Келін болудан қалай аман қалдым (болған оқиға)

Бұл шын болған оқиға. 3-курста жатақханадан орын тимеді. Сөйтіп пәтер іздеуге кірістік. Қасымда бір ғана құрбым. Содан екеумізге қымбатқа түседі, одан қалса қасымыздағылар ішеді, шегеді деп қатарласып тұрғымыз келмей біраз жүрдік. Содан құрбымның анасы хабарласып, көршісінің қызы осы жақта тұрады екен, соның бір бөлмесін 30 мыңға келісіпті, сонда барыңдар деді. Бардық. 2 бөлмелі, өз үйлері екен, 1 балалары бар. Бір бөлмесіне жайғасытық, тату-тәтті тұрдық. Бірақ сол уйдегі апай қыз іздеп жүрген қайнысы барын айта беретін. Негізі Шымкенттен. Бірақ Астанаға көшіп келгендеріне біраз болған, котеджі бар, үйінің кенжесі… осындай сипаттамада жалғаса беретін.
Бір күні үй иелері сол котежддегі туыстарына қонаққа кетті, құрбым ағылшын курсына баратын соған кетті. Бірааааз уақыттан соң есіктің қоңырауы шылдыр ете қалды, құрбым шығар деп ашқаным сол еді, бір әже тұр, қасында бір апай бар. Үйдің иесінің атын айтып, соның туыстарымыз, олар өздері бір шамадан соғ келеді деді. Үйге кірді, қолыма бір пакет қызанақ ұстатты да, шәй дайындашы қызым деді. Жақсы, деп асүйге бардым да, еххх болашақ «Енекондам» болып жүрмесін дедім. Қасындағы апай да менімен ілесе кіріп, шәй дайындауға көмектесті. Көмектесе жүріп, "әлігі жігіт" бұл кісіге де қайны екен, сүрлеп жүрген қайнысын айта жөнелді.
Қатты қорықтым. Маған оның жағдайы не керек, мен мында оқу үшін жүрмін ғой деп, жүрегім атқақтап барады. Содан мен ол әже мен келініне ұнамайтын істер жасай бастайын дедім. Сөздерін аңдасам, менің жай-күйіме әбден қанық секілді. Содан бөлмеме кіріп, ашық-шашық киім іздей бастадым, құрбымда да жоқ екен. Жыртық-жыртық джинсы таптым да соны киіп шықтым. Есік тағы шылдыр еттті, ашсам ата келіп тұр. Әкесі екен, кемпірім осында екенін естіп келдім деп әзілдеп төрге шықты. Содан мен жыртық джинсымен алдарынан олай-бұлай өтіп, шәй жасап, шәйға шақырдым. Маған деген ойлары әлі бұзылмады. Содан олар дастархан басына жайғаса бергенде, келініне айттым сіз шәйді құя беріңізші мен қатты шөлдеп тұрмын, сырттан сусын алып келейін деп, үйден кетуге асықтым. Ал олар менің қашып кететінімді біліп жібергісі жоқ. Сөйткенше есік тағы шылдар ете қалды. Маған көмектесер біреу болар деп, ашып қалсам, сүйкімді жігіт екен. Сырттай арманда жүрген жігіт осы екенін бірден білдім. Түрі тым келбетті екен. Сүйікті футболистерімнің бірі Томас Мюллерге ұқсап кетеді. Үйге кірді. Шәға келді. Мен далаға шығып келуге ынғайланып едім, бойдақты қасыма ерітіп жіберді. Сөйтіп сыртқа үнсіз шықтық. Бір де бір сұрағына жауап бермедім. Үнсіз дүкенге келдік. Сыра алдым. Үнсіз үйге келдік. Асүйге кірген бойда: «Тоңазытқышта тұрса да жылы екен» деп іше алмайтынымды білдірмеу үшін тоңазытқышқа салып қойдым. Содан бәрі үнсіз қалды… бір-екі кеседен шәй ішті де үйдің иелері кешікті ғой, біздің шаруаларымыз бар еді деп, жинала бастады. Мен осылай сүймей қосылудан, еріксіз келін қылудан аман қалдым.
Блог - Nura: Келін болудан қалай аман қалдым (болған оқиға)
Тағы бірдеңе, қастарына еріп келген келіндері өзінен 2-3 размер үлкен көйлек пен дамбал киген. Бұл қазаққа жат дүние, яғни өзбектің қаңсығы ғой. Өзімді олай елесте те алмады.
Бөлісу:

11 пікір

DinaAbdigalieva
Оқиға деп осыны айт. Сізге сүйетін жанмен бірге болуыңызға тілектеспін енді) ;)
ErnarSeytahmet
лайхакер.кз сайтына салыңыз.
немесе мынаны келін деген онлайн-сервиске салуға болады))
SSSS
әңгімеңе қарасақ, сені соңында қапқа салып әкетіп қалады деп ойлаған секілдісің ғой)))))))
негізі мұрнын көп көтеретін қыздар ақырында байсыз қалады, жасың өткесін кімге керексің.
келіндерінің дамбал кигені қызық екен, Шымкентте ондай заң жоқ, мүмкін өзбекстаннан келген оралмандар шығар.
SSSS
өзің қай облыстан боласың?
SSSS
Әлгі жігіт пиво алғаныңды көргенде ішінен «О шешесссс?!!!!» деген шығар))))))))
Nura
Егер айтса мен де қарап қалмас едім )
ken
Бұл қазаққа жат дүние, яғни өзбектің қаңсығы ғой
Ал джинсы мен дәл қазір үстіңе киіп отырған киімің кімнің қаңсығы? Иә, қазақтыкі емес. Ендеше біреудің киімі туралы "қазаққа жат дүние" деудің әжеті қанша? Ал негізі дамбалды қазақтар да киген. ОҚО-ның кей жерлерінде кешеге дейін киіп келді (жалаңбұт жүру ұят саналатын), мына жазғаныңа қарағанда әлі де киетін сияқты.

Ұрсыбатыр деп ойлап қалма. Плюстағам.
Nura
яһщы
ken
негізі бірден өйтіп тастағаның жарамапты. сені сол жерде қапқа салып әкетпейтін еді ғой. көруге келген да. ақыры жігіт ұнап тұрса танысып білісіп көргенің артық болмас еді.
тіпті әкетіп қалса да — қазір ұнатын футболистіңе ұқсайтын жігіттің келіншегі боп жүрер едің, Астанада тұрасың. оқуыңды бітірер едің қажет боп тұрса.