Вестерос діндері
Әже дінің жеке принциптеріңе сәйкес келмей, екі оттың ортасында қалатын кездерің болады ма? Мұсылман болып туылып, бірақ іштей христиан емеспін бе деген күмән жегідей жейді ме? Иудейше піштіріліп, мұсылманша намаз оқығың келіп кете ме? Атаң будда, әйелің саентолог па? Пәтер есігін қағып жүріп уағыз жүргізетін сектанттарды үйге кіргізіп шай беретін сирек жандардың бірісің бе? Кімге сенеріңді білмей, зайбалың шығып жүр ме? Олай болса…
Сен үшін! Иә-иә, дәл мына сен үшін жаңа діндер ұсынамын. Дайын дін жобаларының ішінен біреуін таңда дабизнесіңді сиынуды баста, нұрсиласс. Бүгін Джордж Мартиннің «Мұз бен От жыры» романдар циклында айтылған діндерге тоқталамыз.
Әке — әділеттіліктің, биліктің, заңның иесі. Білгірлер мен билеушілер сиынады.
Жауынгер — сарбаздардың, рыцарлардың, соғысқа қатысы бар басқа да адамдардың қорғаушысы.
Ұста — қолөнершілерді, шаруаларды, қол еңбегімен айналысатын басқа да адамдарды жебейді.
Ана — отбасының, некенің, ана мен баланың қорғаушысы.
Бикеш — жастықтың, пәктіктің иесі. Жас қыздар сиынады.
Қария — даналық пен білімнің иесі. Жасы жетіп, ақылы толысқан қарттар сиынады.
Беймәлім — өлім иесі.
Осылардың біреуіне өзіңнің статусыңа қарай сиына аласың, немесе бәріне бірдей де сиынуға болады. Идеалында Жетілік — патша билігінен де жоғары тұра алады. Қажет болса, қаратабан кедейді де, патшаны да соттай алады. Бірақ уақыт өте келе бұл діннің рухани маңызы ғана сақталып, соттау және үкім шығару құқығы алынып тасталған.
Пайда болуы да ерекше: әр түрлі ұлт пен діннің өкілі қиналғанда әркім өз құдайын шақырып, түрліше сиынбай ма? Соны байқаған ғұламалардың біреуі: "Құдай біреу, тек әркім әртүрлі атайды оны" деп, осыдан кейін Көпжүзді деген құдай пайда болған.
Көпжүзділер культы аса қатты таралмаған, Браавос қаласында ғана жалғыз храмы бар. Өзге діндер секілді ритуалдарға бас ауыртып жатпайды, храмға өлуге келген адамдардың мүрдесін жинаумен ғана айналысады.
Осы Көпжүздінің іліміне сүйенген орден бар. Олар бұл өмірде көп жамандық жасағандарды өлтірумен айналысады. Арнайы дайындықтан өткен кісі өлтірушілер жаңағы храмда өлген адамдардың бет-әлпетін маска ретінде пайдаланады, әрине сиқырдың күшімен. Сол себепті Көпжүздінің өкілдері түрлерін өзгерте алады.
Ассалаумұғалейкүмдері — «Валар моргулис» (Түбінде бәрі өледі), уағалейкүмассаламдары — «валар дохаэрис» (бәрі де қызмет етеді).
Сен үшін! Иә-иә, дәл мына сен үшін жаңа діндер ұсынамын. Дайын дін жобаларының ішінен біреуін таңда да
Жетілік
Вестерос континентінің негізгі діни культы. Уағызшылар құдірет иесін жеті кейіпкердің кейпімен түсіндіреді. Әр кейіпкердің өз саласы бар:Әке — әділеттіліктің, биліктің, заңның иесі. Білгірлер мен билеушілер сиынады.
Жауынгер — сарбаздардың, рыцарлардың, соғысқа қатысы бар басқа да адамдардың қорғаушысы.
Ұста — қолөнершілерді, шаруаларды, қол еңбегімен айналысатын басқа да адамдарды жебейді.
Ана — отбасының, некенің, ана мен баланың қорғаушысы.
Бикеш — жастықтың, пәктіктің иесі. Жас қыздар сиынады.
Қария — даналық пен білімнің иесі. Жасы жетіп, ақылы толысқан қарттар сиынады.
Беймәлім — өлім иесі.
Осылардың біреуіне өзіңнің статусыңа қарай сиына аласың, немесе бәріне бірдей де сиынуға болады. Идеалында Жетілік — патша билігінен де жоғары тұра алады. Қажет болса, қаратабан кедейді де, патшаны да соттай алады. Бірақ уақыт өте келе бұл діннің рухани маңызы ғана сақталып, соттау және үкім шығару құқығы алынып тасталған.
