БАЙ ІЗДЕП ЖҮРМІН

Жалпыға сәлем!%)
Мен маңдайыма жазылған міндет бойынша, ана атанған ардақты нәзік жандылардың қатарынанмын.:* Бақыттымын! Айналамдағыларға бақыт сыйлай аламын. (Қасірет сыйлағаннан құдай сақтасын.)

Осыдан бірнеше жыл бұрын өмірдің қан майданына қарусыз түсіп, күйген кірпіштей шыңдалып алған жайым да бар.8-) Сол арпалыс басталғалы бері мен де бір арман пайда болды.*Angel* Кітап жазғым келеді.;) "Қандай?" дейсіздер ме?! «Бай іздеп жүрмін» деген)))
Енді міне сол арманымды іске асыру мақсатында білімімді, өмірден түйгенімді, ізденіп тапқан «алтын қазынамды» осында өздеріңізбен бөлісіп отыруды мақсат еттім.

Кім біледі менің арманым орындалар, орындалмас… Бірақ, тапқан бір дана «алтынымды» өзге жұрт та оқи жүрсін. «Бай» іздегендерге болмаса да «БАҚЫТ» іздегендерге керек болып қалар.
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
ізденіп тапқан «алтын қазынамды» осында өздеріңізбен бөлісіп отырмауды мақсат еттім

бөлісіңіз. оқиық :)
kamarsuly
*lol*:/
Оқитындарыңыз көп болады әлі :m
zholantai
жазсаңызшы енді оқитындарымызды
bake
„Қатын іздеп жүрмін„ деп айқайлап, жарнама жасап, алыстан іздеп, қыртып әңгіме айтып, басымнан өткенді шүлдір-шүлдір тілмен жазып жүргенімде -туысқанымның көрші қызына үйленіппін. Қазір бақыттымын десем қателеспеймін. „Бақыт„ сөзін тым көп сөздер жиынтығымен мағынасын ашып жатады. Менің көзіме жеткені сол. Неғұрлым „бақыт„ сөзінің мағынасын қарапайым сөздермен ашсаң соғұрлым оны тез тауып алатыңа күмәнім жоқ :)
kamarsuly
Бақытты мен іздемеймін тек соны таппай жүрген жандарға жол сілтесем деймін)))
bake
„Бақыт -Navigator-ы„ деген кітаптың нұқабасы көзалдыма елестеп кеткені. Мүмкін, болашақта жарыққа шығатын сол бір кітаптың авторы сіз боларсыз. Жазбаларыңызды оқып шыққанға дайынбын
salta
менің де жазғым келеді) бірақ басқа тақырыпта))менің кітабымды әйелдер бетін басып отырса жа, саусағының арасынан сығалап отырып оқитын еді. біреулері бетіме түкіруге дайын болса, біреулері арқамнан қағар еді. әттең… жұмылған ауызым, жұмылулы күйі көрге кіретін шығармын
asaubota
басқа логин ашып ал да бұрқырат