Складчик

Интернетте көптеген курстар, тренингтер мен вебинарлар бар. Алайда олардың барлығы тегін емес, құнды ақпарат ақылы болады. Оған қоса көбі бір адам үшін қымбат болып келеді.
Осындай қолданушылар үшін skladchik.com деген сайт қызмет етеді. Бұл сайтта қолданушылар ақылы «ақпараттық тауарларды» бірігіп сатып алуға мүмкіндігі бар. «Ақылы тауарларға» түрлі курстар мен тренингтер, вебинарлар, кітаптар, олардың аудармалары, шаблондар, спорттық болжамдар, ақылы сайттарға кіру және тағы басқалары кіреді.
Ең алдымен өздеріңізге қызықты складчиналарды іздеп қараңыз. Қызық болса, тіркелу ашық.
Тіркелер алдында сайт ережелерімен мұқият танысып алыңыз. Сайт ережелерін бұзу мәңгі банға алып келеді. Бірнеше рет тіркелуге рұқсат берілмейді.
Сұрақтар болса осы тақырыпта қоя беріңіз.
Бөлісу:

2 пікір

ken
Әйелдерге арналған «курсы по соблазнению» деген бөлімі бар екен)
asaubota
рақмет, кіріп қарап көремін