Әбіш Кекілбаев библиографиясы

Блог - nazamat: Әбіш Кекілбаев библиографиясы
Әбіш Кекілбаев библиографиясы оның 1998 жылдан 2009 жылдың қазан айына дейінгі еңбектерін қамтиды. Библиографияны ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы құрастырған. Толық нұсқасы «Кемел тұлға келбеті» (Астана, 2009) кітабында жазылған.

Қысқа ғұмырнамалық анықтама


Кекілбай Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысында Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген.
1947-1957 жылдары — Үштағандағы орта мектептің оқушысы.
1957-1962 жылдары — С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті.
1962-1963 жылдары — "Қазақ әдебиеті" газетінің әдеби қызметкері.
1963-1965 жылдары — «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі.
1965-1968 жылдары — Қазақ КСР-дің (Кеңестік Социалистік Республикасы) мәдениет министрлігінің коллегия мүшесі.
1968-1970 жылдары — Кеңес Армиясының қатарында.
1970-1975 жылдары — "Қазақфильм" киностудиясының коллегиясының бас редакторы.
1975-1984 жылдары — Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі.
1984-1986 жылдары — ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары.
1986-1988 жылдары — Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы.
1988-1989 жылдары — Қазақ тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының (ҚазТМЕҚҚ) басшысы.
1989-1990 жылдары — Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ұлтаралық қатынастарының бөлім меңгерушісі.
1991 жылы — ҚР Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы.
1992-1993 жылдары — «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы.
1993-1994 жылдары — ҚР мемлекеттік кеңесшісі.
1994-1995 жылдары — ҚР Жоғары Кеңесінің (Парламентінің) төрағасы.
1995 жылы — ҚР мемлекеттік кеңесшісі.
1996 жылы — ҚР Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
1996-2002 жылдары — ҚР мемлекеттік хатшысы.
2002 жылдан бастап ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Атақ-дәрежелері


1. АҚШ Конгресі, Жапония Кеңесшілер Палатасымен, Хорватия Республикасы Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі.
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрметті профессоры.
3. Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
4. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
5. ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі.
6. Маңғыстау облысының құрметті азаматы (2009).
7. Орталық Азия мемлекеттері ұйымының мүшесі.
8. Ұлттық академиялық кітапханасының қамқорлық кеңесінің төрағасы.

Марапаттары


1. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986).
2. ҚР Халық жазушысы (1992).
3. Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1995).
4. ҚР Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1995).
5. «Отан» ордені (1999).
6. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2001).
7. «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығы (2002).
8. «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2003).
9. "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" (2006).
10. «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008).
11. "Құрмет Белгісі" ордені.
12. ТМД ПАА «Достастық» ордені.

Шығармаларының аудармасы


1. A legenda vége = Аңыздың ақыры / E. Kekilbajev. — 1998. — [венгр. тіл.]
2. Ballad of forgotten years = Өткен жылдар балладасы: Historical fiction / A. Kekilbaye. — London: Stacey International, 2008. — [ағылшын тіл.]
3. Das Minarett oder Das Ende einer Legende = Күмбезді мұнара немесе Аңыздың ақыры: Historischer Roman / K. Lichtenfeld; A. Kekilbaew. — Berlin, 2006. — Serie Kasachische Bibliothek. — [нем. тіл.]
4. Efsanenin Sonu = Аңыздың ақыры / A. Kekilbaye. — Istanbul: Da Yayincilik, 2008. — [түрік тіл.]
Бөлісу:

4 пікір

bake
Интернетте очерктер т.с.с. материалдар бар ресурс болған. Қазір ол ресурстың ізіде көрінбейді. Ресурс ашық кезінде очеркін оқығанмын.
asaubota
Кекілбаевтың сайты домен/хостингі төленбегесін жабылып қалыпты. жауапты ешкім болмаған сайтқа, бір меммекеме кезінде ақша бөліп ашқан, кейін қалған солай
Kozi2012
Жүрек шіркін ақтық демін алғанда,
Жете алмай кетті ау талай арманға.
Далам үнін кеудесіне сидырған,
Сенен асқан барма мынау жалғанда.

Талай сырлар қалдыма екен қазылмай,
Талай жырлар қалдыма екен жазылмай.
Абыз бейнең қалды елдің есінде,
Естен кетпес сырлы бұлақ сазындай.

Әбіш аға өзің жазар жыр қандай,
Келер ұрпақ ұғарма екен сормаңдай.
Ұлы тұлға Азаматтан айрылып,
Бүкіл дала аза тұтып тұрғандай.