Блогиада және статистика


Енді екі күннен соң Блогиада аясындағы 2015 жылдың үздік блогерін анықтайтын боламыз. Өзімді статистика агенттігіне жұмысқа қабылдап, алғашқы мәліметтерімді назарларыңызға ұсынбақшымын:
1. Ең көп балл жинаған — Medium / 27 ұпай /
2 Ең аз балл жинаған — Гүльназ және Мырзахан / екеуі де 0 ұпай /
3. Әр тур сайын кемінде 1 ұпайды қанжығасына байлаған — Назерке мен Medium
4. Ең максимум үштік (3) ұпайды көбірек жинаған — Medium / 7 рет /
5. Ең минимум бірлік (1) ұпайды көбірек жинаған — Назерке / 4 рет /
6. Ең көп күйрей(разгром 3-0) жеңілген — Гулназ бен Мырзахан /екеуі де 5 рет/
7. Ең көп тең түскен (0-0) — Сания / 2 рет /
8. Ең күйрей жеңілу(разгром) көп болған тур — 2 тур / 5 жеңіліс /
9. Финалдық кезеңге шыққасын ең көп ұпай жинаған — Medium / 14 ұпай /
10. Финалдық кезеңге шыққасын ең аз ұпай жинаған — Айдос және Сәния
Дәл қазіргі финалдық кезеңге шыққан "ғажайып төрттіктің" (привет, Голливуд) ұпайлары төмендегідей:
1. Medium — 27 ұпай
2. Marco — 21 ұпай
3. Назерке Низамуддинқызы — 20 ұпай
4. Әйгерім Тоқсанбек — 15 ұпай
Блогиаданың үшінші орыны үшін, колумнист әрі группаластар, өмірдегі достар Әйгерім Тоқсанбек және Назерке Низамуддинқызы таласатынын есіңізге саламыз.

Ал, ақтық сында Medium және Marco кездесетін болады: (сурет Жанасыл Болатбектікі)

Бұл статистиканың ең қызықты мәліметі деп Marco -ның топтық кезеңнің 2-ші турында Әйгерім Тоқсанбектен 3-0 есебімен, 5-ші турында Medium -нан 3-0 есебімен жеңілсе де болашаққа позитивпен қарап, финалда кек алуға дайындалып жатқанын айтар едім:)
Құрметпен, сіздің КЭП! %)
демек жалғасы бар