ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҚҚА ТАҒЫ БІР ҚАДАМ...


Әлемдегі ең үздік футбол лигасы- Ағылшын премьер лигасы екені белгілі. Осы маусымдағы сенсацияға дайын болайық. Себебі, Лестер Сити кезекті мәрте жеңіске қол жеткізді. Клаудио Раньери шәкірттері сырт алаңда Қара мысықтардан(Сандерленд) 2:0 есебімен басым түсті. Осы маусымдағы басты қаҺарман Джейми Варди дубль авторы атанып, өзінің голдар санын 21 ге дейін жеткізді, Ал «Түлкілер» болса қатарынан бесінші жеңістеріне жетті. Осылайша, 72 ұпаймен көш бастап чемпиондық атаққа тағы бір қадам жақындады. Лестер сырт алаңда Сандерлендті 1935 жылдан бері ұта алмаған көрінеді. Міне енді ол да аяқталды.
Енді екінші орындағы Тоттенхэмнен алты ұпай айырмашылық бар. Тек қана сол айырмашылықты сақтап қалса болғаны, 36 турда мерзімінен бұрын чемпион атануы мүмкін. Өз кезегінде Почеттино шәкірттері де қарап қалмай, Қызыл сойқандарды 6 минут ішінде бокс тілімен айтқанда нокаутқа жіберіп, чемпиондық атақты оңай бере салмайтынын көрсетті. Ал Луи Ван Гал шәкірттеріне келесі жылға Чемпиондар Лигасына берілетін жолдамаға біраз тер төгу керек сияқты…
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
бүкіл әлем Лестердің тілеуін тілеп отырған шығар
AbilmansurKamzaev
Иә, әрине менде солардың қатарындамын, ал сіз ше?
ZakenovDaniyar
Осы маусымда Лестер Чемпиондық атаққа лайық команда!!!
AbilmansurKamzaev
Иә, әрине Данко сенімен толық келісемін