Латын әліпбиіне көшеміз бе? (Латын әліпбиінің жазбаша нұсқасы)

Латын әліпбиіне көшеміз бе? Көшетін болсақ, өмірлік маңызы бар пост! 😤

Бүгін латын әліпбиінде жазылған сөздері бар жобаны жазып шығамын деп, шашым ағарып кете жаздады. Ұялы телефонымнан керек сөздерді теріп-теріп өзіме жібере салайын десем, ол басылмайды, өзге тілдерден керек әріптерімді теріп алып орнына қойып шығайын десем төбесіндегі нүкте, үтірлері ұқсамайды… Интернеттен латын әліпбиінің суреттері толып жүргенімен, жазбаша нұсқасын таба алмадым. Не керек, 10-15 минуттық жұмысты 1 сағат қарап, бір амалын тауып жазып шықтым.

«TIL — QAZYNA» газетін жазып шыққандар кім екен? Медаль беру керек сияқты 🤔

Сонымен, бұл пост өзгелерге қаншалықты керек боларын білмеймін, өзгеге болмаса да өзіме тағы керек болып қалар деп латын әліпбиінің әріптерін жазып шықпақшымын 💪😬



Ал енді жазбаша нұсқасы:

A a
Á á
B b
D d
E e
F f
G g
Ǵ ǵ
H h
I i
I ı
J j
K k
L l
M m
N n
Ń ń
O o
Ó ó
P p
Q q
R r
S s
T t
U u — бұл Ұ
Ú ú — бұл Ү
V v
Y y — бұл Ы
Ý ý — бұл У
Z z
Sh sh
Ch ch

Толықтыру — 14/02/2019
Жақында кириллица — латын — төте жазуларды өзара аударатын конвертер іске қосылыпты. Екі рет екі сөзді аударма жазадым. Әзірше ешқандай қателік байқамадым.
https://www.qazlatyn.kz/converter/text

P.S. Егер латын әліпбиін компьютердің (ноутбук / макбук) пернетақтасына орналастыру / қолдану бойынша нұсқаулықтарыңыз болса, Android пен iOS-тың (! менде iOS-та ағылшын пернетақтасындағы әріптерді басып тұрғанда әріптердің түрлері өзгермейді екен) пернетақталарында қолдану үшін не істеу керек екенін білсеңіз жаза отырыңыз, мархабат!

P.S.S. Мүмкін мен бұл латын әріптерімен тек бүгін бетпе-бет келіп тұрғандықтан «нервма» тиіп жатқан шығар. Мүмкін сіздер бұл әріпті қазіргі уақытта қолдануды бастап та кеткен шығарсыздар… Білмеймін… Керек пост болса «лайк» басыңыздар :))
Бөлісу:

5 пікір

merekeee
Ázirge qajetsinbeppin. biraq saqtap aldym!
rakisheva
Латын әліпбиі бүгін қайтадан өзіме қажет болып қайтып келдім постымды қарауға ?
MickThatsMyNick
Bari jaqsy go, biraq mynda avalar nege korinbei qalgan???
rakisheva
Нннедеген байқампаз жігітсің Мик :)) Шынымен де көрінбей қалған екен. Профильде де бұрын көрініп тұрушы еді ғой, қазір жоқ, аваның орнында жазу тұр.
merekeee
С (жеке әріп ретінде) мен Х түсіп қалғанын енді байқап отырмын. W айтпағанда )