Өнер-білім бар жұрттар...
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде білім беру жүйесіндегі реформаларға қатысты әңгіме көбейіп кеткен соң ба, Білім және ғылым министрі бір топ блогерлермен кездесуге ұсыныс жасады. Келістік. Бардық. Бірақ мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында гаджет, смартфон ұстауға тыйым салатын заңнаманың күшіне енуіне байланысты кездесуге «қару-жарақтарымызбен» кіре алмадық. Сондықтан министр Ерлан Сағадиев мырза айтқан сөздерінің есімде қалғанын, көкейіме қонғанын баяндайын.
Реформа не үшін қажет?
Қазақстандық мектеп оқушылары еуропалық қатарластарынан екі жылға кенже қалған. Бұл PISA (Programme for International Student Assessment) мектеп оқушыларының білім деңгейін бағалайтын халықаралық бағдарлама қорытындысы. Яғни сіздің 8-сынып оқитын балалардыңыздың білімі Еуропалық 6-сынып оқушысының білім деңгейінде. Бұған әсер ететін факторлар әрине көп, бірақ бастысы тіл. Ғылым қазір күн сайын қарыштап дамуда. Ғылым тілі ағылшын тілі екені белгілі. Онда ол ақпарат ағынын аударуға тырысу мүмкін емес. Осы орайда Ерлан Кенжеғалиұлының TEDxте сөйлеген сөзі есіме түсті. Көрмесеңіз, көруге кеңес беремін. Жалпы аудармаға қатысты, тағы бір мәселе — терминдер. Егер қазақ тілін музей экспонаты сияқты сақтағымыз келсе еркіміз. Бірақ біз тілді қолдануымыз, модернизациялауымыз, дамытуымыз қажет. Түсініксіз аудармадан гөрі, түсінікті «кірме» сөздер артық. Мысалы, медициналық оқулықтағы 30 мың сөздің аудармасы жоқ екен. Егер сол сөздерді түгелімен қазақшаға аударар болсақ, мен осы кітаппен оқыған дәрігерге қаралғанша, шетелде емделе берер едім.
STEAM білім беру
STEAM (S – science, T – technology, E – engineering, A – art, M – mathematics) қазіргі кезде әлемге ең қажетті пәндер. АҚШ, Малайзиядағы білім беру реформасы мен экономикасының бәсекелестігін арттырудың синонимі осы STEAM білім беру болады. Қазақстандағы реформа (реформа деу артығырақ, бұл жобаның әзірленіп, қолға алынғанына біраз жыл) бойынша информатика, химия, физика және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылмақ. Дәлірек айтқанда, оқулықтар ағылшын тілінде болады. Ал оқытушы өз ыңғайына қарай қалаған тілінде түсіндіруге құқылы. Информатикадағы терминдердің дерлігі ағылшын тілінде екенін ескерсек, бұл логикалық дұрыс шешім деуге болады. Осы өзгерістер бір күн, бір жылда емес, кезеңмен жүзеге асырылады. Алдымен 2017 оқу жылында информатика пәні ағылшын тіліне өтеді. Қалған пәндер 2020 жылға дейін біртіндеп көшіріледі. Кадр мәселесіне келетін болсақ, ниеті, бейімі бар мамандар жазғы демалыс кезінде ағылшын тілін үйренеді. Қазірдің өзінде ҚТЛ, Назарбаев мектебінің оқытушы, оқушылары волонтерлік негізде жұмыс жасауға тілек білдіріп отыр.
Өзгенің қаңсығын таңсық қылып...
«Менің Өзбекстанға бірнеше рет сапарым түсті. Тарихы, мәдени жәдігерлері бай ел. Бірақ ол жаққа тағы барғым келмес еді. Себебі кедей халық, төмен тұрмыс деңгейі, жоқшылық. Ал салыстырмалы түрде Азиядағы елдер — Корея мен Жапонияға қанша барсам да қызық. Мәселе мәдениетте емес. Өмір сүру деңгейінде, тұрмыс-тіршілігінде. Өз еліңнің экономикасы, білім-ғылымы, әлеуеті жоғары болса, жастарымыз сакураға тамсанып, кәріс сериялдарын тамашалап, Америка арманы туралы қиялдайды деп ойламаймын. Бай ел әлемді тамсантатын мифті қолдан болса да жасап ала алады».
