Тауықтың миы

Блог - e_zhalgas: Тауықтың миы

Тауық — үй құсы, қуырып та, қайнатып та жеуге жарайды, күн шықпай жатып қыңқылдап, үй иесінен боғауыз естіп жататын да құс. Эволюциядағы көзге ілігерлік жетістігі — етінің тәттілігі. Ұша алмайтын лузерлігіне қарамастан, адамның таңдайын үйіріп әкетіп, тірі қалды деген де болжам бар.

Тауықтың миы — адамның шексіз сарказмының, біреуді қорламақ кезде қолданылатын сын есім рөлін атқарып жүрген органдарының бірі. Егер өзіңе қарата, «тауықтың миындай миың жоқ екен» десе, оны игі мақсатпен айтып тұр екен деп ойлаушы болма.

Айтпақшы, салыстырмалы түрде, адам заты тауықты қолға үйреткеніне мыңдаған жыл болса да, қазақтардың қорасында пайда бола қойғанына ұзақ уақыт өте қоймады. Сондай-ақ, адамдар тауықты қолға қалай үйреткендігі туралы дерек аз, кейбіреулер бастапқыда тауықтың тұқымын өзі басып шыққан деп те жатады. Дегенмен, ол ақпарат көзі сенімді деп айта алмаймыз.

Бұның бәрін неге айтып отырмын? Қазіргі эрудиция мен білімге ұмтылу тауықтың миындай әрекетті ғана қажет етіп жүр. Сұрақ қоя қалса, интернетіңді қоса салып, ақпаратыңды оқисың да сол мезетте «о, шешесс, не деген мүкәммал бас» сыңайлы лулздарды жинап алып, артынан тарс ұмыта саласың.

Так ышто, тауық милардың дәуіріне қош келдіңдер, бәрің.
Бөлісу:

20 пікір

e_zhalgas
керекинфо күні дегендеріңе фейсбуктегі бір постымды жариялап қояйын :)
MERmukhanov
Екі мәңгілік сұрақ ұсынсам деп едім:

тауықтың миы бірінші пайда болды ма,
жұмыртқаның сұйығы ма?

құстардың жұмыртқасы неге ұрғашыға, адам, примат және өзге кей сүтқоректілердің жұмыртқасы неге еркекке тиесілі?
zholantai
тауық, сөзі әдетте мекиен сөзімен қатар айтылады, қораз бөлек ;)
MeihuaZheng
чото поржал, слушай
e_zhalgas
заметь, обычно я слишком серьезный :)
Basic
тауық милары дәуірі демекші. Соңғы уақытта байқағаным. Мәтінді жылдам оқимын. Между строк. Бірақ мәтінді түсінуім қиындап кетті. Бұрын кітапханадан үстірт оқып алғанды сампылдап айтып беруші едім. Қазір түйсінуім қиындап кетті. Менде де екі сұрақ *lol* *lol*
Не істеу қажет?

Кім кінәлі? 
e_zhalgas
миым жеткенше түсіндіріп көрейін. визуал ақпараттың көбейіп кетуінен, видеолардың форматы барынша қысқара бастауынан, қысқарған видеолардағы динамиканың көбеюінен, кадрлардың арасы қысқара түсуінен адамдардың психикасы клиптік сана (клиповое сознание) дегенге душар болып келеді. ол жақсы ма, жаман ба — белгісіз. бірақ адам мұқияттылықты, концентрацияны, ұзақ текстерді оқып отыруды ұмыта бастады. сіз ұмыта бастасаңыз, қазіргі ұрпақ сол санамен қалыптасты. очм, как то так. ештеңе істей алмайсыз. осылай дамуға бейімделуге тура келеді. не өзіңізді қинап, ауыр мәтіндерді ежіктеп оқып отыруға мәжбүрлеу ғана қалады :)
asaubota
IQ өте төмен қазір. түңіліп жүрмін. әзілді түсіндіру тіпті қиын :Q
zholantai
билікке де керегі сол еді,
бүкіл каналдарға мақсатты түрде ниже плинтуса сериалдар мен попсаны тығып-тығып, осындай қылды
Zhan
бұрыннан ұмытшақтардың бірі едім, тауықтың миы маған арналған диагноз екен
RaymbekEgemberdiev
Мұнда анау процент туралы айтпай кету болмайды енді )) Қысқасы, тауықтың миының жұмыс істейтін пайызы адамға қарағанда көбірек)
bake
Қазіргі эрудиция мен білімге ұмтылу тауықтың миындай әрекетті ғана қажет етіп жүр
тыпа мына сұраққа жауап іздеп жүргендер осылардың қатарында ма? Тауық және жұмыртқа. Қайсы бұрын жаратылды?
Marco
Жоооқ, «тауық, әлде жұмыртқа» деген оған жатпайтын шығар. Бұл деген шынымен ойлануды, тереңірек іздеуді қажет ететін сұрақ қой.
Gastarbaiter
Бірдеңені түсінбесе интернеттен қарай салуды да білмейтін былқылдақ денелілер мен біржасушалылар барда тауықпен жылап көрісесің.
e_zhalgas
былқылдақ денелілер
:D
merekeee
«Тауықбас» дегенді енді түсіндім онда.
Ал диагноз «Тауықтың миы» ма, «Тауықтық ми» ма?
MamaAya
Таныс диагноз, көп естігем. Сонғы кезде басқаларға мен айтатын болғам. Тұқым қуалайтын нәрсе ғой дим)))