ДЗЮДОШЫЛАР ЖАРАДЫ!
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күні қазақ балуандары үшін сәтті басталды. Әзірге қоржынымызда 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар. Сары құрлық біріншілігінде 48 келіде Галбадрах Отгонцецег, 60 келідегі әлем чемпионы Елдос Сметов, және 63 келіде Мариан Ордабаева жеңімпаз атанды. Күміс медаль Түркістандық жас балуан Дидар Қамзаның еншісінде. Ол жапон балуанынан айласын асыра алмады, ал Елдос Сметов соңғы секундтарда өзбек балуаны Урозбоев Диорбектен жеңісті жұлып алды. Урозбоев Диорбек жартылай финалда Рустам Ибраевтан басым түскен. Соңғысы үшінші орын болған белдесуде моңғол дзюдошысына жол беріп бесінші орынды қанағат етті. Өз кезегінде Мариан Ордабаева да жапондық қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, Азия чемпионы атанған жайы бар. Қола медаль 66 келіде күрескен Елдос Жұмақановтың еншісінде. Тағы бір қазқстандық татами шебері Дастан Ықыбаев өкінішке орай, қола медальді уысынан шығарып алды. Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігін КазСпорт арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.(15-17 сәуір)
8 пікір