Ауыл баласының зоотехник болуы шарт емес
Ауыл және қала баласының арасы алшақ. Білім деңгейі әртүрлі. Қазір не үшін ауылдарға интернет тартып әлек болып жүрміз? Уақытын қызықты өткізуі үшін емес, тең мүмкіндік алсын деп. Мектептерде ағылшын тілі енгізілсе, біздің оқушылардың білім көкжиегі де кеңейеді. Ауыл мектебінің түлегі Каир, Кембридж, Оксфорд университеттерінің есігін именбей ашсын десек, ағылшын тілі пәнін енгізу қажет. Тіпті француз тілі 16 мемлекеттің ресми тілі бола тұрса да, француздар 1-сыныптан бастап ағылшын тілі пәнін енгізді. Бұл ұлтының тілін кемсіту емес, болашағын ойлау.
ЖОО туралы бірер сөз
Жоғарғы оқу орындарындағы профессор-оқытушылардың ғылыми дәрежесі мәселесіне келсек. Қазіргі кезде жасы келіп қартайса да, білім берудегі басшылықты уысынан шығарғысы келмейтін профессорлар барын білем. Барлығы емес, кейбірі кәсіби құндылығын жоғалтқан. Сонда да кафедра меңгерушілігіне таласу, өз адамдарын жинау сияқты жоғары білім сапасын кері тартатын әрекеттер жасайды. Бұл оқу процесіне, сапалы мамандар даярлауға кесірін тигізеді. Сондықтан қазір оқытушылар құрамындағы ғылыми дәреже көрсеткішін аздап өзгерту керек. Зейнет жасындағы, кәсіби тұрғыда деңгейі төмендеген профессорларды шығарып салатын кез келді. Штаттық құрамның 30% — PhD докторлар, 60% — магистрлер, қалған 10% — кәсіби практиктер (өз саласында кемінде 2-3 жыл басшылық қызмет атқарған) болғаны жөн.
P.S. Негізі айтқан уәждері осы. Айтпақшы, елді қол жинатып, «жаға ұстатқан» реформалар туралы бірер сөз. Жазғы демалыстың ұзартылуы:
1-сынып оқушыларының жазғы демалысы небәрі 5 күнге кемиді.
Орта және жоғары сынып оқушыларінікі бар болғаны 10 күнге қысқарады.
Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде оқытылатын пәндер (барлық мектептерде):
Ағылшын тілінде информатика, биология, химия, физика пәндері оқытылады (10-11 сыныпқа ғана қатысты).
Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті қазақ тілінде ғана оқытылады (6-сыныптан бастап)
Орыс тілі мен әдебиеті (бұл екі сабақ бірікітіріледі), дүниежүзі тарихы орыс тілінде оқытылады.

Соншама дамып кеткен түгі жоқ.
Мына тырнақшадағы айтылғанды не үшін мына жерге қыстырып қойған? Оқырманға "Өзбекстанда мектептегі сабақтар өзбек тілінде оқытылғандықтан ол ел дамымай қалған, ал Жапония мен Корея мектептерінде сабақтар ағылшынша оқытылады, сондықтан дамып кеткен" деген пікір қалыптастыру үшін бе?
Қарап шықтым, Жапония мен Корея мектептерінде сабақтар жапон және корей тілдерінде жүргізіледі екен. Тек біздегі ҚТЛ секілді арнайы мектептерде ғана ағылшынша болуы мүмкін.
Жалпы Жапония мен Корея әлем елдерінің ағылшын тілін меңгеру индексі бойынша тізімде мына елдерден төмен тұр екен: Эстония, Польша, Венгрия, Словения, Латвия, Португалия, Словакия, Аргентина, Чехия, Үндістан, Индонезия.
Оқырмандар арасында жалған пікір қалыптастыруға тырысқанға қарап, билікпен кездесу барысында билік былогерлерді сатып алған ба деген ой келіп тұр.
Жалпы, ағылшын тілін түсіну, сөйлесу аздық етеді, ол тілде ойлау да артық етпес, меніңше