Сенбі күні кешкі алтыда "Шәй ішейік"

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

«Жетінші арна» көрермендерін қуантуға асығып, эфирге шәйлі кешін, яғни, «Шай ішейік» бағдарламасын ұсынды. Кеш иесі қалжыңбас һәм сөзуар жігіт Нұриддин Бидосовты көрермендер «7NEWS», «Аян. Дала аңыздары»,«Кешкі шай», «Кім білген» бағдарламаларын жүргізген кезінен бері жақсы таниды.

Бұл жолы Нұриддин өз отандастарын шоу-бизнес жұлдыздарымен арада болған берекелі әңгімелерімен қуантуды өзіне мақсат етіп қойған. «Шоу-бизнес жұлдыздары» деген сөз тіркесі сізге тосын естілмейтін шығар. Қазір баршамыздың құлағымыз бұған да үйреніп кеткен секілді.

«Шәй ішейік» жобасында сіз көп алдында жарқырап жүретін жұлдыздарды өзге қырынан, яғни бейресми, өзіміздің үйдегідей жағдайда көре аласыздар. Олар өздері туралы әдеттегіден де көбірек әңгімелеп, Нұриддинмен бірге өзінің шығармашылық амплуасын әжуалайды, емен-жарқын сырласады.

Шәй үстінде Нұриддин ешкімді жатырқамай, жұлдыздармен шынайы әңгімелесіп, кейде құйтырқы сұрақтар қойып, қонағын біраз састырып та алады. Шоу-бизнестің Досымжан Таңатаров, Айгүл Елшібаева, Маржан Арапбаева, Ерлан Малаев секілді мүйіздері қарағайдай серкелері жас баладай жалтақтап, қауқарсыз күй танытып қалатын кездері де болады.

Шоу шынайылығымен, табан астындағы тапқыр әзілімен ерекшеленеді. Жүргізуші де кісімсіп маңғазданбайды, өзін еркін ұстайды. Ол өзі табиғатынан әзілкеш жігіт болғасын ба, сол қасиеті көрініп тұрады. Оның ақжарқын көңілі мен сценарийсіз өз бетімен өрбіген бағдарлама көрген кісіні баурап алады.

Нұриддиннің өзі жаңа ампуласы туралы былай дейді: «Адамның ақылды екенін сірескен түрі көрсетпейді, керісінше, өз кемшілігіне, кейбір ұлтық ерекешелігіне күле білетін, өзінің осал тұсын көре білетін мәрттігі айшықтайды. Жұлдыз да жұмыр басты пенде.Олардың қарапайым жұртқа тән адами келбетін көру, оның сахнадағы жарқыраған бейнесін көргеннен бетер қызық. „

Сұхбаттың тақырыбын қалай таңдайсыңдар деген сұрағымызға Нұриддин айтады: “Оны өмірдің өзі таңдайды. Кейде әлгі адамның әлеуметтік желідегі парақшасына бір көз жүгіртіп-ақ оның кім екенін, онымен қалай әзілдесуге болатынын, нендей әуесі барын біле қоямыз. Біле білсеңіз, селфидің өзі біз туралы көп мәлімет береді. Кейбіреулер біздің жұлдыздарымызды шамшыл, тырнақ астынан кір іздейтін кінәмшіл деп жатады. Шын мәнінде олай емес. Өзіміз сияқты олар да дөрекі сөзге,әрине, ренжиді, ал енді дұрыс сөйлессең, таза пейіліңді түсініп, сұрағыңды оң қабылдайды.

— Демек сіз студияда жағымды жағдай тудыра алатын боп тұрсыз ғой?

— Енді олай деп айта алмайын. Оным мақтаншақтық болар. Бірақ әлге дейін ешкім маған ренжіп көрген емес. Маған келген қонақтар да мына жерін қиып тасташы деп ыңғайсызданған жоқ. Әйтепесе мұндай жәйт телевизияда жиі болып тұрады.

— Сіздің шоу өзгелерден тағы да несімен ерекшеленеді?

— Біз тек студияда ғана әңгімелеспейміз. Камерамен бірге оларды дүкен, подъезд, фитнес-клубтың душы секілді өздері күтпеген жерлерде тосып алып, білдірмей түсіреміз. Сосын әжуалап, біраз терлетіп те аламыз. Маған мысалы, жалған таксист жігітіміздің Асхат Тарғынды айдалаға апарып тастап кеткені қатты ұнады. Жасын Қанбаевтың үйіне жындыханадан қашып кеткен науқас боп барған кезіміз де қызық.

— Жұлдыздар байқамай қалды ма сонда?

— Байқаса байқаған да шығар, бірақ көрер көзге сондай күлкілі болды. Сондай-ақ, көшедегі кездейсоқ жандар жұлдыздарға сан қилы ыңғайлы да ыңғайсыз сұрақтар қойып күлдіреді. Қонағыма студияда нешетүрлі тапсырмалар берем. Қысқасы, көрген көрермен өкінбейді. Бәрін бірден айтсам қызық болмай қалады.

— Олай болса сіздің жобаңызды көруге біз де ынтықпыз. Өзіңіздің жаңа бейнеңізге ризасыз ба? Бұрын сіз жаңалық жүргізуші едіңіз.

— Мен үшін бұл шоу шығармашылық демалыс іспетті. Мен мұнда өзіммен өзім бола аламын. Меніңше, әзілі жоқ адамдарға өмір сүру қиын сияқты. Өмірге күле қараудан тартынбайық, сонда қиындыққа бой алдырмаймыз.

Сенбі күні сағат 18:00 де Жетінші арнаның кешкі шәйін ішіп, бір жасап қалайықшы. Нұриддин барда қам жемеңіз!

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік

Блог - asaubota: Сенбі күні кешкі алтыда Шәй ішейік
Бөлісу:

9 пікір

merekeee
Закадровый шапалақ пен күлкі дегендерді басқа елдер әлдеқашан алып тастаған, қашан күлу керек екенін диктовать ету — көреременді сыйламау.
Rozatai
Негізі, ваще көрмейтін едім. Жақында осы бағдарламаны көрудің сәті түсті. Дым ұнамады. Жұтаң сұхбат, болмашы нәрсені әңгіме ету, жасанды күлкі, айтары жоқ адамды қонаққа шақыру… :U Кадр сыртындағы өтірік күлкі прям бесит.
satibaldi
MERmukhanov
не ғо, бұ жерде мұндай комменттер жазу уәжіп емес екенін айтыңызсиш ))))
asaubota
КерекИнфо — маскасыз алаң. адамдар профессионал болса осы пікірлерді оқып, бір түйін шығарар еді. шығарсын, шығара алмаса сол күйі мұңайған боқ болып кете береді
Rozatai
дұрыс айтасыз! Бағдарламаларда деңгей болуы керек қой. Сондай «деңгейді» осы Нұриддин ағалар жасамағанда, Қанат Әлжаппаров жасай ма? Қай каналды қоссаң да, интеллект, әдеп дегеннен жұрдай әншілер — хит. Пфф, жер аудартып жіберсе бәрін :U
asaubota
ТВ қарамаймын. бақыттымын. бас ауыртпаймын. мына кісіні де танымаймын :)
Rozatai
мен де қарамаймын. он күн ем қабылдағанда, cанаторийдің қуықтай тар бөлмесінде тв қарап, кітап оқығаннан басқа амал қалмап еді.
Rozatai
неге жырқ-жырқ күлівотырсыз? *Demon*