"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 21 қазанындағы шығарылымында қойылған сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 21 қазандағы эфирінде 3-айналымның кезекті ойыны өтті. Қонаққа келген «Әйел бақыты» командасы ойынды 4:7 есебімен аяқтады.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 21 қазанындағы шығарылымында қойылған сұрақтар
Сұрақтар міне:

Әзіл-қалжың энциклопедиядан үзінді: «Ересек адам – бұл ОСЫЛАЙ өсуді доғарып, енді СОЛАЙ өсетін адам». Ауыстырылған екі сөзді бір кең таралған ермекпен айналысып отырып кездестіруге болады. Қандай екі сөз?

»Тақтар ойыны" сериалында корольдің бас кеңесшісі, әмірін орындаушының кеудесіндегі белгісінде, бір таңғаларлығы, ИКС орналасқан. Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке әсер ететін механикалық күштің бағытын анықтауға арналған ереже де ИКСтің атымен аталады. Сіздердің араларыңызда ИКСі негізгі, басым пайдаланатын адам бар (немесе жоқ). ИКСті екі сөзбен атаңыз.

Қазақ жұмбағын шешіңіз.
Ойласам заттың жүзі дөп-дөңгелек,
Бұл нәрсе басбармақтай болса керек.
Жалғыз-ақ басқан жерде ізі қалар,
Оны да ойламай шеш, ақылы зерек.

Әйгілі фигуристкалар Мао Асада мен әпкесі Май Асада бала күнінде бір өнер түрімен айналысады, ал мәнерлеп сырғанауға кейінірек келеді. Олардың анасы – 1925 жылы туған орыс әйелінің өнеріне табынушы жанкүйер болған. Бұл орыс әйелін атаңыз.

Негізі оның құнын санау мүмкін емес, бірақ 2005 жылғы дерек бойынша, ғалымдар ИКСтің бағасын есептеп шыға алыпты және ол 4,8 млн доллар тұрыпты. Жас ұлғайған сайын, 44 пен 55 жас аралығында ол 5,2 млн-ге көбейеді. Spathiphyllumді [спатифиллум] ел ішінде ИКС деп атайды, өйткені гүлдеу уақытында отбасына береке келіп, жалғыздар жұбын тауып, жанжалдар доғарылып, ана болғысы келетіндер жақсы жаңалық естиді деп саналады. Ал бір отандық сайтта ИКСтің ұзақтығы 1 сағат 40 минут, жиілігі — аптасына 5 рет делінген. ИКСті екі сөзбен атаңыз.

Ағылшын уикипедиясында келтірілген нұсқалардың біріне сәйкес, бұл қалыптасқан сөз-тұжырым өлгендердің жоқ екенін (яки өлгендер санының 0 екенін) хабарлайтын әскери рапорттардан шыққан. Бұл қалыптасқан сөзді атаңыз.

Тьери Мюглер деген ИКС «ИКСті» көріп шабыттанып, 2006 жылы, мысалы, " N 1 пәк қыз" немесе «Париж 1738» деген атаулар енген топтама ұсынды. ИКС деп жасырылған қандай шетелдік сөз?

1999 жылы Лондон ауруханаларының біріне қызығушылық пен абайсыздық кесірінен (көзінен) күйік жарақат алған пациент түседі. Күйіктің формасына қарап, оқыс оқиғаның орын алған дәлме-дәл уақытын да анықтауға мүмкіндік туды (максимум бірнеше минут ауытқушылықпен). Жарақаттың пайда болуына себеп болған оқиғаны (құбылысты) екі сөзбен табыңыз.

АЛЬФА – жасырылған сөз немесе сөздер. Популизмді сынай отырып, Хрущев былай депті: «Саясаткерлер барлық жерде бірдей: олар АЛЬФА жерде көпір салуға уәде береді». Уикипедияға енсек, АЛЬФА – Барсакелмес аралының бұрынғы атауы, һәм «Гоби» сөзін де қазақшаға АЛЬФА деп аударуға болады. АЛЬФАны атаңыз.

Бір киношолушысы әзілдеп, бұл әйел туралы фильммен бір қатарға Терминатор және Электроникті қояды. 20 ғасырдың бұл (арнайы атағы бар) ханымы кім?

Орсон Уэллс „Әлемдер соғысы“ радиоқойылымынан кейін көтерілген дүрбелеңнен соң қоқан-лоққы хаттар келе бастағанын есіне алады. Бірде ол өзі ойнап жатқан спектакль кезінде бірінші қатардағы көрермендердің бірі қолын қалтасына салғанын көреді. Уэллс оған үрейленіп көзін алмай қарап қалады, алайда көрерменнің алып шыққаны тапанша емес-тін. «Одан да мені атып кеткені жақсы еді» дейді Уэллс. Көрермен қалтасынан не алып шыққан?
Мына жерде фейсбуктегі тікелей эфир бөлігі бар.
Бөлісу:

2 пікір

Marco
1. uzyndykka emes enine karai osedi
2. sol kol
3. oimak
4. Maya Plisetskaya
5. variant zhok(((
6. ok
7. parfumer
8. kyn tutylu
9. shol dala
10. Margaret Thatcher
11. kitap, zhastyk, uyiktau ushin kozdi tumshalaityn bandazh)))

zhauaptaryn zhasasyn ba?
MERmukhanov
1. дәл емес
3,9,11 дұрыс емес