ҚАЙТАЛАНҒАН ТАРИХ!
Осыдан 11 жыл бұрын Ливерпуль ЧЛ (Чемпиондар Лигасының) финалында айды аспанға шығарған болатын. Енді міне уақыт өте келе тарих қаталануда, Еуропа лигасының ширек финалында Юрген Клопптың командасы тағы бір мәрте айды шығарып отыр. Ливерпуль мен Боруссия арасындағы кездесуді мамандар бейресми түрде Эль-Клоппико атап кеткен. Сигнал Идуна Паркте болған кездесуде тең тарқасқан екі команда Энфилдте нағыз спектакль көрсетті десек артық болмас.
"Қайталанған тарихқа" оралайық. Егер естеріңізде болса, 2005 жылы Ливерпуль мен Милан ЧЛ финалында кездескен болатын. Сол кездесу тарихта "Ұлы Стамбул финалы" деген атпен жанкүйерлер есінде қалған болатын. Бірінші таймда 0:3 есебімен жеңіліп жатқан "қызылдар" екінші таймда 10 минут ішінде есепті теңестіріп, матч соңындағы пенальтиден жеңісті жұлып алған. 11 жыл өткен соң сол жағдай 100% болмаса да қайталанды. Ливерпуль ойынның 57 минутына дейін 1:3 есебімен жеңіліп тұрған. Бірақ 60 минутынан соң не болғанын ешкім түсінбесе керек. Есепті теңестіріп, (Коутиньо мен Сако) төрешінің қосқан алғашқы минутында Деян Ловрен жеңіс голын соғып, «Энфилд Роадқа» жиналған жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді.
Осылайша, Эль-Клоппико Ливерпульдің жеңісімен аяқталды. Юрген Клопп командасы жартылай финалға жолдама алды. Ливерпульмен бірге жартылай финалға ЕЛ(Еуропа Лигасы) қазіргі жеңімпаздары испаниялық Севилья, Вильяреал және Донецкіің Шахтері жолдама алды.

6 пікір