі біртүрлі ғой. Өзіме сиыр сүті ұнайды жеңіл болғаны үшін.
Ана сүтімен ауыстырып бергендерін кішкентай кезімде көп көріппін, ал қазір дүкендегі сүттер екен көретінім
KILYZAMAN
Ана сүтімен ауыстырып бергендерін кішкентай кезімде көп көріппін
Еті жеңіл қортылады, сиырдың сүті балаға ауыр
balzaminka
Қилеке, айтқым келгені ол емес. Қазір ауылдың өзінде де сүтке жарымаған балаға ешкі сүтін емес, дүкеннің сүтін беретінді айтам, аттары есіме түспей отырғаны
KILYZAMAN
Жүк жеңілдеген сайын жатаған болып бара жатырғой ауылдықтарда :-)
KILYZAMAN
Біраз бұрын, сауын ешкісінің бағасын білуге мал базарына бардым… Сауылатын тұқымды бір орыстан ғана көріп бағасын сұрасам 45 мың дейд… Болса бір екеусін алармын деп барған мен бейбаққа біреусінің өзі арман болып, кері қайттым :-(
Abilakim
Сіз өзіңізге өзіңіз хат жазып, оны почтальондар жиі әкеліп тұра ма? Мына бөлмеде отырып билайннан звандап, ана бөлмедегі актив нгөміріңізге тұра жүгірмейсіз бе?
KILYZAMAN
Ешкі сүтін ішсең галюцинациядан немесе глюктен құтыларсың Абеке! Қойын даптерімдегі нәрсе сен сияқтылар сын айту үшін емес: Алдымен өзім үшін, сонан кейінгісін патша көңілдерің білсін. Мысалы бүгін бейсенбі — архивтерді аралап, жаңартатын жерлері болса жамап-жасқап отырған отырған күнім еді ;-)
Abilakim
өз архивіңді өзің ақтарып қоя салсаң жетпес пе, бұрында пікір жазылмаған жазбаңыз осы күні пікірге толып қалсын деймін ендеше.
KILYZAMAN
Абеке, сен пікірге семіретіндерден болсаң — елдің бәрі саған ұқсауы керек дегенің қате ой ғой! Айттым емеспе-өзімнің қойын дәптерімді қалай қоясын шығарсамда өз еркім. Жаның ашымаса да болады ;-)
Abilakim
Пікірге семіремін дей алмаймын. Сіздің жазбаларыңызды зерттеген жан көбіне өзіңізбен өзіңіз ғана сөйлесіп отырғанын байқайды. Осымен осы жерден жәйлап шығып кетсем…
KILYZAMAN
Қайда асықтың, сүт сұрап келген шелегің қайда? Жасырма ;-)
KILYZAMAN
Мына жерге сурет іле алмай отырмын :-( Базардан көрген бағасы 40 мың тұратын ешкінің суретін Гөглден тауып едім…
sammita
күлкім пришла қаззззақшасына:)))))))))
үшгли­церидтердің
))))) тригли­церид қо)))))))))))))))))
sammita
айтарым, ешкі сүті пайдалы, бұрыннан белгілі. Ешкім жоқ, сүтін ішкім келсе де тауып іше алмаймын.
сөз соңы: Ершай, жазбаң біртүрлі.
Aldeken
Не ғо, ешкінің сүтін емге табу қиын екені рас енді… Өткенде бір құдам баласына дәрігерлер тек ешкінің сүтін ішуі керек дегесін, литрін 800 теңгеден алып жүрмін деген… сексекатасынссс…
sammita
иә, ауылда бар, дегенмен бізде мысалы ешкі саумайды. Етінің өзін тақпақтап әрең жейтінбіз сексектіңкиесіұрмағыр:
Ешкі етін жемеймін,
Таңдайыма қатады.
Бәленшенің қызын алмаймын,
Кекілімнен тартады)))
dark_nazgul
Орталық дәріханада ешкі сүті сатылады, балаға беру үшін.
sammita
өзім ішем десем бермей ме былай?
dark_nazgul
Дубок жақта бір орыс кемпір тұратын. Сол бес ешкісін, желініне дорба байлап, жетектеп, забордың түбіндегі шөпке жайып жүретін. қазір білмейм, бар ма жоқ па
KILYZAMAN
Сүтті ешкінің бір екеусін сатып ала салып, бір бизнесті бастайтын екен тегінде :-)
sammita
бизнессмен))
KILYZAMAN
Майда қадаммен айға баруға болады :-)
AKY
Ренжімеңдер, ешкі туралы естелігім жоқ екен, ешкі асырамап едік.
KILYZAMAN
:-), асырап көрерсің әлі ақ. Ешнәрседен қайтпайтын сыңайыңа қарағанда.
sammita
Ешкің болса не істейтініңді ойласам… зәрем ұшат)
AKY
иятсыз
sammita
қой, мен шыға тұрайын Нұрғиса көкем пікір жазсын.
sammita
екі тұяқты ешкілер жайлы да дым жоқ па?
qisyq
Сиыр, ешкі, тауық… не болып барамыз)))
KILYZAMAN
Ет, сүт, жұмырқаны аңсағанда кім екенің жайлы ойлана салшы ;-)
qisyq
Мен вегетерианецпын, үшеуін де жемеймін.