Махаббат па сенім бе, сезім бе... Арадағы жас айырмашылық
80 жастағы Гомерге 18 жасар ару ғашық болғанына әдебиеттер айғақ. Жамбыл атам 90-ға келгенде 15 жасар бойжеткенге көңілі құлағаны тағы бар. Бірақ неге бүгінгі күні махаббаттың жас талғамайтындығын мойындай алмай қаламыз кейде. «Тең теңімен, тезек қабыменді» алға тартамыз. Бірақ бұл мәтелді бір жақты қарастыру да қате. Ақыл теңдігі, материалдық жағдай теңдігі де бар. Адам бірі-бірі ұнатып, ұғысып тұрса оған қарсы сөз айтып, өсек өршітудің қажеті жоқ. Әлбетте, жап-жас қыз, ақыл тоқтатқан еркектің етегіне ұстаса «аяғы ауыр, байлығына қызыққан, амалсыз бара жатыр» деген пыш-пыш әңгіме сумаң етеді. Мұндай ғайбат менің талай құрбылармының көңіліне қаяу салды. Сондай сөздер ата-анасының, бауырларының құлағына жетіп, араға сенімсіздік ұялатады.
Қазір танымал адамдардың ішінде де жас айырмасы жер мен көктей жұбайлар бар. Бәрі демесек те көбісі шаңырағын шайқалтпай, үбірлі-шүбірлі болып отыр. Алпысбай, Жетпісбайлар дүниеге келіп жатыр. Ең бастысы арада сезім, сенім бар болып тұр ғой. Дәулескер домбырашы-күйші Нұрғис амен Дариғаның арасы біраз жас болғанын білеміз. Есесіне араларындағы сезім «Куә бол» атты әдемі әннің тууына себепкер болса, кейін дарынды Дін-Зухыра атты қызды дүниеге әкелді. Сондай-ақ, ағаларымыздың есткеліктерін тыңдап отырып, жазушы Әди Шәріповтың кезінде алдына алып ойнатқан, бүлдіршін қызды бойжеткенде жар етіп алған екен. Академик Рымғали Нұрғалида өзі отыздан асқанда, бойжетіп қалған аруды көріп, менің әйелім боласың деген екен. Сол аруға араға біраз жылдар салып үйленген. Асанәлі атамызда қартайған шағында өзінен отыз үш жас кіші арудан Жетпісбайын сүйді. Өнердегі қос аққудай жұптар Қыдырәлі мен Қарақаттың да арасы бір мүшел. Заманбек (марқұм) пен Мақпал, Әкім Тарази мен Роза Мұқановалар да бар. (Өзінен үлкен қыздарға үйлеген жігіттер де бар, бірақ ол мен қолдайтын тақырып емес. Сондықтан оларды мысалға алмаймын).
Махаббат па, құмарлық па білмеймін. Бірақ күйеуінің жас үлкендігі арадағы сыйластықты асырады деседі. Қазақтың қай жігітінің де артына ұрпақ қалдырғаны парыз деп білемін. Өйткені әр қазақтың бойында қайталанбайтын өзіндік тектілігі бар.
«Баяғыда бір ақылды ару бір шаңырақтың жалғыз ұлына тұрмысқа шығыпты. Алайда жас күйеуі соғыста мерт болады. Содан ақылды келіншек көп ойланып, бұл әулетті ұрпақсыз қалдырмайын дейді. Содан үйдегі қызметшісіне атам дәрет сындырғанда қарап жүрші, кіші дәреті көпіре ме екен, дейді. Көп ұзамай қызметшісі келіншектің ойындағы жауабын айтып келеді. Содан келіні атасын қымызбен, жылқының қазысымен, түйенің өркешімен баптайды. Уақыты жетті-ау дегенде, атасына жас қызды өзі айттырып, әкеп береді. Сол түні атасы, төскете жатып, о дүниеге аттанып кетеді. Бірақ артында ұрпағын қалдырған екен. Одан туған баланың атын Өкіреш қояды. Өкіреш кейін келіскен жігіт болып, Өкіреш батыр атанады».
Жас арудың арқасында бір әулеттің түтіні үзілмей қалды. Сондықтан жас айырмашылығына қарамай тұрмыс құрып жатқан жап-жас арулардікі ерлік деп білемін. Бірден жаман жағынан ойламай, оның ұлтымызға үлкен үлес екенін де ұмытпайық!

Қалай жалғыз жатады,-дейсің *lol*