Бірінші адамдар сенімі
Жетіліктен бұрын пайда болған дін, бұны ескі құдайларға сиыну деп те атайды. Вестероста Солтүстік өңірдің адамдары сиынады. Жетілікке ергендер арнайы шіркеулерде мінәжат етсе, ескі құдайдың табынушылары мыңжылдық ағаштарға сиынады. Солтүстікте әр қамалда бір бәйтеректен болады. Сол ағаштардың діңіне талай ғасырлар бұрын адами бейнелер ойылып салынған. Осы бейнелер арқылы Құдайлар өз табынушыларын көріп-бақылап отырады екен. Кітаптағы сюжет барысында анықталғандай, бұл бәйтеректердің шынымен қасиетті күштері бар.Р'глор
немесе Жарық әміршісі, От пен Көлеңке құдайы. Агрессияға толы дін. Бұл дінге ергендердің бір фобиясы бар — суықпен, қараңғымен, көлеңкемен байланысты нәрселердің бәрін қырып-жояды. Сол секілді басқа дін өкілдерін де жек көреді, тіпті жау деп саналғандардың бәрін отқа тірілей қақтап тұрып, осындай көріністен ләззат алады. Осы дінді таратушылар ерекше қасиетке ие, тіпті өлген адамды тірілтіп алуы мүмкін. Бірақ кейбір теория бойынша — ешқандай да қасиеттері жоқ, жай оқ-дәрімен фокус жасап, адам көзін алдай алады. Өздерің байқағандай — тек отқа, жылуға табынады.Суға батқан Құдай
Темір аралдар деп аталатын Вестерос маңындағы архипелаг өкілдері табынады, сәйкесінше теңізбен тығыз байланысты. Бұл дінге кіргізу кезінде мынадай қызық ритуал бар: адамды теңізге батырып тұншықтырады. Оның жаны әбден кетіп, өле бастағанда жағаға шығарып алады да, жасанды демалтумен, жүрегіне массаж жасаумен кері қайтарып алады. Адам аман қалса дінге қабылданады, Суға батқан құдайдың шарапаты тиді деп есептеледі. Ұрандары да өздеріне сай: "Өлгенді өлтіру мүмкін емес".Көпжүзді
Бастауын жоғарыда атаған Жетіліктің құрамындағы Беймәлімнен алған деген болжам бар. Былайша айтқанда — Өлім құдайы.Пайда болуы да ерекше: әр түрлі ұлт пен діннің өкілі қиналғанда әркім өз құдайын шақырып, түрліше сиынбай ма? Соны байқаған ғұламалардың біреуі: "Құдай біреу, тек әркім әртүрлі атайды оны" деп, осыдан кейін Көпжүзді деген құдай пайда болған.
Көпжүзділер культы аса қатты таралмаған, Браавос қаласында ғана жалғыз храмы бар. Өзге діндер секілді ритуалдарға бас ауыртып жатпайды, храмға өлуге келген адамдардың мүрдесін жинаумен ғана айналысады.
Осы Көпжүздінің іліміне сүйенген орден бар. Олар бұл өмірде көп жамандық жасағандарды өлтірумен айналысады. Арнайы дайындықтан өткен кісі өлтірушілер жаңағы храмда өлген адамдардың бет-әлпетін маска ретінде пайдаланады, әрине сиқырдың күшімен. Сол себепті Көпжүздінің өкілдері түрлерін өзгерте алады.
Ассалаумұғалейкүмдері — «Валар моргулис» (Түбінде бәрі өледі), уағалейкүмассаламдары — «валар дохаэрис» (бәрі де қызмет етеді).
Құдырет иесінің 7 кейіпкердің кейіпімен түсіндірілетін жері христиан дініндегі құдайдың үштік кейіппен түсіндірілгеніне ұқсайды екен. Әр кейіпкердің өз саласының болғаны — индуизмдегі әрқайсысының өз саласы бар көп құдайларына ұқсаттым.
«Осылардың біреуіне өзіңнің статусыңа қарай сиына аласың, немесе бәріне бірдей де сиынуға болады» — Бұнысы да сол индуистердікіндей.
Бірінші адамдар сенімі. Кәдімгі язычниктер. Ағашқа табыну орман халықтарында болған — мысалы, славяндарда.
Р'глор. Басқа сенімдегілерге деген шыдамсыздықтары қазіргі ваххабизмге ұқсайды. Бірақ отқа, жылуға табынатындығы — отқа, жылуға, жарыққа ерекше мән беретін зороастризмге ұқсайды.
Суға батқан Құдай. Дінге кіргізу кезіндегі теңізге батыру амалы суға батырып шоқындыратын христиан дінін еске түсірді.