Облыс әкіммен кездесуінен кейін

Жамбыл облысы әкімі К.Н.Көкрекбаев жастар алдында дәріс оқыды. Дәріс өте мазмұнды дайындалып келгендігімен қоса Әкім мырза зуылдатып дайындалған «докладты» оқымай өз сөзімен жасалған жұмыстар туралы толық баяндап берді.
Жастар алдында баяндама аяқталғаннан кейін «протоколдан тыс» үш адам сұрақ қойды. Бірінші болып өзі жақсы жігіт, Файзулла Нағашыбайұлы «залиний»де қар тазалауды айта кетті.
Екінші болып Өз басым 4 мәселе туралы айта кеттім. Сұрақтар:
1. мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе өткізген түнгі рейдтер туралы өз ойыңызды білдірсеңіз?
2. Елбасы айтқан жаңа жылдық «корпоративтер» туралы, оған қарамай өткізіп жатқандығы жайлы өз ойыңызды білдірсеңіз?
3. Неге инстаграмм желісінде соңғы ақпарат 14 апта бұрын салынған. Одан кейін жұмыс тоқтап қалды ма? Басқа әкімдерді оң жаққа қараса да, сол жаққа қараса да айтады, неліктен Сізге PR жетпейді?
4. Жастарға қандай кітап оқығанды кеңес берер едіңіз?
Жауаптар:
1. «Нұр Отан» партиясында Кеңеске салып жауаптыларды жауапкершілікке тартық.
2. Облыс әкімдігінде селекторда барлығына ескертілген болатын. Кім оны орындамайды, өз еркімен арыз жазып кетсің.
3. Мен PR ҰНАТПАЙМЫН. Халық өз бағасын берер. Жақында ғана Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг берген едім, содан БАҚ өздері толыққанды ақпарат таратты.
4. Тариxи кітаптарды оқуды кеңес берер едім деді.

Үшінші болып Уалиxан Болатбекұлы көше спорты СтритВоркАут туралы ұсыныс жасады. К.Көкрекбаев ұсынысты өзіне жіберуіне сұрады. Қарастырып мәселе шешілетіндігі туралы айта кетті.

Сұрақтар аяқталғаннан кейін белсенді жастар болып фото мен сэлфиге түстік.

П-с: "Әкім бол, xалқына жақын бол" деген дана сөз бар. Жастарға жақын болып жүрген Кәрім ағаға көмек беруден аянбаймыз. Әрдайым Бізге жастарға сенім білдіруге болатындығын алға тартқым келеді. Осындай кездесулер жиі болмаса да, мағыналы да сапалы өткендігіне қуаныштымын.

Исламбек Дастанұлы.
Бөлісу:

6 пікір

Basic
«докладтың» зуылдатып дайындалғанын білуіңізге қарағанда спичрайтерісіз ау. Олай болса не үшін оқымағаны түсінікті.
IslambekDastan
Спичрайтер деңгейіне жетпедім. Бірақ, қағаз қарап зуылдатқанды белгілеп жүрем
Basic
суретте облыс түгелімен сыймай қалған ау ә?
IslambekDastan
Ия сыймай қалды. Қап-ай))
Basic
Екінші болып Өз басым 4 мәселе туралы айта кеттім
Қалайша Сізге алғашқы сөзді бермеді? Сондай көкейтесті мәселелерді көтеріпсіз. Респект!
IslambekDastan
Бұйыртқаны екінші болып сұрақ қойғаным.