#Жақсықыз - "тең - теңімен". #10
Өткенде бір іс-шара болып, көптен бері көрмеген бір құрбыммен кездесіп қалдым. Өзі негізі өте #жақсықыз. Кеш бойы жақын отырып, әбден сырластық. Бұрын менімен жерлес бір жігітті ұнататын еді. Қазір аралары суып кетіпті. Сөз салып, қырындап жүргендер көп, дей тұра бәрі мен ойлағандай, менің арманым мен қиялымдағыдай емес дейді.
— Сенің арманың мен қиялыңдағы азамат қандай болу керек?- деймін ғой, мен де бой бермей.
— Біріншіден ол білімді адам болу керек. Екіншіден, маған кешіріммен қарау керек. Үшіншіден, әлеуметтік жағдайы менен төмен болмау керек.
Тақылдатып айтып берді. Сірә, бұл сұраққа бірнеше рет жауап беріп отыр-ау деп ойлап қалдым. Айтқан талаптарының бәрі орынды.
Бірақ, жоғары білім — міндетті түрде — ақыл мен даналықтың, парасаттылық пен терең ойдың айғағы емес. Университет бітірмесе де, жоғары білімі барлардан әлде қайда жоғары тұратын жігіттерді өз басым талай көрдім. Жақсы, мейлі.
Біздің дана қазақ, «біреуін ашу айтқанда, біреуін басу айтындар» дейді. Кешірім жасай алу — үлкен қасиет. Алайда, "қойш, ол мені кешіреді" деп, ер азаматты жүнжітіп, басына мініп алған ұрғашы да жеткілікті. Кешірім қашан да екіжақты болу керек. Кешіретін іс бар, кешіргенді емес, түзелгенді, өзгергенді талап ететін қылық та бар.
Ал әлеуметтік жағдай туралы айта бастағанда, екеуміз мүлдем келіспей қалдық.
— «Тең-теңімен, тезек қабымен» деген сөз бар қазақта. Егер оның жағдайы менен төмен болса, ең құрығанда астына мініп жүрген машинасы болмаса, оған қоса, отыздан асқанында, бір жиған- терген тиыны болмаса, онда ол жігіттен ертеңгі күні не қайыр?" деп құрбым кесіп тастады.
Айтқым келсе де, тілімді тістей қойдым. "Әркімнің өз шындығы бар". Үйді жалдап отырса да, астына машина мінбесе де, бір шаңырақта сыйлы отағасы болып отырған талай жақсы жігітті білемін. Бәрі отыздан асқан. Олардан ертеңгі күні үміт жоқ деп айтпақ түгілі, олай ойлағым да келмейді.
Ал «Тең-теңімен, тезек қабымен» деген сөз 100 теңгесі бар адам, 99 теңгесі бар жанмен қосылмасын деген сөз емес. Ойы, ақыл-парасаты, тәрбиесі сенімен тең болып тұрса, сенің ортаңа ол, оның ортасына сен сіңісіп кете алсаң, тең-теңімен деген осы.
— Арманыңдағы, қиялыңдағы жігіт саған кездессің!- дедім сөз соңында.
Бірақ сөздің шыны керек, мен оған да, жалпы басқа құрбыларыма да жай ғана жігіт кездессің деп тілеймін. Ал оны арман мен қиялдың кейіпкеріне айналдырып, өмір бойы сол дәрежеде сыйлап өту — әркімнің өз қолында.

білімі бар, бірақ тупой — окей. но білімсіз парасатты болу — мүмкін емес. это как кентавр и русалка — миф.
тең — теңімен деген рас. бірақ қайыршымен көңіл қосуым өте екіталай. прожженный прагматик ретінде ондай мүмкіндікті жоққа шығара алам. өзім сияқты боқтан шыққан, бірақ ақылы молдығының арқасында авторитет жинаған, ақшаның құнын білетін адам болса жарайды.
жеке басына келер болсам — қызғаншақ далбайоб болмаса деген тлэқ.
сосын үйленейік, бала ту деп қыртпайтын болса — ваще арманым орындалды дей алар едім )