Флешмоб-Протест: Қаншадан болып жатыр?..
3 күн бұрын Фейсбукта «Биыл магистратураның ағылшынынан өтіп кету қаншадан деп жатыр?» деген пост жазып, білім саласындағы қазіргі актуал мәселеге назар аудартқым келген еді. Шынымен жиі естиміз магистратураның ағылшыннан емтиханы сыбайлас қамқорлықпен өтетіні туралы. (Қаласаңыз магистратурада оқитындардың ағылшынша деңгейін тексеріп көріңіз.)
Осыдан кейін бүгін бір уақытта бірнеше блогер #ҚаншаданБолыпЖатыр хэштегімен түрлі тақырыпта посттар шығардық. Хэштег лезде танымал болып кетіп, 3 сағат ішінде 50-ден астам пост жазылды. Посттардың дені қоғамдағы коррупция көріністеріне әжуа болғанымен негізінде осы мәселеге назар аударту, атап өту — мақсат болды. Нәтижесінде қай салаларда, қандай тұрмыстық мәселелерде парақорлық қатты байқалатынын көруге болады. Жиі аталғандар: жұмысқа тұру, емтихандардан өту, балабақшаға орналастыру, пәтер кезегі. Сондай-ақ сұрақты тура мағынасында қолданып, пойыз билетін, азық-түлік бағасын сұрағандар да бар. Ештеңесіз жәй трендке еріп те хештег қолданғандар байқалды. Ал, жалпы хештег өзінің протест мақсатына жетті деп ойлаймын. Күзетшілік пен медбикеліктің өзіне ақша сұрайтын бұл қоғамда басқа қандай "қызмет" түрлері қаншадан болып жатқанын мына жерден қараңыз: #ҚаншаданБолыпЖатыр
Мынадай варианттар да болып еді, үлгермедім:
Балақ қысқарту #ҚаншаданБолыпЖатыр
Сақал қыру #ҚаншаданБолыпЖатыр
Проводниктің орнына жатып бару #қаншаданболып жатыр?