23 сәуір күні Головкин мен Уэйдтің жекпе-жегі болатыны бәрімізге аян. Осыған дейін отандасымыз канадалық Давид Лемье мен жұдырықтасып, Лемьені 8-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал бұл жолғы Головкиннің қарсыласы америкалық Доминик Уэйд 18 жекпе-жек өткізіп оның барлығын жеңіспен аяқтап, он екісін нокаутпен құлатқан. Шыны керек, Уэйд Лемьеге қарағанда әлсіздеу. Геннадий бұл кездесуде еш қиындықсыз ұтады деп ойлаймын. Өзімнің болжамым бойынша ГГГ 4-раундта жеңіс туын желбіретеді. Ал, сіз қалай ойлайсыз? Бұл шоудан не күтесіз?
не шайтан түртіп отырғанын білмеймін, осы жолы жеңілсе екен деймін. жеңілістің дәмін татып көру де мықтылықтың бір түрі деп есептеймін соншама жетістіктерден кейін
Головкиннің жекпе-жегін 6 ай күтеміз… небәрі 2-раундта құлатып түсіреді, нағыз шоу деп осыны айтуға болатын шығар, ал қайталап көрсеткендері дұрыс деп ойлаймын.
15 пікір