Көңілдестерім. Тергеуші Әліби

Әлібимен таныстырған кездейсоқ оқиғалар болды. Үйіме ұры түсіп, өмірімде табалдырығын аттап көрмеген (жоқ, өтірік айтып отырмын, бірде супермаркеттің алдында ішімдік ішіп тұрғаным үшін ұсталып, барғанмын сол жерге) ішкі істер бөліміне барып арыздануыма тура келді. Тергеуші Әлібимен солай танысқанмын. Басында тек жұмыс туралы сөйлесіп жүрдік. Телефон нөмір алмастық. Мазасыз мінезіме сабырлы жауап беріп, әр қоңырауымды жауапсыз қалдырмауға тырысатын оған қарап полицейлердің бәрі бірдей нашар емес екен деген ой түйгенмін. Жұмыс күнінен соң аздап сыралатып отырып, белгісіз жағдайда (не үшін екенін өзім де білмеймін) Әлібиге телефон соқтым. Екі қоңыраудан соң телефонын көтеріп, алдағы уақытта жақсы жаңалық болып қалатынын айтты. Бірақ ол жаңалықтан маған ешқандай келіп кетер пайда жоқ екенін де ескертті, әрине, ұры дегеніңіз — жарымай жүрген жалаңаяқ біреу, ұсталған күннің өзінде сотталудан басқа ешқандай амалы жоқ. Дауысымнан, сөйлеген сөздерімнен аздап қызып отырғанымды байқағаны болар:
— Жақсы демалыс тілеймін,-деді күліп. Әңгімені аяқтатпадым, соза түстім. Әйтеуір, бір қарасам, көк түтін будақтаған кальян-бардың ішінде отырмын.Блог - Juka: Көңілдестерім. Тергеуші ӘлібиҚасымда Әліби, сосын тағы екі жігіт бар. Барынша салмақты әңгімелер кетіп жатыр. Көзі жайнап күлімдеген Әліби белімнен құшақтап отыр, өзіне қарай ақырындап тартып қояды, құлағыма бірнәрселерді айтқандай болып, мойынымнан білдіртпей иіскеп алады. Жаныма жағып бара жатқанын мойындаймын. Қылымсып, кеудесінен кері итеріп тастап, ұнатып тұрған нәрсемді сездірмейтіндей жастан кеткенмін. Бәрін қалыпты жағдайдай қабылдап сабырлы күйде отыра бердім.
Қонақүйге келдік. Сақтық шаралары ретінде мойынымдағы шарфымды бетіме көлегейлеп кіріп келе жатсам, Әліби күлді:
— Несіне қорқасың? Қонақүй өзіміздікі,-деп.
— Алмуша, виски әкеле қойшы, — деп даяшыларды өзімсіне сөйлегендерінен-ақ бөтен адам емес екені білініп-ақ тұр. Ұзақ әңгіме айттық. Төсек туралы ой қылаң бергенімен, жағасына жармасып кетуге батылым жете қоймады. Домаланып, шырайланып тұрған қозы қарынын сипап қойып ол да асығар түр танытпады. Екі рет орынымнан тұрып, әжетханаға барып келдім. Шешініп тастап, алдымда мәйкішең тұратын шығар деген үмтімі зая кете берді. Ұзақ ойланып, диванда әлі отыр. Ұйқым келді деп үш рет есінеп те алдым. Жалықтыратындай жауыр әңгімелер де емес айтылып жатырған. Тыңдаған ұнайды, ал, бірақ оны төсекте көргенім одан да қызығырақ болатын секілді. Иығына басымды қойдым. Шашымды салалай отырып саусақтарымен тарады да, мойыныма массаж жасады. Көзімді жұмып, ұнатқан сыңай таныттым. Мойынымдағы қолын көйлегімнің ішіне қарай апарып, арқамдағы омыртқалардың бастарын сипай бастады. Маған да керегі сол, оны шешіндіріп алдым. Төсектегі әйелдің тым белсенді болғанын ұнатпайды екен. Өзім шешіндіре бастағаннан-ақ қолымды білдірмей ысырып тастап, енді өзі шешіне бастады. Үстіне төніп келіп, кеудесінен сүйіп жатыр едім, аударып тастады мені. «Ал, жақсы, мейлі өзің біл енді...» дегендей шалқайып мен де жатып алдым. Ешқандай әсірелеусіз, боямасыз, жай ғана қарапайым қатынас болды. Иіссуының иісі әдемі екен, ой, жағымды екен дегенім ғой. Бәрі де жақсы болды…
Мені жазбай кеткенге «Мынаны ешкім керек қылмай қалды екен, қартайған екен Жука» демеңдер. Оның бәрін жазып, сендерге дәл сол күйінде жеткізу үшін, ыстығын басып алмай түсіндіріп беру үшін уақытым жеткіліксіз, оқырмандарым.

Бөлісу:

5 пікір

asaubota
тез бітіріп тастадың ғо. шамалы созбадың ба тағы?
satibaldi
Жұмыс күнінен соң аздап сыралатып отырып, белгісіз жағдайда (не үшін екенін өзім де білмеймін) Алібиге етелфон соқтым.
Етекфон деп оқыппын
Dzhonsaken
Әлжуаз әшкәриктер кездескен болса, солардан бір нәфәс тартып жіберсең зор болар еді…